Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету
Жалпы білім беретін Ю. Гагарин атындағы орта мектеп
мемлекеттік мекемесі
Мектепалды даярлық сыныбына
арналған логика негіздері
вариативтік оқу іс-әрекетінің
бағдарламасы
Зинеден, 2016
Мазмұны:
1. Түсініктеме
2. Логика негіздері бағдарламасын меңгерудегі мақсаты мен міндеттері
3. Балалардың білім-білік дағдыларына қойылатын талаптар
4. Логика негіздері - МАД сыныбы ( күнтізбелік жоспары)
5. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары
6. Пайдаланылған әдебиеттер.
Түсініктеме
Жаңа бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушылардың математика пәнін жете меңгеріп, ойлау қабілетін, зейіні мен есте сақтауын дамытуға зор ықпал етеді.
Бағдарлама белгілі бір оқу жылына сәйкестендірілген және тақырыптар бойынша жүйеленген.
Бағдарламада таным белсенділігін дамытуға бағытталған стандартты емес жаттығулар келтірілген.
Бағдарламалық материал балалардың өз білімін тереңдетуге әсер етеді, балалардың логикалық ойлау қабілетінің мейлінше дами түсуіне мүмкіндік береді.
Базистік оқу жоспарына сәйкес аптасына 1 сағат, жалпы-32 сағат (жыл бойы) бөлінген.
Алғы сөз
Қазақстан Республикасының қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың <<Білім туралы>> Заңында <<Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту>> сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.
Сол себепте қазіргі таңдағы негізгі талаптардың бірі - білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі жас - естің қарқынды даму жасы. Ес - бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау - тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі - танымдық белсенділігі. Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау - 5-6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады. Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады.
Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.
Ойын арқылы балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.
Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз - қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз.
Балалар мектеп табалдырығын аттайтын кезеңге қарай жиын мен сан, пішін мен шама туралы өзара байланысы бар түсініктерді меңгеруі, кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы тиіс. (Мектеп жағдайында 5 (6) жастағы балаларды мектепке дейін даярлау бағдарламасы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясындағы республикалық баспа кабинеті, Астана-Алматы, 2005.)
Тәжірибе көрсеткендей, бірінші сынып балалары, әдетте, абстрактілік түсініктерді меңгеру, нақты заттармен, олардың бейнелерімен келтірілетін амалдардан сандар және басқа абстрактілі түсініктермен берілетін амалдарға өту кезінде қиындықтарға кезігеді.Бұл кезде баланың саналы түрде ойлау қабілеті дамыған болуы тиісті. Сондықтан мектепалды дайындық сыныбында балалар <<тең>>, <<артық>>, <<кем>>, <<бүтін және жарты>> арасындағы байланыстылық, шама арасындағы байланыстылық, шама өлшемі және т.б кейбір математикалық байланыстардан, қатынастар хабардар болуы тиісті. Балалар мәселен жиын элементтері арасында сәйкестік қалыптастыру арқылы (жиын элементтерін практикалық салыстыру шама қатынасын анықтау үшін беттестіру, біріктіру тәсілдерін пайдалану) түрлі математикалық байланыстыру, қатынастар қалыптастыру амалдарын меңгереді. Олар сандық қатынас орнатудың ең тура амалы заттарды санау мен шамаларды өлшеу болып табылатынын түсіне бастайды. Санау мен өлшеу дағдылары беки түседі.
Математикалық байланыстар мен байланыстылық туралы түсінік қалыптастыру, тиісті амалдарды меңгеру даярлық тобындағы балалардың көрнекті-бейнелі ойлауын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді және олардың жалпы ойлау қызметін дамыту үшін алғышарттар құрады. Балалар көзбен көріп, іштей есептеуге үйренеді, олардың көз мөлшер, пішінді шамалау жылдамдығы арта түседі.
Бұл жас мөлшерінде ойлау қабілетін ойлау қабілетін, ойлау дербестігін дамыту, талдау, салыстыру, қорыту секілді ойлау әрекеттерін дамытудың да маңызы зор.
Балалардың бойына математикалық білімге деген тұрақты қызығушылықты, оны пайдалана білу және білімді өздігінен меңгеруге деген талпынушылықты сіңіру керек.
Мектепке дейінгі даярлық тобына арналған логика негіздері бағдарламасында балалардың алдыңғы топтарда және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні бойынша алған білімдерін жалпылау, жүйелеу, кеңейту және тереңдету қаралған.
Бұл бағдарлама бойынша логика оқу іс-әрекеті жыл бойына вариативті компонентке берілген 4 сағаттың 1 сағатына 32 сағаттық (жылдық апта саны) мөлшерге есептеліп жүргізіледі.
Жоспар құруда Мектеп жағдайында 5 (6) жастағы балаларды мектепке дейін даярлау бағдарламасы, Г. И. Долженконың "Қызғылықты математика" кітабы басшылыққа алынды.
Мақсаты:
Балаларды логикалық тапсырмалар арқылы қисынды ойлауға дағдыландыру, балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту, қиялдарын ұштау, тапқырлыққа жетелеу, ойлай отырып есептеу тәсілдерін меңгерту;
Тапсырмаларды жеке және топпен орындауға, жауаптарының себебін анықтап дәлелдей білуге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету;
Сандар мен таңбаларды қатыстырып өрнектер құрастыра білу дағдыларын жетілдіру, есеп құрастырып шешімін табуды практикалық тұрғыда меңгерту;
Балалардың табиғи мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын жетілдіру.
Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:
1.Балалардың зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту;
2. Балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету;
3. Логикалық тапсырмалар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;
4. Танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
Осы оқу курсының мазмұнын меңгерген баладан күтілетін нәтиже:
Кез келген топпен еркін жұмыс жасай білуге үйренеді
Өз беттерімен шешім қабылдай алатын болады
Суреттер мен сызбаларды пайдаланып есептер құрастыра алады
Ойлау қабілеті арқылы зейіні тұрақталды
Белсенділік, тапқырлық, ұжымдық дағдылары қалыптасты
Балалар ойларын жүйелеуге, ашық айтуға әрекеттенеді
Есеп құрастырып, шешімін табуға дағдыланады
Баланың білім дағдысына қойылатын талаптар:
- берілген тапсырмаларды түсініп, өз бетінше орындауға дағдылану;
- суреттер бойынша есептер құрастыруға жаттықтыру;
- сызбалар, сандар бойынша өрнек құрастыру;
- ойлау, салыстыру, талдау, қорыту, дәлелдеу әрекеттеріне үйрету;
- математикалық есептер мен санамақ, жұмбақтарды жатқа айту және шешуін табу;
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып арттыруға болады. Олар мынадай:
1. Бір сөзбен ата>>
2. <<Не артық?>>
3. <<Суреттерді есте сақта>>
4. <<Қисынсыздықтар>>
5. <<Суретте қандай заттар жасырылған>>
6. <<Айырмашылықтарын тап>>
7. << Мына суреттерде не жетіспейді?>>
8. Математикалық жұмбақтар.
9. Пішінді орналастыр>>
Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді.
Аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады. Өзімнің тәжірибемде балалардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным қабілеттерін жетілдіріп, тапқырлыққа баулу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді сабағыма қолданамын,
Қорыта келгенде, мектеп жасына дейінгі балалар оқу үрдісінде <<логикалық ойын>> түрлерін пайдалану, біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Осындай логикалық тапсырмалар баланы жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Техникалық құралдар-көрнекіліктің техникалық прогресс дәуірі туғызған жаңа түрлері. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану арқылы оқу іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруға болады. Көрнекіліктерді пайдаланудың дұрыс болуы мұғалімдердің іскерлігіне, ізденістілігіне, шығармашылық пен жұмыс атқара білуіне байланысты.
Мен өзім білім беріп, тәрбиелеп отырған МАД сыныбына вариативті компонент есебінен алынып отырған аптасына 1 рет жүргізілетін логика негіздері бағдарламасы мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталарын ұсынамын.
Логика негіздері (аптасына 1 сағат: вариативтік компонент)
Жылдық сағат саны 32 сағат
Р/с
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің тақырыбы
Мақсаты
Сағат саны
Күні
1
Заттардың қасиеті
Заттардың жеке қасиеттерін анықтау. Неден жасалғаны, түсі, пішіні, көлемі туралы түсінік беру.
1
2
Заттар тобын салыстыру
Заттарды жеке қасиеттері бойынша салыстыру. Ортақ қасиеттерін таба отырып, топтастыруға үйрету. Үлкен-кіші, биік-аласа, кең-тар, ұзын-қысқа, көп-аз т.б. ұғымдарды меңгерту.
1
3
Кеңістікті болжау.
Заттардың орналасқан орындары бойынша табуға үйрету. Жоғары-төмен, астында-үстінде, алдында-артында т.б.ұғымдарымен таныстыру.
1
4
Не қайда орналасқан?
Заттарды орындары бойынша салыстыра отырып, табуға үйрету. Оң жақта-сол жақта, дейін-кейін ұғымдарымен таныстыру.
1
5
Геометриялық фигуралармен танысу
Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндерімен таныстыру.
1
6
Геометриялық фигуралардың қасиеттері
Геометриялық фигуралардың өзіндік ерекшеліктерімен таныстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу.
1
7
Уақыт арқылы бағдарлау
Тәулік мезгілдерімен таныстыру. Бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, арғы күні ұғымдарымен таныстыру.
1
8
>, < ,= артық, кем, тең таңбалары
Заттарды санау және санау арқылы салыстыруға үйрету. Көп-аз, артық-кем, тең ұғымдарымен таныстыру.
1
9
1 санымен таныстыру
Көп ішінен салыстыра отырып ерекше бір затты бөліп алу. "Бір" санымен, оның цифрымен таныстыру.
1
10
2 санымен таныстыру
2 санының пайда болуы және оның цифрымен таныстыру.
1
11
<<+>> қосу таңбасы
"+" таңбасымен таныстыру. Заттарды қосқанда олардың саны артатынын түсіндіру.
1
12
<<->> -алу таңбасы
"-" азайту таңбасымен таныстыру. Заттардың белгілі бір санын алғанда олардың саны азаятынын ұғады.
1
13
3 санымен таныстыру. 3-тің сандық құрамы
3 санының пайда болуын түсіндіру. Оның цифрымен және сандық құрамымен таныстыру.
1
14
4 санымен таныстыру. 4-тің сандық құрамы.
4 санының пайда болуын түсіндіру. Оның цифрымен және сандық құрамымен таныстыру.
1
15
5 санымен таныстыру. 5-тің сандық құрамы
5 санының пайда болуын түсіндіру. Оның цифрымен және сандық құрамымен таныстыру.
1
16
<<0>> санымен таныстыру.
0 санымен таныстыру. Нөлдің "бос", "жоқ" ұғымын білдіретінін түсіндіру.
1
17
Есеп құрастырып, шешімін табу
Өтілген сандарды қолданып есептер құрастыру және шығару. Өрнектің мәнін табуға үйрету.
1
18
6 санымен таныстыру, 6-ның сандық құрамы
6 санының пайда болуын түсіндіру. Оның цифрымен және сандық құрамымен таныстыру.
1
19
Геометриялық денелер. Симметрия
Текше, цилиндр, шар - геометриялық денелерімен, "симметрия" ұғымымен таныстыру. Мысалдар келтіре отырып, тапсырмаларды орындау.
1
20
7 санымен таныстыру. 7-нің сандық құрамы
7 санының пайда болуын түсіндіру. Оның цифрымен және сандық құрамымен таныстыру.
1
21
8 санымен таныстыру. 8-дің сандық құрамы
8 санының пайда болуын түсіндіру. Оның цифрымен және сандық құрамымен таныстыру.
1
22
9 санымен таныстыру.
9-дың сандық құрамы.
9 санының пайда болуын түсіндіру. Оның цифрымен және сандық құрамымен таныстыру.
1
23
10 санымен таныстыру.10-ның сандық құрамы
10 санының пайда болуын түсіндіру. Оның цифрымен және сандық құрамымен таныстыру. Екі таңбалы сан туралы түсінік беру.
1
24
Ұзындықты өлшеу
Ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру. Ұзындықтың өлшемдері жайлы түсінік беру.
1
25
Ауыр - жеңіл.
Заттарды салмағы бойынша салыстыру, салмақ өлшемдерімен, масса ұғымымен, таразымен таныстыру.
1
26
Сұйық және сусымалы заттар
Көлем өлшемімен таныстыру. Сұйық және сусымалы заттарды өлшеуге үйрету.
1
27
Бүтін және бөлік
Бүтінді тең екі немесе төрт бөлікке бөлуді үйренеді. Жарты, ширек ұғымдарымен танысады.
1
28
Екінші сандық қатардағы сандармен таныстыру
20-ға дейінгі сан қатарымен таныстыру. Олардың таңбаларын жазуды меңгерту.
1
29
Ақшалар
Теңге туралы түсінік беру. Баға және құн ұғымдарын біледі.
1
30
Есеп құрастырып, шешуін табу.

31
Математикалық есептер мен тақпақтар
Математикалық жұмбақ есептер, санамақтар арқылы есептеуге үйрету. Есептеу қабілетін жетілдіру.
1
32
"Жүзден жүйрік" қорытынды оқу іс-әрекеті
Жыл бойы алған білімдерін қорыту. Шапшаңдық пен тапқырлыққ арналған ойын түрлері.
1
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. [Сиқырлы пішіндер мен сандар 2003 ж]
2. [Балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының негізгі мазмұнын игеру және меңгеру сапасын бағалау және өлшеу әдістемесі 2011 ж]
3. [Мектепке дейінгі балалардың ойлауын дамытушы технологиялар әдістемелік құрал 2014 ж]
4. [<<Балаңыз мектепке дайын ба?>>,<<Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен>>, <<12 жылдық білім беру бағдарламасы әдістемелерінін>> тест тапсырмалар мен жаттығулар]
5. [Қызғылықты математика. Аруна, 2008]

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz