Атыс бөлімшесін басқару

Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ұрыстағы ату, атыс жүйесі туралы түсінік беру.
  2. Оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгеру, сабаққа белсенділігін арттыру.
  3. Елін сүюге баулу, адамға деген құрмет сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілік: үлестірме қима қағаздар, плакат, оқулық.

Сабақ әдісі: түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Бөлімше бастығының баяндауын қабылдау, амандасу.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Үлестірме қима қағаздар арқылы білімдерін тексеру

ІІІ. Жаңа тақырып.

Қарудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі шарасы болып табылады. ату арқылы шабуылды дайындайды және шабуылдаушы бөлімшелерді алып жүреді, ал қорғаныс кезінде атыс қорғаныстың беріктігі мен жеңілмейтіндігінің негізгі болып табылады.

Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату( ЖҰМ, БТР, пулемет, гранататқыш) немесе шоғырланған атыс арқылы жоя алады. Шоғырланған атыс - бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің учаскесіндегі нысаналарын тобын алу.

Атыс бағытына байланысты ату жаппай, қапталдан және айқастыра ату болуы мүмкін. Жаппай ату нысананың мандай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшолондаған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде барынша тиімді.

Қапталдан ату нысанын қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластын шабуылдаушы жаяу әскеріне пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.

Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады. Бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс бойлата ату деп аталады.

Бөлімшенің атыс құралдарын командир жоспарымен ұрыста жергілікті жердіңсипаты мен мүмкіншілігі, қызметі ескеріле отырып пайдаланады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды.

Атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде ұйымдастыру кезінде бөлімшеге(бөлім взводқа) атыс жолағы, атқылаудың(оңға және солға) қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс учаскесі тағайындалады.

Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындауымен, оқ дәрәнің болуымен анықталады. Атысты басқаруды ыңғайлы ету үшін (мысалы, қорғаныста) бөлімше командирі өз бөлімшесің атыс карточкасын жасайды.

Қазіргі заманғы ұрыстағы бөлімшелердің(күштер мен құралдардың) атыс маневрін кең қолданусыз көзге елестету мүмкін емес. Өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға (нысана тобына) шоғырландыру, атысты бір мезгілде жою үшін ауыстыру мұның барлығы атыс маневрін жасау болып табылады.

Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық денгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне атысты ауыстыра отырып жоюы қажет.

Бөлімшелер (күштер мен құралдар) маневрі қарсыластың барынша әлсізтұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай-ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.

Шабуылда және бетпе - бет ұрыста бөлімшелер қамту және айналып өту түрінде маневр жасай алады.

Қамту - қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимылы арқылы үлкен емес терңдікте жасалады.

Айналып өту - қарсыластың қапталы мен тылына барынша терең маневр жасау. Ұрыстағы бастамашылдық пен кенеттілік.

Ұрыс қимылдарын жүргізу тәжірибесі ұрыстағы шешуші кезеңде батыл, қорықпайтын өз ерік - жігерін қарсыласқа күштеп таңатын, өзінің тапқырлығын және ойлы бастамашылдығын кең көрсете алатын әскер ғана жеңіске жететінін көрсетті. Кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түде енгізу біліктілігі бастамашылдықтың көрінісі болып табылады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамашылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу - әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады. Әрбір жауынгер үшін бастамашылдық - ұрыста және бейбіт өмірдегі жаттығу күндерінде өзін-өзі ұстау, мінез-құлық нормасы, ұрыста жеңіске жетуге жағдай жасайтын маңызды шаттардың бірі - кенеттілік.

Кенеттілік - қарсылас үшін күтпеген қимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып, дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсылық көрсету қабілетінен айырады. Кенеттілікте қол жеткізу үшін күтпеген жерден атыс жүргізіп, ұрыста жасырын, тез әрі шешуші қимылдар жасау керек және әскери құпияны сақтап, бүркеніш шараларын орындау қажет. Кенеттілікте бастамашылдықпен және батылдықпен үйлестіре білген жақ қана барынша тиімділікке жетеді.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту:

  1. Атыс жүйесі дегеніміз не?
  2. Атыс жүйесі бөлімшеде қалай ұйымдастырылатынын айтып беріңдер.
  3. Атыспен маневр жасау дегеніміз не?
  4. Бөлімшелер қандай мақсатта маневр жасайды?
  5. Шабуылда және қарама - қарсы ұрыста қандай маневр түрлері жүзеге асырылады?
  6. Ұрыста бастамашылдық не үшін қажет?

V. Үйге тапсырма беру.

Сабақты қорытындылап, аяқтау.

Қосымша сұрақтарға жауап беру немесе түсінбеген жерлеріне анықтама беру. Бағалау. Сапқа тұрғызып, қоштасу.

Әскери топографиялық карта

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. Топографиялық карта деген не?

2. 1. Карта масштабы.

2. 2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде топографиялық карталардың қандай масштабтары пайданалады?

2. 3. 1:25000 - 1000 000 масштабтағы топографиялық карталар не мақсатта қоланылады?

2. 4. Топографиялық картаның масштабына байланысты жергілікті жерді толықтай бейнелеуде карталарда қандай ерекшеліктер болады?

III. Қорытынды

Кіріспе

Карта - бұл жер бетінің белгілі бір шарттар бойынша жазықтықта кішірейтіліп бейнеленуі. Халық шаруашылығы мен әскери істің қажеті үшін түрлі карталардың түр - түрі дайындалады. Карталарды масштабы, әлеуметтік мазмұны, қолданылуы бойынша жіктеп, топтастырады. Топографиялық картаның географиялық картадан негізгі айырмашылығы оның масштабында. Әскери істе карталар кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы мәліметтің қайнар көгі, әскерлердің ұрысқимылдарын қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады. Ол мотоатқыштар, артиллерия әскерлері, ракета әскерлері, танк әскерлері, ұшқыштар және басқа мамандарға аса қажет. Картамен бейтаныс жерлерде бағдарлау жасалынады, ұрыс қимылдарын жүргізуге шешім қабылданады. Топографиялық карталар жергілікті жер бейнелеуін дәл және толықтай бере алады. Олар жергілікті заттардың өзара орналасуын, олардың пішінін, өлшемін, биіктік жағдайын және сапалық сипаттамаларын көрнекті түрде бере алады. Топографиялық картада жергілікті жер шартты белгілерімен белгіленеді. Топографиялық картаның шартты белгілері - бұл графикалық, әріптік және сандық белгілеудің жүйесі. Олардың көмегімен картада жергілікті жер нысандарының орналасқан орны көрсетіледі және олардың сапалық және сандық сипаттамалары беріледі.

Бір затты бейнелейтін шартты белгілер түрі масштабтағы карталарды өз сызбасы бойынша бірдей болады және тек мөлшерімен ғана өзгешелінеді.

Карта жасау кезінде жергілікті жер элементтерінің бәрін көрсету мүмкін болмағандықтан, кейбір екінші кезектегі, аса маңызды емес жергілікті жер элементтері мүлде көрсетілмейді, ал басқалары жалпылай белгіленеді.

Шартты белгілер - аталған карта әліппесі. Бұл әліппені білмей, картаны оқуға үйрену, демек ол бойынша жергілікті жерді зерделеу мүмкін емес.

Картаны оқи білу - барлық шартты көрсеткіштердің картадағы мәні мен мазмұнын жақсы түсіну. Көрнекті түрде айқындау, оқуды жеңілдету және картаның мазмұны байыту үшін жергілікті заттар мен бедерлер картада қандай да бір дәрежеде олардың табиғи түске салатындай етіп түрлі бояулармен болады. Мысалы: жасыл - орман, бұталар, бақшалар, саябақтар; көк - теңіз, өзен, көлдер және гидрографияның басқа нысандары; қара - жекеленген жергілікті заттардың шартты белгілері, сандық сипаттамалар мен жазулар; сары - жақсартылған топырақты жолдар төсемі, осылар сияқты шартты белгілермен картаны оңай оқуға болады.

Картада кейбір грунттар (тасты, аңғарлы, құмды) сортаңдар, батпақтар сондай - ақ мемлекеттік, көрші мемлекеттердің және автономды республикалардың, өлкелердің мен облыстардың шекарасы бейнеленеді. Картада жергілікті жер кішірейтілген түрде көрсетіледі. Картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтың ұзындығына қатынасы - карта масштабы деп аталады. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр түрлі болуына орай, масштабтары әр түрлі карталар қажет болады. Масштабы он мыңдықтан миллионға дейінгі. Қабылданған масштабтың қатар ел қорғанысы мен халық шаруашылығын, бір масштабтан келесі масштабқа жеңіл ауысуды қамтамасыз етеді. Масштабты шартты белгілер аталған карта масштабында көлемі мен пішіні салынуы мүмкін жергілікті заттарды бейнелеу үшін қызмет етеді. Масшабты шартты белгілер контурлы және сызықтық болып екіге бөлінеді. Картада шартты белгілермен бірге толық, қысқартылған жазулар, сондай - ақ графикалық бейнелеуге болмайтын нысандардың сандық сипаттамалары, елді мекендер, өзендер, көлдер, таулар, сайлар, және т. б. нысандар жеке атауларының жазулары да беріледі.

Жергілікті жердің картографиялық бейнелеу мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масшабына байланысты. Картада бейнеленген аумақтың кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғұрлым ұсақ деп атайды.

Картаның әрі қарай дами беруі үшін картографиялық мұраларды зерттеу қажет. Картография тарихын зерттеуде көптеген карта түрлерін білініп, тиімді пайдалана білу қажет.

Жалпы әскери қорғаныш толымы

Мақсаттары:

Білімділік: оқушылардың жалпы әскери қорғаныш толымы жайлы нұсқау бере отырып, пайдалану туралы әдіс тәсілдерін үйрету;

Дамутышылық оқушыларға әскери қызметшінің тері қабатын, тыныс алу жолдарын қорғау жайлы мағлұмат бере отырып ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: әскери борышын өтеуге негіз қалау, патриоттық сезім қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Өткізілетін жері: әскери дәрісхана

Сабақтың әдісі: көрсетіп, айтып, баяндау.

Көрнекіліктер: АҚ стендісі, АӘД оқулығы, АӘД журналы, жалпы әскери қорғаныш толымы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

- отыздық командирі сапқа тұрғызады;

- рапорт қабылдау, сәлемдесу;

- түгендеу, сырт келбетін тексеру;

- орындағы бұрылыстар (3-4 рет)

- әскери дәрісханаға кіргізу.

2. Үй жұмысын тексеру 5-6минут.

1. Қорғаудың медициналық құралдары?

2. Жеке қорғану құралдарын пайдалану?

3. Тұмылдырықтар, шаңға қарсы шүберек маскалар, мақта дәке таңғыштар?

3. Негізгі бөлім. 20-25 минут

Жаңа сабақтын тақырыбын, мақсатын хабарлау

Оқу сұрақтары:

  1. «Жорықтар», «Дайын», «Ұрыстық» жағдайларымен таныстыру?
  2. Қорғаныш плащ жеңімен киілген кезді және шешу ретімен танытыру?
  3. Жалпы әскери қорғаныш толымен комбинезон түрінде кию және шешу ретімен таныстыру?
  1. Оқу сұрағы: «Жорықтық» жағдайда жеке құрам жаяу ретте немесе жеңілдендірілген жабдықпен (киім кешек қапсыз және шенелсіз) ашық машиналарда қимылдау кезінде қорғаныш плащты жабдық үстіне қапшыққа салып арқада тасымалдайды. Толық жорықтық жабдық кезінде қорғаныш плащ зат қабында сақталынады. Арнайы қапшыққа салынған қорғаныш шұлығы мен қорғаныш қолғабы белдікте оң жақ бүйірде болады. Танк және басқа жабық машиналарда қимылдау және әрекет жасау кезінде қорғаныш плащы скаткада (қапшықта) қорғаныш шұлығы мен қолғап бірге бүктеліп, арнайы қапшыққа салынып, әрбір әскери қызметшімен өзінің жанына, орындық астына немесе командир көрсеткен басқа жерге қойылады.

«Дайын» жағдайда қапшықтар жоқ кезінде плащты жазылған түрде арқада тасуға болады.

«Ұрыстық» жағдайда жалпы әскери қоғаныш толымы плащын жеңге киілген жамылғы ретінде немесе комбинезон ретінде пайдалануға болады.

2 - Оқу сұрағы: Комбинезон ретінде қорғаныш плащ зақымданбаған жерлерде тиімді. Киютәсілдері:

- қаруды жерге қою немесе бір затқа сүйеу;

- газтұмылдырықпен сөмкені, жабдықпен баскиімді шешіп жерге қою;

- кителді шалбарға жинау;

- қорғаныш шұлығын кию;

- қапшықты ашуға арналған жіпті тарту;

- плащты жеңге кигізу;

- қапшықты жартылай сақинадан жіптің ұштарын босатып, плащ артыныңетегімен олардыжартылай сақинаға еңгізіп бекіту;

- айылбасқа ұстағышты ортадағы айылбасқа плащтың алдымен оң, содан кейінсол етегімен қадап бекіткішпен бекіту;

- айылбасқа плащ етектерін сол жақ етегі сол жақ аяқты, ал оң жақ етегі оң жақ аяқты жабатындай етіп қадау, орталық айылбастан төмен орналасқан екі айылбасқа ұстағыштарын бекіткіштермен бекіту;

- плащтың бүйірлі белдікшелерін алдын ала тізе астымен аяқтарын айналдырып айылбасқа қадау;

- екі үстіңгі ұстағыштарды қалдырып, плащ өңірін қадау;

- плащ үстінен жабдықпен газтұмылдырық кигізу;

- газтұмылдырықты «Ұрыстық» жағдайға келтіру;

- шлемніңішінен киетін бас киімді (қыста ауа райының төмен температурасы кезінде) және бас киімді (касканы), ал содан кейін күләпараны кию;

- плащтың қалған ұстағыштары мен күләпара белдікшелерін қадау;

- қолғап кию, қаруды алу керек;

Газтұмылдырықты кию уақыты 10 секундтан аспау керек, ал тұмылдырықты 14 секунд, ашық жерде жеңге қорғаныш плащты және газтұмылдырықты 4 минуи, бүркемелер немесе машиналарда 6 минут, ал комбинезонды 6-12 минутта киіп үлгеру керек.

2-Оқу сұрағы: Жалпы әскери қорғаныш толымды шешу тәсілдері комбинезон ретінде пайдалану кезі:

- жабдықты шешу;

- бекіткіштерді шешіп, плащ етегі мен қорғаныш шұлығы белдікшелерін ағыту;

-бүйірлі белдікшелерін шешу;

- плащтың өңірін шешу;

- күләпараны шешу және оны арқағаасыру;

-жеңнің белдікшелерін шешу;

- қолды жеңнен шығарып алып, бір уақытта қолғапты шешу;

- плащ жіптерін шешу;

- плащты артқа қарай сыртқы жағымен төмен түсіру;

- қорғаныш шұлық тоқыма бауларын бел белдігімен шешіп, қорғаныш шұлығымен шешу;

- желдетілген жаққа барып, газтұмылдырықты шешу;

Анықтама: жамылғы ретінде қорғаныш плащты қарсылас кенеттен улағыш заттар мен биологиялық құралдарды қолдану кезінде пайдаланады.

Қорғаныш құралдарды шешу радияциялық және химиялық барлау аспаптарының көрсеткіштері бойынша әскери қызметшілердің зақымдану қаупі белгіленбеген кезде бөлімше командирінің бұйрығымен орындалады. Жеке қорғану құралдарын ұзақ уақыт киіп жүру адам организмін шаршатады, сондықтан киіп жүру уақыты шектелген және әскери қызметшілердің жақсы машақтанған, оның спортпен шұғылдануымен және ауа райы жағдайымен айқындалады.

Әскери қызметшілердің теріні қорғаудың герметикалық құралдарына болуының рұқсат етілген шектеулі уақыты күн сәулесінің астында және әлсіз желді күні мынадай болуы тиіс:

30 температурада және одан жоғары 15-20минут;

25 градустан 29 градусқа дейін - 30 минут

20 градустан 24 градусқа дейін - 40-45 минут

15 градустан 19 градусқа дейін - 1, 5-2сағат

15 градустан төменгі температурада - 3 сағаттан артық емес;

IV. Сабақты қорытындылау - 6-7минут

V. Бағалау. 3 минут

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап өту.

VI. Үйге тапсырма беру 1-2минут. VII-тарау.

Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру.

10 сынып

Мақсаттары:

Білімділік қарауылдық қызметтің міндеттері мен тағайындалу жайлы түсінік беру. Сақшының анықтамасы және міндеттері жайлы түсінік беріп өту. ҚР ҚК Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысының ережелерімен таныстыру;

Дамытушылық: қарауылдық қызметтерінің арналуы, тағайындалу жайлы түсінік бере отырып, ой - өрісін дамыту;

Тәрбиелік: тез арада шешім қабылдай алуға, жауапкершілікке, Отан алдындағы борышын өтеуге даяр ету, ҚР ҚК ГжҚҚЖ талаптарына сай тәрбиелеу.

Өткізілетін жері: әскери дәрісхана, тәуліктік кезекшінің орны.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: көрсетіп, айту, баяндау.

Көрнектілер: ҚР ҚК ГжҚҚ Жарғысы, АӘД оқулығы, АӘД журналы, плакаттар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Үй жұмысын тексеру. 5 - 6 минут

ҚР-ның Қарулы Күштерінің Гарнизондық және Қарауылдық қызметтерінің жарғысы

  1. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің мақсаты, міндеті?
  2. Тәуліктік кезекшінің құрамы?
  3. Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталғанын айтып беріңдер?
  1. Негізгі бөлім - 20 - 25 минут.

Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Оқу сұрақтары:

  1. Қарауылдақ қызметті міндеттері мен тағайындалуы жайлы айтып беріңдер?
  2. Қарауылдық қызметті атқару неге жауынгерлік тапсырманы орындау болып есептеледі?
  3. Қарауыл құрамына кімдер кіреді?
  4. Сақшының міндеттері туралы айтыңдар?

1-оқу сұрағы: Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттері орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.

Қарауылдар гарнизндық және ішкі (кемелік) болып бөлінеді. Олар: тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілері немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілері күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гаупвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады. Ішкі (кеменің) объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады.

2-оқу сұрағы: Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан ГжҚҚЖ барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді. Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

3-оқу сұрағы: Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, ал қажет болғанда, қарауыл бастыының көмекшісі, техникалық күзет құралдары жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі кіреді.

4-оқу сұрағы: Объектілерді тікелей күзету және қорғау үшін қарауылдар құрамынан сақшылар бөлінеді.

Сақшы дегеніміз өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл.

Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске пост деп аталады.

Постыға сондай-ақ қарауылдық техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілері мен жергілікті жер учаскелері де жатады.

Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер оъектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізеді.

  1. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру. Өтілген тақырыпты бекіту.

  1. Бағалау-3 минут

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды атап өту.

  1. Үйге тапсырма беру- 1-2 минут.

II тарау. Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру.

ҚР мемлекеттік құрылымы Қарулы Күштердің ұлттық қаүіпсіздігі қамтамасыз етудегі рөлі

Мақсаты:

Білімділік: ҚК-дің ұлттық қауіпсіздігі қамтамасыз етудегі рөлін көрсету;

Дамытулық: оқулықпен, қосымша материалдармен жұмыс арқылы егемендегі және оның белгілерін ашып көрсету;

Тәрбиелік: жоғарғы моральдық рух, мықты әскери тәртіпке тәрбиелеу.

Сабақтың типі :аралас сабақ.

Сабақтың әдісі :әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, тестпен жұмыс.

Сабақтың өтілетін орны: АӘД кабинеті.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі :

а) взводты екі қатарға тұрғызу, түгендеу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, оқушылардың сырт әлпетін тексеру;

б) оқушыларды тірек сызба арқылы назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 7минут. Өткен материалдарды қайталау.

1. Жазылма және жорықтық сап дегеніміз не?

2. Бөлімше қандай сап түрлерінде болуы мүмкін?

3. Бөлімшені бір қатарлы(2 қатарлы) сапқа тұрғызу үшін пәрменді қалай беру керек?

4. Бөлімшені жазылма және жорықтық сапқа тұрғызу үшін пәрменді қалай беру керек?

5. Лек қозғалысының бағытын өзгерту үшін қандай пәрмен берілді?

3:Үй тапсырмасын бекіту.

№1. Жорық сабы қолданылатын жағдайды атаңыз.

А) жаттығудағы, атыстағы қозғалыс үшін;

В) қажетті жағдайлар кезіңдегі бөлімшелердің қозғалысы үшін;

С) бөлімшелердің шеру жасаған, әнмен салтанатты шеру жасаған және басқа да қажетті жағдайлар кезіндегі қозғалыс үшін;

Д) дайындықтарға, шаруашылық жұмыстарға бөлімшелердің қозғалысы үшін;

Е) әскери қалашықтан тысқары жерге бөлімшелердің қозғалысы үшін.

№2. Лектің соңында қозғалатын әскери қызметші қалай аталады?

А) соңғы;

В) қадарғалаушы;

С) қарсылықты қадағалаушы;

Д) тұйықтаушы;

Е) соңғы қадағалаушы.

№3 «Саптық тұрыс» қабылданатын пәрменді атаңыз?

А) «Саптал»немесе «Тіктел»;

В) «Взвод бір қатарға саптал», «Жинақтал»;

С) Мемлекеттік Әнұран орындау кезінде;

Д) «Тіктел!»пәрмені бойынша бұйрықты берген және қабылдаған кезде;

Е) пәрмен берілген кезде, «Тіктел!»пәрмені бойынша әскери сәлемдесуді орындау кезінде.

№4. Саптық адымның дұрыс мөлшерін, биіктегін және қарқынын атаңыз.

А) өкшелер, аяқтың ұшы, дене тұрысы, бас, қолдар;

В) бас, кеуде, аяқтар, дене тұрысы;


Ұқсас жұмыстар
Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реті
Шуағы тарқамасын жер үстінің
Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары
Ұрыстағы ату. атыс жүйесі
Адам өмірінің кезеңдерін білу
Атыс жүргізу
Атысқа оңтайлану
Калашников автоматы мен пулеметі
Оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы, оқтау және ату кезіндегі автоматтың механизмдерінің жұмысы
Автомобильдердің жай - күйін анықтау жүмыстарын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz