Массаны өлшеу және өлшем бірліктерін айналдыру: сабақ жоспары

Пәні: Математика

Тақырыбы: Массаны өлшеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Массалық өлшем бірліктерді қайталау және оның өлшем бірліктерін өзара алмастыры үйрену және соған байланысты есептер шығарту;

Дамытушылық: Массаны өлшеу, өлшем бірліктерін айналдыруда амалдарды дұрыс қолдана білуін және танымдық қабілеттерін, ойлауын, естуін, шығармашылығын, амалдарды дұрыс қолдана білуін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды жүйелілікке, шапшаңдылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, кестелік

Көрнекіліктер: қима қағаздар, масса бірліктері, кесте

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері
Кезең мақсаттары
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақтың кезеңдері: Ұйымдастыру
Кезең мақсаттары:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық жағдай

Мұғалімнің іс-әрекеті:
  • Сәлеметсіңдерме, балалар!
  • Бүгін бәріміз бірлікте нәтижелі жұмыс жасаймыз деп сенемін. Солай ма, балалар?
  • Бүгін сыныпта кім жоқ?
  • Алдымыздағы артық заттарды алып тастайық. Тек математика оқулығы, жұмыс дәптер және қаламсаптарың қалсын.

«Үштік»

Оқушылар өзінің парталасына 3 саны жазылған күнді бере отырып 3 сөзден тұратын тілек айтуы керек.

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар амандасады, кезекшілер жауап береді;

Парталары үстіндегі артық заттарды жинап тастайды.

Бір-біріне тілектер айтады;

Сабақтың кезеңдері: Үй тапсырмасын тексеру
Кезең мақсаттары: Берілген тапсырмалардың толық орындалуын қадағалау;
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Ұзындық өлшемдеріне байланысты шығарған есептерін тексеру;

Партаның шетіне қойылған дәптерлерге шолу жасап шығу;

Оқушының іс-әрекеті: Дәптерлерін партаның шетіне қояды;
Сабақтың кезеңдері: Өткен білімді тексеру
Кезең мақсаттары: Берілген білімнің қалыптасуын тексеру;
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Сұрақтар қою арқылы :

  • Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
  • 1 км-де қанша метр бар?
  • 1 м-де қанша см бар?
  • 1 м-де қанша дм бар?
  • 1 дм-де қанша см бар?
  • 1 см қанша мм бар?
Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар сұрақтарға жауап береді;

  • Км, м, дм, см, мм
  • 1000 м
  • 100 см
  • 10 дм
  • 10 см
  • 10 мм
Сабақтың кезеңдері: Жаңа сабаққа дайындық
Кезең мақсаттары: Оқушылардың зейінін жаңа тақырыпқа аудару;
Мұғалімнің іс-әрекеті:
  • Балалар, бүгін біз сендермен массаны қалай өлшеуді және оның өлшем бірліктерімен танысамыз және соған байланысты есептер шығарамыз.
  • Ендеше, кітабымыздың 34 бетін ашып тақырыпқа көшейік.
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар назарын кітапқа аударады.
Сабақтың кезеңдері: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Кезең мақсаттары:

Оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру;

Рефлексия

Мұғалімнің іс-әрекеті:
  • Қане, балалар, тақтаға қараймыз.
  • Дәптерлеріңді ашып тақтада жазылғандай етіп бүгінгі күнді, сынып жұмысын және тақырыпты жазып алыңдар.
  • Жазып болсаңдар дәптерлерімізді партаның шетіне қойып, тақтаға назар аударайық.
  • Балалар, тақтада не деп жазылған? Қандай суреттер көріп тұрсыңдар?
  • Дұрыс, мұнда әртүрлі таразылар бейнеленген.
  • Иә, ендеше мына заттарды қандай таразымен өлшей аламыз?
  • Тақтаға шығып әр заттың тұсына сәйкес келген суретті қасына ілейік.
  • Тақтаға кім шығып осы тапсырманы орындайды?
  • Шыға ғой. Дұрыс.
  • Ендеше, осы беттегі №2 жаттығуға назар салыңдар.

(Тақтада №2 жаттығудағы кесте ілін тұрады, осыған қарай отырып оқушылар қима қағаздағы сөйлемді толықтырады. )

  • Балалар, бұл екі тапсырмадан не байқадыңдар?
  • Біз осы екі есепті қалай шығардық?
Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар жұмыс дәптерлерін ашып күнді, сынып жұмысын және тақырыпты жазып алады.

Сұрағыма жауап береді.

  • Тақтадан әртүрлі таразылар көріп тұрмын.
  • Олардың бірі үлкен, енді бірі кішкене.

Тақтаға 4 оқушы шығып суреттерді сәйкестендіреді.

Оқушылар бірлесіп қима қағазды толтырады.

№2 жаттығу:

А) 1000 килограмм 1 тоннаны құрайды, ал 1 килограмм 1 тоннаның мыңнан бір үлесі;

Ә) 10 центнер 1 тоннаны құрайды, ал 1 центнер 1 тоннаның оннан бір үлесі;

Б) 100 килограмм 1 центнер құрайды, ал 1 килограмм 1 центнердің жүзден бір үлесі;

В) 1000 грамм 1 килограмм құрайды, ал 1 грамм 1 килограммның мыңнан бір үлесі;

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Сабақтың кезеңдері:

Жаңа тақырыппен жұмыс

Сергіту сәті

Кезең мақсаттары:

Есеп шығару дағдысын жетілдіру;

Рефлексия

Оқушылардың миының тынығуына, физикалық тұрғыда келесі тапсырмаларға даярлау;

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Мұғалімнің іс-әрекеті:
  • Балалар, 34 беттегі №3 жаттығуды шығарып көрейік.

№3

А) бір қап қант - 50 кг

4 қап қант - ? кг

- ? ц

6 қап - ?

8 қап - ?

10 қап - ?

20 қап -?

Шешуі :

50*4 =200 кг =2 ц

50*6 =300 кг =3 ц

50*8 =400 кг =4 ц

50*10 =500кг =5 ц

50*20 =1000 кг =10 ц

Ә) тапсырмасын бір оқушы тақтаға шығы, қалғандары орнында отырып орындайды;

Б) тапсырманы ауызша қатар бойынша орындайды;

  • Балалар, бұл екі тапсырмадан не байқадыңдар?
  • Біз осы екі есепті қалай шығардық?
  • Балалар, енді келесі тапсырмаға көшейік.

№4 жаттығуды бірлікте шығарамыз.

- Кім маған есептің шартын оқып береді?

- есеп не туралы ?

- не белгілі ?

- есепте не белгісіз?

-есептің сұрағы қандай?

Шешуі :

Үнді пілі - 4 т

Бегемот - 4 т

Африка пілі -500 кг артық

Африка пілі - ?

(4000 + 4000) - 500 =7500 кг

Жауабы : Африка пілінің массасы 7500 килограмм.

Оқушылар қара жорға биіне билейді.

  • Балалар, бұл тапсырмадан не байқадыңдар?
  • Біз осы есепті біз қалай шығардық?

№5 есептерді өзлдері шығарады.

- Кім маған есептің шартын оқып береді?

- есеп не туралы ?

- не белгілі ?

- есепте не белгісіз?

-есептің сұрағы қандай?

Жауабы : ақ аюдың массасы 1 т.

  • Балалар, осы тапсырмаларды шешу барысында біз алдымен неістедік?
  • Бұл есептер арасында қандай ұқсастық бар?
  • Балалар, енді келесі тапсырмаға көшейік. 36 беттегі №8 жаттығуға назар аударайық.
  • Балалар, осы тапсырманы шешу барысында біз алдымен неістедік?
Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар тақтаға шығып есеп шығарады.

А) бір қап қант - 50 кг

4 қап қант - ? кг

- ? ц

6 қап - ?

8 қап - ?

10 қап - ?

20 қап -?

Шешуі :

50*4 =200 кг =2 ц

50*6 =300 кг =3 ц

50*8 =400 кг =4 ц

50*10 =500кг =5 ц

50*20 =1000 кг =10 ц

Оқушылар тақтаға шығып орындайды.

«Москвич» автомашинаның массасы - 1 т

  1. машина - ? т

-? Кг

-? Ц

7 машина - ?

9 машина - ?

10 машина - ?

3*1 = 3 т=3000 кг =30 ц

7*1=7 т=7000 кг =70 ц

9*1 =9 т =9000 кг = 90 ц

10*1 = 10 т =1 кг =

=100 ц

Оқушылар қатар бойынша жауап береді.

Оқушылар сұраққа жауа береді.

Бір оқушы тұрып есептің шартын оқиды.

-аңдардың массасы туралы.

- Үнді пілі мен бегемоттың массасы 4 тонна екендігі белгілі.

- Африка пілінің массасы.

- Африка пілінің массасы және оны килограммен өрнекте.

Шешуі :

Үнді пілі - 4 т

Бегемот - 4 т

Африка пілі -500 кг артық

Африка пілі - ?

(4000 + 4000) - 500 =7500 кг

Жауабы : Африка пілінің массасы 7500 килограмм

Оқушылар қара жорға биіне билейді.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Бір оқушы тұрып есептің шартын оқиды.

-аңдардың массасы туралы.

- жолбарыс 272 кг, арыстан 227 кг екендігі белгілі.

- Ақ аюдың массасы.

- Ақ аюдың массасы және оны тоннамен өрнекте.

Шешуі :

272+227 = 499 кг

499 + 501 = 1000 кг = 1 т

Жауабы : ақ аюдың массасы 1 т.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

№8

Ұзындығы - 2 см 5 мм

Ені - 3 см 4 мм

Периметрі - ?

Шешуі :

(2 см 5 мм + 3 см 4 мм) * 2 = (25 мм + 34 мм) *2 =59*2=118 мм =11 см 8 мм

Сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың кезеңдері: Жаңа сабақты бекіту
Кезең мақсаттары:

Осы сабақта алған білімдері тиянақтау;

Рефлексия

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Қима қағаздармен жұмыс:

№6 жаттығу;

Шығарып болған соң жауаптарын салыстырып көремін. Қате шығарған оқушылардың себебін анықтап, түсіндіремін.

  • Осы есептерден не түсіндіңдер?
  • Біз бұл есептерді қалай шығардық?
Оқушының іс-әрекеті:

Қима қағазды толтырады;

Оқушылар сұрақтарға жауап береді;

Сабақтың кезеңдері: Қортынды
Кезең мақсаттары: Алған білімдерін тағы бір рет тиянақтау;
Мұғалімнің іс-әрекеті:
  • Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
  • Сабақта не істедік?
  • Сонымен, 1 тоннада қанша килограмм бар?
  • 1 кг-да қанша грамм бар?
  • 1 центнерде қанша кг бар?
Оқушының іс

Ұқсас жұмыстар
3-сынып математика сабағының жоспары: Массаны өлшеу және масса бірліктерінің арақатынасы
Ауданды өлшеу және оның өлшем бірліктері (м², ар, гектар) - сабақ жоспары
Қысқа мерзімді жоспар (7-сынып): Денелердің өзара әрекеттесуі - масса және массаны өлшеу
3-сыныпқа арналған сабақ: Тонна - масса бірліктерін салыстыру және түрлендіру
7-сынып физикасында қазақтың дәстүрлі өлшем бірліктерін пайдалану арқылы оқушылардың ұлттық танымын тереңдету
1-сынып математикасы: Ұзындықты өлшеу сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Уақыт және оның өлшем бірліктері
Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері: 5-сынып информатика сабақ жоспары
5-сынып информатикасы: Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері - қысқа мерзімді сабақ жоспары
7-сынып физикасы: массаны және күшті анықтауға есептер шығару - ашық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz