Бастапқы әскери даярлық: саптық тұрыс пен пәрмендерді орындау тәртібі

«Бекітемін»

Мектеп директоры

  1. Сабақтың тақырыбы: Саптық тұрыс, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Бас киімді - ШЕШ», «Бас киімді - КИ» пәрмендерін орындау
  2. Сабақтың мақсаты:Оқушыларды саптық тұрысты қабылдау пәрмендеріне үйрету.
  3. Уақыты:45 минут.
  4. Өткізілетін орны:10 сынып, Саптық алаң.
  5. Көрнекілік ұүралдар:Саптық жарғы, АӘД оқулығы.
  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут.

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын қысқаша айтып беріңдер.
  • Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?

б) Негізгі бөлім - 25 мин.

Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тіктел!»,

«Еркін тұр!», «Жинақтал!» пәрмендерін орындау.

Саптық тұрыс «Саптал!» немесе «Тіктел!» пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну керек; саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.

«Еркін тұр! » пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.

«Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы әз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек. жинақталу бас киімнен басталады.

«Жинақтал!» пәрменінің алдында «Еркін тұр! » пәрмені беріледі.

Бас киімдерді шешу немесе кию үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендері беріледі.

Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.

Қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға» , «кеудеге» , «аяққа» күйінде сол қолмен шешіледі.

Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.

Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.

Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға - саптал».

Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.

в) Қорытынды бөлім - 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
  • саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы:


Ұқсас жұмыстар
Бастапқы әскери даярлық: орнында бұрылу, саптық тұрыс және қатарларды қайта құру сабақ жоспары
Алғашқы әскери дайындық (11 сынып): саптық адымның сипаттамасы, орындау тәртібі мен пәрмендері
Алғашқы әскери дайындық пен дене тәрбиесі: саптық тұрыс және дене қыздыру мен жүгіру жаттығуларының орындау әдістері (кіріктірілген ашық сабақ, 10 сынып)
Қарумен саптық тұрыс бойынша сабақ жоспары
Бастапқы әскери даярлық: саптан шығу, бастыққа бару және сапқа қайтып оралу
Бастапқы әскери даярлық сабағы: саптан шығу, бастықтың алдына бару және қайта оралу
Алғашқы әскери дайындық: саптық тұрысты қабылдауды үйретуге арналған сабақтың оқу-әдістемелік жоспары
Алғашқы әскери дайындық: орнында және қозғалыстағы бұрылыстар, саптық және жорықтық адым
Әскери тәртіптің мәні мен маңызы, көтермелеулер мен тәртіптік жазалар (10 сынып, бастапқы әскери дайындық)
Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы: мәртебесі, сақтау және саптағы ұстау тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz