«география пәнінен ұбт-ге дайындау тәжірибемнен» баяндама

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «География пәнінен ҰБТ-ге дайындау
тәжірибемнен»
Дайындаған: Қабол Гүлшарида Аманғалиқызы
география пәнінің мұғалімі
2011-2012 оқу жылы
І. Кіріспе
Оқу-оқушының негізгі таным әрекеті
ІІ. Негізгі бөлім
- Тест-оқушы білімі мен дағдысын қалыптарстырудағы қазіргі заманның озық технологиясы.
- География пәнінен ҰБТ-ге дайындау тәжірибемнен
ІІІ. Қорытынды
1. Тест-оқу үрдісіндегі нәтижелі білімнің, тиімді әдіс-тісілдердің өлшемі.
Кіріспе.
1. Оқу-оқушының негізгі таным әрекеті.
Қазақстан Республиканның Президентінің Қазақстан халқына
1-наурыз 2006 жылғы Жолдауында «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін сапалы білім берумен қамтамасыз етуіміз керек» деп атап көрсетті.
Елбасының осы ұсынысын қолдай отырып, оқушыларға жан-жақты білім беріп, іргелі оқу орындарының студенттері болуына біздер, мұғалімдер, бар күш-жігерімізді салуымыз керек.
Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаға кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет.
Мектептің негізгі міндеттері-баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттілігін дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аудару қажет. Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу-ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.
Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында түрған міндет.
Оқу мектеп жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс. Оқушының ақыл-ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған дұрыс. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат- міндеттерін анықтауға үйрету керек. Бала оқытып, тәрбиелеу мен айналысатын барша педагог қауымның басты міндеті әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау, жеке түлға қалыптастыру. Ал оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдан алатындай жағдайға жетуі тиіс. Ол үшін өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың мағызы өте зор.
Баланың оқу-әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, оқушы төмендегідей білім мен дағдыларды меңгеруге және психологиялық талаптарға ұмтылу керек.
- «Мен істеймін»-деу арқылы өзінің көңілі ауған адамдарға ұқсауға тырысып, еліктеу яғни, өз ортасында жақсы қасиеттерімен көрінуге тырысу, осылайша, жіберген қателіктері мен жетістіктеріне талдау жасау, атқаратын жұмыстың тетігін табу.
- «Мен үшін керек» деп талаптану арқылы өз іс-әрекетін бағалай білу, ізденсе, оқыса өзі қойған мақсатына жете алатынына көзін жеткізу, өзіндік түйсігін ояту.
- «Мен істей аламын» деу арқылы өз іс-әрекетіне сенімділікпен қара, қоғам талабына бағыну керектігін сезіну, өзін және өзгені сыйлау қажеттілігін ұғыну. Алға қойған мақсатқа жету үшін өзін төзімділікке тәрбиелеу.
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ол -оқушының таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады және сөйлеу әрекеті арқылы іске асады, нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап ізденуден басталады. Ойлау белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Оқушылардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т. б.
Оқыту әдістері мектеп педагогикасында талас тудырып жүрген өте күрделі мәселелердің бірі. Көптеген авторлардың пікірінше оқыту әдісі-оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі.
Ю. К. Бабанский оқыту әдістерін ұш негізгі топқа бөлді:
А) Оқу-танымдық әрекетті жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері.
Ә) Оқу-танымдық әрекетте мотивация және реттеу әдістері.
Б) Оқу-танымдық әрекеттегі бақылау және өзіндік бақылау әдістері.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, яғни оқушының оқуға, білуге деген ынта -ықыласы, құштарлығы қалыптасады. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқуы, сарамандық жұмыс жасау сияқты жұмыстар істеу керек. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Оқыту-мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу-оқушының өзінің танымдық белсенді әрекеті.
ІІ. Негізгі бөлім
2. Тест-оқушы білімі мен дағдысын қалыптарстырудағы қазіргі заманның озық технологиясы.
Қазіргі әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналған. Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр.
Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
«Тест» термині көптеген зерттеушілердің айтуынша ағылшын тілінен енген. Ол «байқау, бақылау, зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Педагогика тарихында тест пайдалану 140 жылдан астам уақытты қамтиды. 1864 жылы ағылшын ғалымы Джордж Фишер қарастырып, оны Гринвич госпиталы мектебінде пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруді Америка психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған деп есептейді. Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру АҚШ, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австрия т. б елдерінде кеңінен тарай бастады.
2004 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2015 жылға дейінгі «Білім тұжырымдамасы» қабылданып, соның негізінде елімізде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жүйесі құрылды. Ұлттық Бірыңғай Тест жүйесі -оқушы білімінің обьективті көрсеткіші.
Білім беру нәтижесін тексеру барысында тест пайдаланудың ең маңызды артықшылығы-уақыттың үнемделуі. Тест оқушыларды шамадан тыс жазба жұмыстарынан босатады, мұғалімнің бақылау сын тапсырмаларын тексеріп, бағалау жұмыстарын жеңілдетеді. Тест тапсырмаларын орындағанда оқушылар мейлінше аз жазып, көп ойланады, салыстырады, сараптайды, қорытындылайды. Мұндайда оқушылар өз қателерін тауып сол жерде түзетеді, өздерінің жетістіктері жайлы біле алады.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізудің мақсаты:
1. Білім беру ұйымдарының қызметін обьективті бағалауға;
2. Олардың нақты рейтингтерін анықтауға;
3. Жалпы орта білім беру мәселесіне жұртшылықтың назарын аударуға;
4. Оқушылар мен мұғалімдердің оқу қорытындысын дәлелдеу
5. Оны толық меңгеру - оқушының, меңгерту- мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі міндеті- мемлекеттік қадағалау арқылы білім сапасын әділ бағалау. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу- білім беру басқармасының жұмысын айқын көрсетіп, оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін өте дәл көрсеткіш. Тест әдісінің тағы бір ұтымды жағы- оқушылардың білімін тексеруге уақыт үнемдейді, өздері сол үрдіске тікелей араласатындықтан, қызығып белсенділіктерін арттырады. Бірақ ҰБТ-ның өз жетістігі, кемшілігі бар. Тест оқушыны жан-жақты терең білім алып шығармашылық қабілетін дамытуға, логикалық ойлау жүйесін дамытуға, психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік бермейді. ҰБТ-ні сәтті тапсыру- педагогикалық ұжымның алдындағы маңызды міндеті. Жалпы, ҰБТ-ға дайындық 9-сыныптан бастап тиянақты түрде жүргізіліп отыруы қажет. 11 сыныпта сабақтар жүйелі түрде өтіп, онда оқушылар 10-11 сыныптың материалдары бойынша әр түрлі формадағы тест сұрақтарын шешіп отырады. Әр тоқсанның аяғында тест формасындағы дайындық емтихандары өткізіліп отырса, оқушылардың тоқсан бойы жинаған мәліметтерін бекітері анық. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық -оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
Тест тапсырмаларының
«жабық тест», «балама тест», «анықтау тест», «тіке жауап тест», «ашық тест», «сәйкестік тест», «толықтыру тест» сияқты жеті түрлі формасы қолданыста жүр.
Белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші, соңғы нүкте - Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің көрсеткіші. Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің сапалы өтуі алдымен мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында. Ал жоғарғы нәтижеге жету үшін не істеу керек? Ең алдымен өзіңнің жұмыс күніңнің жоспарын дұрыс құрып алу керек. Оған жүйелі түрде дайындалу үшін жыл басында ҰБТ-ге қатысатын оқушылар нақтыланады, мұғалім өзіне және оқушыларымен дайындық жұмыстарына жоспар құрады. 6-11 сынып география оқулығымен қамтамасыз етілуін қадағалаймын. Жұмыс барысында әр оқушыға жеке папкалар ашылады. Оқушы жүргізілген әр жұмысты жауап парағына дұрыс жауабын белгілейді. Мұғалім оқушы білімін тексеріп, жинаған ұпай санымен бағалайды. Оқушы бағасы арнайы журналға қойылып оқушының мониторинг көрсеткіші бетшесінде ұпай деңгейі көрсетіледі. Сондай-ақ тоқсан сайын әр оқушының жұмысына анализ жасалып отырады. Тестіге дайындық кезінде оқушыларға тесті тарата салып, жауаптарын ғана жазып алып отырсақ, ол нәтиже бермейді. Оның нәтижесін талдау оқушының өзіне қалдыру керек. Мысалы, тестіге дайындау дәптеріне қайталап сұрақтарын жазғызу. Келесі сабақта талдау, мысалдар арқылы нақтылау. Оқушыларға бір-бірінің қатесін тапқызып, теория мен практиканы ұштастырамыз. Оқушымен тестіні талдау арқылы, үнемі нақтылы жұмыс жасау арқылы жоғары сапа көрсетуге болады.
ҰБТ дайындығы ата-анаға тікелей байланысты .
Оқушылардың ҰБТ-ны сәтті тапсыруы ата-аналардың көңіл-күйі мен қарым-қатынасына байланысты екендігі баршамызға мәлім. Бұл орайда, балаларға тестіге жақсы дайындалу үшін мыналарды есте ұстау қажет деп санаймын:
1. Баланың көңіл-күйін бұзарлықтай қауіп-қатер туралы жалған сөзге бармаңыз. Өйткені стресске түскен баланың бойында қатты үреніш тууы мүмкін;
2. Балаңызбен өткен тақырыптары бойынша қайталауға көмектесіп, сырласа отырып ой бөлісіңіз. Сонда бала бойында өз-өзіне деген сенімділігі арта түседі;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz