Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ана тілі туралы сөз өлеңі

<<Жұмекентану>>қолданбалы курсы
(8-10-сынып)
Бағдарлама әдебиет пәні бойынша жасалды.
Бағдарламаның мақсаты - оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып,сөз өнеріне,шығармашылық ізденіске деген шеберліктерін шыңдау.Бұл бағдарлама жас бүлдіршіндерді білім мен өнер,тәрбие үрдісінде жетілдіріп,ойлау қабілеттерін ,сөздіқ қорларын дамытады.Мектеп оқушылары жеке тұлға ретінде өзінің бойындағы қабілетін.талантын көрсетіп,мәдениеті,сезімі ұшқыр,көкірегі ояу ,сөз өнеріне тәнті ойын шебер жеткізе алатындай болып қалыптасыуы қажет.Осыған орай бұл бағдарламада оқушылардың шығармашылық,дарындылық қабілеттерін арттырып,тілдік шеберлігін шыңдауға арналған жұмыс түрлері қамтылды.
Қазақ әдебиетінде өзіндік стильді орнымен,өзінің оқшау стилімен, шеберлігімен танымал болған Атырау облысы,Құрманғазы топырағында түлеген талантты ақын-жазушымыз-Жұмекен Нәжімеденов.Күні бүгінде оның еңбектері , асыл мұрасы, жүрегінен жарып шыққан сөз мәнері - кейінгі ұрпақ,мына бәріміздің рухани азығымыз.Еділ-Жайық арасының киелі топырағына тағзым еткен дарынды талант, өз туған жеріміздің төл перзенті , айтулы ақиық ақын, жазушы қаламгер ағамыздың азаматтық тұлғасы сөз қолданудағы өнерімен биік көрінеді.Бұл-бізге өнеге.Біз қаламгер Жұмекен Нәжімеденовті сөз өнерінлегі нағыз тарихи тұлға деп бағалай отырып,өз шәкірттерімізді оның еңбектерін зерделеуге баулып келеміз. Жұмекеннің сөз өнеріндегі ерекшелігін ақиық ақын Қадыр Мырзалиев <<''Жеті бояудың'' авторы қазақ поэзиясында бұрын- соңды өткен алуан ақындардың қайсысына да ұқсамайды>> деп бағаласа,филология ғылымының докторы ғалым, профессор , жерлес ақын Жүсіп Қадыр Өтегенұлы өзінің <<Жыр жиһазы>> атты еңбегінде Жұмекеннің поэзияға жаңаша өрнектер мен айшықтар әкелген, өлең қисынын өзінше іздеген жыр- дастандардың мазмұнына да, пішініне де жаңалықты батыл енгізген қазақ әдебиетінің білікті өкілдерінің бірі екеніне көз жеткізеді.
Ақын-жазушы Жұмекенге арналып игі шаралар мектепте жиі өткізіледі. Әдебиет және қазақ тілі бірлестігі <<Жұмекентану>>курсын өткізуді жоспарлап отыр.Бұл бағдарламамыз сол курсқа арналып жасалды.Курс бағдарламасы Жұмекеннің өмірі мен шығармашылығын,өлеңдері мен прозасын қамтиды.Бағдарлама жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеттеріне бағытталды.
Күтілетін нәтиже:
- оқушылардың әдебиетке бейімділігін қалыптастыру;
- сөздерді мағынасына қарай қолдану арқылы шұрайлы сөз образдарын
үйрену;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- қаламгер шығармасын зерделеп, әсерлі ой бере білуге қабілетті,ғылыми
жобалар жаза алатын жеке тұлға дайындау.
Курстың мақсаты
Көрнекті ақын,жазушы Жұмекен Нәжімеденовтің өзіндік ақындық,жазушылық,шығармашылық шеберлігіне тоқталып, оның шығармаларындағы тың тұстарымен қазақ әдебиетінде алатын орнына ерекше көңіл бөліп,қосымша деректер беру.Қаламгердің өмір деректерінен,өлеңдерінен естеліктер жинақтау,прозалық еңбектеріндегі кейіпкерлердің прототиптерін анықтау жұмыстарын жүргізу.
Курстың міндеті Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге,білуге,үйренуге,ізденуге,өз ойын толық жеткізуге,сауатты оқуға,сөз мәнерін игеруге тәрбиелеп бағыттау.Ақынның сөз өнерін оқушы бойына дарыту.
Оқушыға қойылатын талаптар:
-Жұмекен жырларындағы жыр өрнектерін терең білу;
-Шығармаларындағы отансүйгіштік,туған жер тарихын білуге деген құштарлыққа талпыну;
-өз ана тіліне деген құрмет;
-мәнерлеп оқуға ынталану;
-шығармаға пікірін,өз ойын сауатты жаза білу,эссе,ойтолғау,сценарий дайындау;
-ақын-жазушы еңбегіне салыстырмалы баға бере білу.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жұмекен Нәжімеденов <<Қазына>> <<Арыс>> баспасы Алматы -2002
2. Жұмекен Нәжімеденов <<Ақ шағыл>> кітабы <<Жазушы>> баспасы 1973
4 .<<Қазіргі қазақ әдеби тілі>> 1991
5 Жұмекен Нәжімеденов толық шығармалар жинағы <<Қазығұрт>>
Алматы - 2012
6 .Жұмекен Нәжімеденов <<Қыран қия>> Алматы <<Жалын>> баспасы 1984
7 . Ж.Қараев <<Деңгейлік тапсырмалар>>
8 . Жұмекен Нәжімеденов <<Кішкентай>> <<Жазушы>> баспасы 1975
9. <<Қазақ тілі мен әдебиеті>>журналы
10.Жұмекен Нәжімеденов <<Аспан шақырады>> Әңгімелер,хикаяттар, мақалалар жинағы <<Жазушы>>-2005 )

Курстың мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды.

Жұмекен Нәжімеденов өмірінен мәлімет беру-1сағат(Ақынның өмірі жайлы жалпы мағлұмат беру);
Ақынның туып-өскен ортасы-1сағат( Жұмекен Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы.Туған жері-Қошалақ.Жұмекеннің туған жеріндегі ескерткіш.Әкесі Сабыр,атасы Жұмекен туралы тың деректерді танып білу);
<<Қошалақ>>-1сағат (Өлеңдегі өз туған жеріне деген сүйіспеншілік,перзенттік сағыныш);
<<Туған жер>>, <<Ел жұрт>> өлеңдері-1сағат (Ақынның ел жұртына,туған жеріне деген сүйіспеншілігі,Отанына перзенттік сезім сарыны.);
<<Менің топырағым>> өлеңі-1сағат(Киелі топырақ,туған жер топырағына,табиғатына ыстық құрметтің шынайы бейнесі, <<топырақ>> деген осы сөзге сіңе отырып бойға тараған ұлттық рухы,өз халқының көкірегінде мәңгілікке қалған топырақтың рухы-дала тағылымы );
<<Менің қағбам>>-1 сағат(Туған жер топырағына,табиғатына ыстық құрметтің шынайы бейнесі );
<<Ана тілі туралы сөз>> өлеңі-1сағат(Ана тілі тағдыры,оның келешегіне деген ақынның жан айқайы);
<<Күбі>> өлеңі -1сағат(Ата-баба мұрасы боп табылатын несібе-ырыс белгісі- қасиетті күбінің суреттелуі,берік босаға,биік шаңырақ );
<<Күй>> өлеңі -1сағат( Қазақтың өнеріндегі күй бейнесі);
<<Тез,тез!>> өлеңі- 1 сағат(Жас кейіпкер бойындағы жанашырлық,елгезектік,
жауапкершілік сияқты асыл қасиеттердің берілуі);
<<Ағаш күтімі>>өлеңі-1сағат (Ақын өлеңіндегі табиғат бейнесі,табиғатты қорғауға деген қамқорлық әрекеті );
<<Хайуанаттар паркіндегі әңгіме>> -1сағат (Темір торға қамалған хайуанат тар бейнесін суреттеуі,шынайы көріністі берудегі ақындық шеберлік ); Жұмекеннің сыншыл-сатиралық өлеңдері-3 сағат <<Дәрігер айтты>>өлеңі (ғарыштық кеңістік ауасының ластанған экологиялық жайы),
<<Жаназа>> өлеңі(қайтыс болған адамның азасында арақ ішетін азғындау құбылысын айыптау), <<Жираф>> өлеңі (қаңқиған зор тұлғасы бар,бірақ өмірге икемсіз ақұылсыздар тағдыры);
<<Домбыра>> балладасы -1сағат(Соғыстан оралмаған жауынгердің анасының мұң-қайғысы,зар жылаған қарт ананың ащы дауысы);
<<Дастархан>> балладасы-1сағат (Екі тентек, екі батыр атанып жүрген жігіттердің арасында болған келіспеушілік ,ұлт мінезін танытатын көрініс бейнесі,баллададан алар бойымызға қонақжайлылық, жомарттық қасиеттер);
Поэмалары. (4сағат)
<<Қыран-қия>>- (Соғыс тақырыбы,адамзат тарихының дара тұлғалары Гете,Пушкин,Цицерон,БауыржанМомышұлы,АлександрМатросов,Мәншүк,
Әлияларды тектілік үндестік тұрғысынан сабақтастыра жырлауы);
<<Тамыр мен жапырақ>>-(Ақынның адамдар тағдырын тірішіліктегі үндес нәрселермен баламалап жырлауы,адамгершілік,имандылық дүниетанымның мәңгілік салтанат құратыны);
Жұмекен прозасы . (5сағат)
<<Көне жұрт>>, <<Бір үзім нан>>,<<Бақсы>>, <<Солай,ұлым>> әңгімелері(қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі,ескі әдет-ғұрып,әке-шешенің перзентіне аманаты,көне жұрт тынысы),<<Бетпе-бет>>хикаятындағы адамгершілік ;
Жұмекен аудармалары(4сағат)
Андрей Вознесенский <<Әкеме>>, <<Гойя>>, <<Күз>>өлеңдері (Көрнекті орыс-совет ақыны Андрей Вознесенскийдің поэтикасындағы жарқын сурет,махаббат,өз дәуірі,туған жері);
Түрік ақындары .Назым Хикмет <<Дүние,достар,жаулар,өзің және жер>>, <>, <<Қорғасын>> өлеңдері(Халық өмірі,бостандық жолындағы күрес,Жер ,ғасыр перзентінің ішкі ойы);
Неджети Жұмалы <<Қардағы із>> , <<Осындай елді сүйемін>> өлеңдері. (бай-кедей деп бөлінбейтін бостандық еліне деген сүйініші);
Жұмекен өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі - 1сағат(Жұмекен өлеңдеріне сатылай кешенді талдау жасау,тіл шеберлігіне талдау жасау);
Жұмекен жырларындағы жаңалық-1сағат
(Оқушылардың шығармашылығынан )
Шығармашылық жұмыс -1 сағат
<<Жыр ғұмырЖұмекен>> - 1сағат( Мәнерлеп оқу)
Бағдарламаның күнтізбелік жоспары
Аптасына -1 сағат
Жылына -34 сағат

Тақырып
Сағат саны
Сабақ түрі
Әдіс-тәсіл
Қосымша көрнекіліктер
1
Жұмекен Нәжімеденов өмірінен мәлімет беру
1
Әңгімелеу
Баяндау
Мультимедиа,бүктемелер
2
Ақынның туып-өскен ортасы
1
Ізденіс
Кесте
Хронология-лық кесте
3
<<Қошалақ>>
1
Саяхат сабақ
Топтық жұмыс
Суреттер
4
<<Туған жер>>, <<Ел жұрт>> өлеңдері
1
Жаңа сабақты меңгерту
Қарасөз-бен жазу
Географиялық суреттер
5
<<Менің топырағым>> өлеңі
1
Дамыта оқыту
Талдау
Әдебиеттен бүктемелер
6
<<Менің қағбам>>өлеңі
1
Пікір-талас
Сөздік-пен жұмыс
Сөздік кітаптар
7
<<Ана тілі туралы сөз>> өлеңі
1
Пікір бөлісу
Талдау
Ақын-жазушылар еңбегі
8
<<Күбі>> өлеңі
1
Дәріс,
ізденіс
Пікір-талас
Кесте,сурет
9
<<Күй>> өлеңі
1
Салыстыру
СТО
Әдебиет оқулығы
10
<<Тез,тез!>> өлеңі
1
Іздену
Топпен жұмыс
Жеке кітапшалар
11
<<Ағаш күтімі>>өлеңі
1
Дәстүрлі сабақ
Әңгіме-лесу
Қосымша көрнекіліктер
12
<<Хайуанаттар паркіндегі әңгіме>>
1
Дамыта оқыту
Сұрақ-жауап
Мультимедиа,бүктемелер
13
Жұмекеннің сыншыл-сатиралық өлеңдері
<<Дәрігер айтты>>өлеңі
1
Сын тұрғысынан ойлау
Пікір-сайыс
Хронология-лық кесте
14
<<Жаназа>> өлеңі
1
Ізденіс
Түсін-діру
Суреттер
15
<<Жираф>> өлеңі
1
Саяхат сабақ
Баяндау,талдау
Географиялық суреттер
16
<<Домбыра>> балладасы
1
Жаңа сабақты меңгерту
Топтық жұмыс
Әдебиеттен бүктемелер
17
<<Дастархан>> балладасы

1
Дамыта оқыту
Пікір-талас
Суреттер
18
Поэмалары
<<Қыран-қия>>
2
Пікір-талас
СТО
Ақын жинақтарынан бүктемелер
19
<<Тамыр мен жапырақ>>
2
Түсіндіру
Топпен жұмыс
Жеке тапсырма жазылған парақшалар
20
Жұмекен прозасы<<Көне жұрт>>, <<Бір үзім нан>>

2
Жаңа ұғым беру
Әңгіме-лесу
Сөздік кітаптар
21
<<Бақсы>>, <<Солай,ұлым>> әңгімелері
2
Салыстыру
Сұрақ-жауап
Ақын-жазушылар еңбегі
22
<<Бетпе-бет>>хикаяты
1
Ізденіс
Пікір-сайыс
Кесте,сурет
23
Жұмекен аудармалары
Андрей Вознесенский <<Әкеме>>, <<Гойя>>,<<Күз>>өлеңі

1

Жаңа ұғым қалыптастыру
Венн диаграммасы
Сөздіктер
24
Түрік ақындары.Назым Хикмет <<Дүние,достар,жаулар,өзің және жер>>

1

Салыстыру

Топтық жұмыс
Қосымша деректер
25
<>, <<Қорғасын>> өлеңдері
1
Ізденіс
Түсін-діру
Газет-жұрнал материалы
28
Неджети Жұмалы <<Қардағы із>> , <<Осындай елді сүйемін>> өлеңдері.
1
Ізденіс
Баяндау
Бүктемелер
29
Шығармашылық жұмыс
1
Ойтолғау
Жеке жұмыс
Оқушы шығармашы-лығынан
30
Жұмекен өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
1
Талдау,салыстыру
Талдау
Таладу сызбасы
31
Жұмекен жырларындағы жаңалық
1
Ізденіс
Зерттеу
Ғылыми деректер
32
Жыр ғұмыр Жұмекен
1
Сайыс сабақ

Жыр жинақтары

Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Бауыржан Бегалиев атындағы орта мектеп

<<Жұмекентану>>қолданбалы курсы
(8-10-сынып)
Авторлық бағдарлама

Авторлық бағдарламаны құрастырғандар қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері
Мадиева Нұргүл Сатыбалдықызы
Қайырғалиева Асима Сұлтанқызы

10 сәуір,2015 жыл

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі өлеңі
Аты аңызға айналған батыр
Бабам тілі
М. Мақатаев ̎Үш бақытым ̎
Туған тілім өлеңін жаттау
Жуан дауысты дыбыстар
Р. Ғамзатов. Ана тілі өлеңі. Менің Дағыстаным
Жүз жыл жырлаған жүрек (әдеби кеш)
Өз тіліңді құрметте
Ғ. қайырбеков «ана тілі»
Пәндер