Бастауышым - балбұлағым: бастауыш мектепті аяқтау мерекесінің сценарийі

Мерекелік ертеңгілік «Бастауышым - балбұлағым»

«Қамажай» биі Жанель мен Анель билеп мені алып шығады .
Мұғалім: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып айтқандай тарыдай болып кіріп, ақыл ойларың толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған шығар баршаңызда.
Қол соғып, қошаметтеп қарсы алайық,
Бітіруші түлектерді ортамызға.
Вальс (оқушылар қатармен кіреді, вальс билейді) .
Мұғалім: Міне, сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «а»сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын алты жасар бала болса, бүгін міне ес білген шәкіртМіне, бүгін біздің оқушыларымыз бастауышпен қоштасып тағы бір жасқа есейгелі отыр және ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсеткелі отыр.
Енді сөз кезегін жүргізушілерімізге берейік.

1-Жүргізуші Шашу, шашу, шашайық,

2-Жүргізуші Ақ сандықты ашайық.

3-Жүргізуші Бұл мереке, бұл тойдың

4-жүргізуші Бастаңғысын жасайық.

(шашу шашылады)

1-жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым ардақты.

2-жүргізуші: Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

3-жүргізуші: Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын жетелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.

4-жүргізуші: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар алғысымыз көп біздің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, достар, бұл мектептен қаншама адам білім алған.

2- жүргізуші Менің ағамда, апамда, менде осы мектептен білім алудамын.

3-Жүргізуші Олай болса мектебімізге арналған әнімізді шырқайық.

Жүргізуші Қабыл алыңыздар Хор: «мектебім

1-жүргізуші: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасақта жарасады.

2- жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ерғанат, Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

1-оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

2-оқушы:Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Барлығын төрт жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.

3-оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын.
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4-оқушы: Мектебім алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырайың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

5-оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алған өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

6-оқушы: Мектеп үйім, ұстазым менің, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Барлығы :Мектеп кеме білім теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
3-жүргізуші: Ұзтаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға - деп Абай атамыз айтқандай алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды таныпқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені белгілі.
4-жүргізуші: Әр шәкіртін баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен ұстаз еңбегі шексіз. Мұғалім мектептің жүрегі, - деп бекер айтпаған.
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, , Ғылым иесі ғылымда, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында, тегеуіріні күшті жұмысшыда, көкті шарлаған ғарышкерде, бәрі, бәрі ұстазда тәлім алады.
2-жүргізуші: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: Болашақтың басшысында, данасында, ғалымында, еңбекшісінде ұстаз өсіреді деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнайық. Ұстазым әні қабыл алыңыздар.

1-оқушы: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

2-оқушы: Жарық күннен, жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыстатқан қара жол,
Көз жұмсамда көретұғын белестер.

6-оқушы: Кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы еді бір елі айналаңнан.
Мейірің бе ұстаздың жүрегің бе,
Жан дүниесін баланың жаулап алған.


7-оқушы: Алғашқы ұстаз ерекше дара туған,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалған,
Сағына әркез суретті парақтадым,
Адамның аяулы үні сияқтанып.

8-оқушы: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден.
ХОР ұстазым

1-жүргізуші: Достар, естеріңде ме? Біз осыдан төрт жыл бұрын 6 жастағы бала едік, сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттап едік.

2-жүргізуші: Әрине, ЕРғанат, Енді міне сауатымызды ашып, білім негізі бастауыш мектеппен қоштасып орта буынға қосылғалы отырмыз.

3-жүргізуші: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстазымыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарады

4-жүргізуші Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа.

1-оқушы: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,
Әр бетін әліппенің күліп ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

2-оқушы:Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келел алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік кеп.

3-оқушы: Өмірдегі жолымды өзіңнен бастадым,
Есімде менің әріптерді атап-атап айтқаным.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
1- жүргізуші. Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы інмен тәтті күй- демекші Дәулет пен Диананың орындауында «Арман » күйін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші: Осы 4 жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтеріп, санамызға білім нәрін құйған, әр пән ұстаздары да бар.

2- жүргізуші; Осы ұстаздар еңбектерін неге айтпасқа.

3- жүргізуші. Дұрыс айтасың, Жанай. Олар да біздің білімімізге өз үлестерін қосты.

4-Жүргізуші. Еңбектеріңіз жана берсін, ҰСТАЗДАР.

1-оқушы: Анамыздай мейірімді құшақ ашып,

Жүресіз Фаина апай шуақ шашып .

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп

Барамын болашаққа қадам басып.

2-оқушы: Үйреттіңіз жалықпай,
Орыс тілін шарықтай.
Тіл сындырып, ән айтып,
Шаттандық біз шарықтай,
Сәулесін шашқан Айгүл апай.
Ағылшынды меңгерткен
Үйретуді жөн көрген
Гүлдана апай,
Ұрпаққа жаңа өн берген!

1 - оқушы: Үйреткен сөз өнерін, қыр-сырларын, Гүлденткен үлес қосып бала бағын.
Жанар апайға арналар шексіз алғыс,
Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.

1-жүргізуші: Бастауыш сыныпта, жоғары сыныпта өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия, т. б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендіңдер.

2- жүргізуші: біздің осындай білім алуымызға ата- анамыздың үлесі мол

3-жүргізуші: Жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырған ата-анамыз.

4- жүргізуші: Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі сол ата-аналарымыздың арқасы.

1 - жүргізуші: Біздің ата - аналарымыз ұстазымызбен бірге оқып, шыдамдылық танытып көп еңбек етті. Бала тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін мың да бір рахмет!

1-жүргізуші: Ыстық - ау кім -кімге де әке деген,
2- жүргізуші:Суыққа шалындырмай мәпелеген.
3- жүргізуші:Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
4- жүргізуші:Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек.
1-оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,
Ақылды балаларың оны білген.
1- жүргізуші. Барша әкелерге арналған Мерекеқызы Жанайдың орындауында «Әкетайым» әнін, әкелер, қабыл алыңыздар.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпты аяқтау салтанатының сценарийі - Бастауышым - балбұлағым
Бастауышым балбұлағым: 4-сынып түлектерінің бастауышпен қоштасу мерекесінің сценарийі
Қош бол, бастауышым, балбұлағым атты 4-сынып түлектерінің бастауышпен қоштасу мерекесінің сценарийі
Сейфуллин атындағы орта мектептің Бастауышым балбұлағым атты бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценарийі
Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі Бастауышым балбұлағым: сценарийі мен тәрбиелік мақсаты
№41 жалпы білім беретін орта мектеп: 4 а сыныптың Бастауышым - Балбұлағым қоштасу мерекесінің сценарийі (2009-2010 оқу жылы), жетекші Добрашева К.Ә.
Бастауышым - балбұлағым: 4-сынып оқушыларының бастауышпен қоштасу мерекелік шарасы
Күршім орта мектеп-гимназиясы 4 «А» сыныбының Бастауышым - балбұлағым қоштасу кешінің сценарийі
А.С. Пушкин атындағы гуманитарлы-экологиялық гимназияның 4-сынып оқушыларына арналған Бастауышым балбұлағым қоштасу кешінің сценарийі
Бастаушым - балбұлағым: бастауыш сынып бітіру салтанатының сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz