Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұстазым әні жүргізуші

№1 Хромтау орта мектебі

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: <<Ұстаздық еткен жалықпас>>

Сыныбы: 2а
Өткізген: Марат Г.М

2015 оқу жылы

Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас...
Мақсаты: оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Міндеті: оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.
Барысы:
Сахнаға бірінші және екінші жүргізушілер шығып сауықты бастайды.

жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты Ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. Бәрімізге тәлім - тәрбие беріп, сауатымызды ашқан ардақты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын !
(көңілді күй ойналып, оқушылар сахнаға шығады.)

жүргізуші:
Оқымысты білгіш ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан.
Отандық жас - кәріден,
Оқушының бәрінен,

Бәрі:
-- Ұ С Т А З Д А Р Ғ А М Ы Ң А Л Ғ Ы С !

Ән: Ұстазым менің ұстазым <<Қыздар-ай>> тобы
жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз оқушыларға беріледі, әсем ән орындалады

О қ у ш ы л а р:
Бірінші оқушы:
Таудай биік талабым,
Таңдап білім аламын.
Ғарышкер боп ғарышқа,
Жол салуды қаладым.

Екінші оқушы:
Отанның, ел - ананың,
Мақтанышы боламын.
Туған елдің көгінде,
Жұлдыз болып жанамын.

Үшінші оқушы:
<<Ел сенімін ақтайды>>,
Деп ұстазым мақтайды.
Мұғалімнің әр сөзін,
Көкейімде сақтаймын.

Төртінші оқушы:
Басталғанда үзіліс,
Балалар шу көтерді.
Қым - қуыт бір қызық іс,
Бір мектепке жетерлік.

жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
Ортаға мың бұралған бишілер шығып <<Ұялы телефон>> биін билейді

жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан - жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М - мейірімді
Ұ - ұлағатты
Ғ - ғазиз
А - ақылды
Л - лайықты
І - іскер
М - маман

жүргізуші
Үйретіп бізге алғаш <<ӘЛІППЕНІ>>,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.

- Көрермендермен жұмыс:
- <<Менің алғашқы ұстазым>> сұхбат алу
Тапсырма
Тапсырмада сөйлем жасырылған, сол қимылды сипаттап мағынасын ашуы керек.
№1
-Мұғалім, кешіріңіз! Мен бүгін сабаққа дайын емеспін!
-ах, ах! Саған енді не істеу керек?
№2
-апа, маған, Нұргүл апай екі қойып берді. Барып ұрысшы!
-Ой, ботақаным-ай, ертең-ақ жойып аларсың, демала ғой!
№3
-апай, кешіріңіз, кіруге болады ма? Ұйықтап қалыппын.
-сабақтың басталғанына жарты сағат өтті.
-кешіріңіз, кеше түні бойы <<Ну, погоди>> көріп едім.
№4
-Ата, ата! Мына күнделікті бұрышқа қойшы.
-Балам, неге?
-Өйткені ол, қазақ тілінен екілік алды

жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін
Хор: <<Ұстазым>> әні

жүргізуші:
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Би: <<Валесь>>

<<Ұстазға көрсетілетін құрмет>>
1. Ұстаз кіргенде құрмет ретінде түрегелу.
2. Ұстаз алдында отырғанда тәртіп сақтау.
3. Сұрақтарға қолын көтеріп жауап беру.
4. Ұстаз айтқан ақыл кеңесің тыңдау.
5. Ұстазға жол беру.
6. Ұстаз берген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау.
7. Ұстаз алдында бей - берекетсіз күлмеу.
8. Ұстазды сабақтан бос уақытта қадірлеу.

жүргізуші: Олай болса осы ойымды шынайы деп сезінуіме әсер етер
Ән: Ертегілер хор
жүргізуші:
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Би: Буги буги
Қорытынды бөлім.
жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік кешіміз мәресіне жетіп, сіздермен қоштасамыз.

Ұқсас жұмыстар
Басталған балалық көктемім, Қош бол, бастауыш мектебім
Ұстазым менің, ұстазым
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Бастауыш білімнің бұлағы
Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік
Ұстазым менің
Армысыздар аяулы ұстаздар
Бастауышым шамшырақ-балғын бөбек балбұлақ
Қош бол, сүйікті бастауышым
Менің- алғашқы ұстазым!
Пәндер