Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сыңғырла соңғы қоңырау- 2012
Сыңғырла соңғы қоңырау- 2012.
Өтетін күні:
Өтетін уақыты: сағ 8.30
Өтетін орны: Мектеп алаңы
1- жүргізуші. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! 2011-2012 оқу жылын аяқтауға
арналған «Соңғы қоңырау» мерекесін бастаймыз!
2- жүргізуші. Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
1- жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді қонақтар, мектеп бітіруші түлектер,
мектеп шәкірттері!
2- жүргізуші. Еңбегін ел мерейін асыруға жұмсаған аяулы ұлдары мен
қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі
саналатын «Соңғы қоңырау» салтанаты да біздің мектебімізге келіп жетті.
1-жүргізуші Бүгінгі күн! 11 жыл бойы тәлім тәрбие берген ұстаздар мен ата-
аналардың еңбегінің жемісі саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан
шығып, үлкен өмірге қадам басатын қуанышты күні.
2-жүргізуші. Бүгінгі күн! Өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, өткенге
есеп беру, болашаққа барлау жасайтын сындарлы да сынды уақытқа жаңа 2011-
2012 оқу жылына қадам бастауға жол салатын күн.
1-жүргізуші.
Жаңашаруа қазақ орта мектебінің 2011-2012 оқу жылындағы соңғы қоңырау
салтанатын ашық деп жариялаймыз.
(Бимен ашылады)
2-жүргізуші.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене
аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы
отыр. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі
өшпесі анық. Ендеше, мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.
Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші.
-Қарсы алыңыздар! 11 «а» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі-Сағынбай Айжан.
Сыныпта 10 оқушы. Олар: «Алтын белгі» үміткерлері – Шәкенова Айжамал,
Қайдар Жанар, Қаламғалиева Назира, Жоламанова Райхан.
2-Жүргізуші:
-Қарсы алыңыздар! 11 «ә» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі-Жұмақұлова
Гүлназ. Сыныпта 10 оқушы. Олар: Орынбасарова Меруерт- биология пәнінен
облыстық ғылыми пәндер олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері, Сұлтансиықова
Ләйлә - информатика пәнінен аудандық ғылыми пәндер олимпиадасының
жүлдегері, Аманжолова Ақсәуле – тарих пәні бойынша «Туған жердің жер-су
атауларын зерттеу» тақырыбымен аудандық- облыстық ғылыми-жоба байқауының
жүлдегері, аудандық ғылыми пәндер олимпиадасының жүлдегері. Хамзина Оралсын-
ағылшын тілі пәнінен аудандық ғылыми пәндер олимпиадасының жүлдегері.
Оразова Наргиз қазақ тілі пәні бойынша «Эмоциональды-экспрессивті сөздер»
тақырыбымен аудандық-облыстық ғылыми-жоба байқауының жүлдегері.
1-жүргізуші:
-Қарсы алыңыздар! 11 «б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі- тарих пәнінің
мұғалімі Аққожиева Гүлнара.Олар: сынып оқымыстысы – Зағыпарова Гүлбағыт,
сынып белсендісі- Төкенова Әсем, компьютер шебері –Шалтауова Айнұр,
бармағынан бал тамған домбырашы-Берегенова Айдана, жезтаңдай әнші –Берікова
Орынгүл, мектеп КВН тобының белсенді мүшесі-Нұралин Асылбек, сүйкімді
оқушы-Қылышов Тұрлыхан, салмақты оқушы-Телов Әл-фараби, сыныптың сабырлы
оқушылары– Тұрниязов Парасат пен Әбілғалиев Айболат.
2-Жүргізуші:
Естілгенде көк аспанның астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей боп шарықта,
Бар қазақ боп мен өзіңе бас ұрам!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!
(Ту көтеру------------------------------------------------------------------
------------------)
1-жүргізуші:
Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек:
1.--------------------------------------------------------------------------
--------------------
2.--------------------------------------------------------------------------
--------------------
3.--------------------------------------------------------------------------
--------------------
4.--------------------------------------------------------------------------
-------------------
5.--------------------------------------------------------------------------
-------------------
2-Жүргізуші:
Өмірде өшпейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол-
болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау
мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым , қала
берді азаматтық қамқорлығым деп түсінген мектеп директоры Рашқалиев
Абат ағайға сөз береміз.
1-жүргізуші:
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан,-дей келе құттықтау сөзді ауылымыздың әкімі
Мырзағалиев Мұратбек ---------------- береміз.
2-Жүргізуші:
Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,
Мәртебең де биіктейді мейрам барда.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,
Сөз кезегін береміз меймандарға.
1.--------------------------------------------------------------------------
-------------------------------
2.--------------------------------------------------------------------------
-------------------------------
1-Жүргізуші:
2011-2012 оқу жылының қорытындысы туралы мектеп басшысының бұйрығын
таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Мүсілім Мейрамғали Серікұлына
беріледі.
(Мектептің үздік оқушыларын марапаттау кезеңі)
2-Жүргізуші:
Ал енді келесі кезекті 1-4 сынып оқушылары күтіп тұр. Олар аға -әпкелеріне
өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірмекші.
(1-4 сынып оқушыларының әдеби-әуендік монтажы)
1-Жүргізуші:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз-ғалым, толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар қадірлі,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын!
(11 сыныптардың әдеби-әуендік монтажы)
2-Жүргізуші:
Өскелең ұрпаққа «Білім кілтін» тапсыру құрметін мектеп бітіруші түлек-------
---------, қабылдап алу құрметі 1-сынып оқушысы -------------- беріледі.
1-Жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Маханға және ардагер ұстаз Еңсепқалиева
Ұлмерек апайға сөз кезегін жолдаймыз.
2-Жүргізуші:
Еңбегің жанып күні ертең,
Көрінсін арман асқары.
Бірге өткізген күндерін қысы-жазы,
Жазып шықты қаншама іс қағазын.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына
(11 сынып жетекшілеріне сөз беріледі.)
1-Жүргізуші:
Кезекті аманат тапсыру құрметін мектеп бітіруші түлектер ------------------
--------------------------------------------------------------------,
аманат қабылдап алу құрметі -----------------------------------------
беріледі.
2-Жүргізуші:
Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан
астам қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп
табалдырығын аттағанда естідіңдер, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың
аяқталғанда. Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше.Ол мектеп кезеңіндегі сендер
үшін сыңғырлайтын соңғы қоңырау болмақ.
1-Жүргізуші:
Соңғы қоңырауды соғу рәсімі 11 сынып оқушылары ----------------------------
- және 1 сынып оқушылары ---------------------------------тапсырылсын.
(Қоңырау соғу реті: 11 сыныптың ұлы 1 сыныптың қызын, 11 сыныптың қызы 1
сыныптың ұлын жетектеп, жиынның ортасына келіп, екі жаққа айрылып,
қоңырауды соға жүріп, орындарына келіп, ұзақ сыңғырлата соғады.)
2-Жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түсірілсін!
1-Жүргізуші:
Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден асып, 11 көктем, 11 күзді
өткізген мектеп сендерге қыймастықпен қарайды. Ұстаз қауымы мен мына
жиналған халық сендерге тек сәттілік, ақ жол тілейді., армандарыңның биік
шыңына жете беріңдер.
2-жүргізуші:
Қоштасады ұшқан ұяң-мектебім,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар»-деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін!
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер! Осымен 2011-2012 оқу
жылын аяқтауға арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты
жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Қымбатты біздің түлектер, жолдарың болсын, сәт сапар, ақ жол тілейміз!
(Барлық оқушылар гүл шоқтарын жоғары көтеріп, қолдарын бұлғайды, сол
кезде «Сәт сапар, түлек-2012» деген лентада жазуы бар көгершін макеті
аспанға ұшырылады)
Соңы.
Дайындаған: Г. Қабдол
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz