Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Елбасының жолдауынан хабардар етіп, алда қойылған мақсат - міндеттер туралы мағлұмат беру
Сынып сағаты: " Мәңгілік ел"
Мақсаты:
1. Оқушылардың білім беңгейін, сөздік қорын дамыту;
2. Елбасының жолдауынан хабардар етіп, алда қойылған мақсат - міндеттер туралы мағлұмат беру;
3. Отанын сүюге, ел-жұртын құрметтеуге, адалдыққа тәрбиелеу.
Мұғалім: Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы, киелі ошағы. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешемін. Асқар таудың биік белесінен жарқылдай жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған <<Қазақстан>> атты жазуды байқап, оның мәртебесі аса жоғары, мерейі өте үстем, тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен сезіп мәз-мейрам боламын. Қазақстанның басты әрі өрісті байлығы халқы шын тебіреніп, ұмтыла алға адымдап барады. <<Қазақстан>> атты ұлы есім және осы елдің бейбіт келешегі адамзатты ұйыта ойландырады. Біздің қазақтың жүрегіне мықты намыс, айбарлы арыстандай қайратты күш-жігер жиналған. Сондықтан да олар Қазақстанның айбынға толы келешегі үшін ауызбіршілігін молайта бірлесіп, күресе, атсалыса біледі. Болашақта жұлдызды Қазақстан әлемдік аренаның басты орнына ие болады деп нық сенеміз.
Қазақстан Республикасы - Еуразиянын орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы-2724 мың км[2]. Халық саны бүгінгі танда 16 млн.403 мың. Қазақтың үлес салмағы 61%-дан асты. Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Діни нанымның негізгі бағыттары-ислам және христиан діндері. Елордасы-Астаны қаласы. Мемлекет басшысы-президент. Заң шығаратын жоғары органы-сенат және мәжілістен тұратын парламент. Атқарушы билігі-республика үкіметі.ақша бірлігі-теңге.
Елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде.
Әркімнің өз жері - мысыр шаһары. Мысыр шаһары деген сөздің мағынасы-әдемі, сұлу, қасиетті деген мағынаны білдіреді. Мен өз елімді мақтаныш етемін.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы - - егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлықсаласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс - жоспарға құрылған шын мәнінідегі тарихи құжат.
Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз - <<Қазақстан - 2050>> Стратегиясын орындаудың жеті бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз.
Елбасының Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді.Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін <<Мәңгілік ел>> ұлттық идеясы жарияланды. Сондықтан бұл Жолдау - жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары. Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу <<Мәңгілік ел>> мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.
Айғаным:
Жыл сайынғы Жолдау қоғамдық өміріміздегі елеулі оқиғаға айналатындылығы белгілі. Сондықтан да болар, биылғы Жолдауды да қалың жұршылық елендей тосты. Жолдауда елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он негізгі бағдары айқындалып, нақты міндеттер белгіленді. Айтылған негізгі 10 бағыттың ең маңыздысы - әрине, халықты еңбекпен қамту тұрғысындағы келелі міндеттер. Аталмыш мәселе тек біздің елімізде ғана емес, дүниежүзінде де алдыңғы орында тұр десек, қателеспейміз.
Аяна:
Сондай-ақ, биік мінберден айтылған денсаулық сақтау саласын дамыту, онкологиялық ауруларға қарсы күрес тұрғысындағы пайымды пікірлер де жұртшылықты жай қалдырмады. Адамдарды жұмыспен, қолжетімді баспамен, сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету бүгінде көпшілікті толғандырып отырған ең өзекті мәселелер екені белгілі.
Жалпы, биылғы Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауында еліміздің 2050 жылғадейінгі даму бағдарына арналған нақты міндеттер мен мақсаттар айқындалып, оны жүзеге асыруға байланысты атқарушы органдарға тапсырмалар белгіленді.
Темірлан:
Республикам менің, күн көзімен таласқан,
Аспан көрсен Ай мен Күнге жол ашқан.
Менің байтақ Респебликам таулары,
Менің көгім мөлдіреген көк аспан.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсен ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүрген.
Мақал-мәтел
Қорытынды:
<<Біз барлық күштерді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға шақырамын>>
(Қазақстан халқына Жолдауынан)
Сендер Отанымыздың болашақ ұрпағысындар. Жақсы оқып, тәртіпті болып, өз елінді, жерінді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі, тірегі атанындар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz