Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ана қымбат, қалқам
Аналар мерекесі тәрбие сағаты
<<Ана - өмірдің шуағы>>
1-жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
2-жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
1-жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананның шапағат мейіріміне жетпейді.
2-жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол - анамыз.
2-жүргізуші: Бүгінгі 8-наурыз - аналар мерекесіне арналған <<Ана - өмірдің шуағы>>
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.
1-жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
1-оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2-оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
3-оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
4-оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
5-оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
6-оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
7-оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, - деп, Абай атамыз айтқандай Дулаттың орындауындағы <<Адай>> күйін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге - демекші, ендігі кезекте қазақтың
<<Қазақ биі>>, қабыл алыңыздар.
Би <<Қазақ биі>> Дамели, Аяжан
1-жүргізуші:
Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, - дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.
<> әні Р. Аяна, Нұрсұлу, Ламисса
2-жүргізуші:
Ойын <<Анамның даусы>> Барлық балалардың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың даусының арасынан, өз анасының даусын тану арқылы табу керек.
2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Сіздердің алдарыңызда Лезгинка
Таң қалдырып қанекей би билеңдер !
2-жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
<<Ана>> деп біздің халық текке айтпаған, - деп кезекті көрініске береміз.
Көрініс <<Әжесі мен немересі>>
Немересі: -Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: -Адам қымбат, қалқам.
Немересі: -Адамға не қымбат?
Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.
Немересі :-Балаға не қымбат?
Әжесі: -Ана қымбат, қалқам.
Немересі: -Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: -Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: -Дүниеде не қатты?
Әжесі: -Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса - ағайын жақын,
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарыңдасын.
Немересі:-Түсіндім, әже.
<<Дүниеде не қымбат екенін?>> енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
1-жүргізуші:
Жан-жақты бізде қыздар, ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей ортаға шық!
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада <<Спорттық көрініс>> қабыл алыңыздар. Айя, Дулат-Диас, Альнұр-Алан
1-жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, - деп, ендігі кезекте <<Жан - анашым>> әні, қабыл алыңыздар!
Хор <<Жан - анашым>>
8-оқушы:
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да қүттықтап,
Мерекесің тойлаймыз!
oo Ендігі кезекте қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық!
Арай мен Адель <<Пузыри>>
2-жүргізуші:Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
1-жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала - шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт - береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!
Сынып оқушылары аналарына жасаған ашық хаттарын береді, қыздарға арналған сыйлықтарын ұсынады.
Осымен сіздерге арналған концертіміз аяқталды, сау болыңыздар!

<

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz