Тәрбиеші мамандығы: міндеттері, жауапкершілігі және педагогикалық ұстанымдары

Тәрбиеші болу -бір бақыт!

(Эссе)

Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық

ол - Ұстаздық. Мамандық таңдау -әр адамның ең маңызды шешімі. Осыдан 11жыл бұрын «Ұстаздық» деп аталатын қиын да, қызық әлемге апарар соқпаққа түсуге бел будым.

Арманым орындалды, бұл қасиетті соқпаққа аяқ бастым.

Орал педагогикалық колледжіне оқуға түстім. Мен өз армандаған мамандығыма қол жеткіздім. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол - өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық, әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі.

Ал тәрбиеші болу - айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді.

Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Жатақхана тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі күннің үміттері - жас ұрпақ үшін жандары ашитын, сол ұрпақты тәрбиелеуге тер төгіп жүрген адамдардың бірі. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу - біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады.

Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.

Тәрбиеші . . . ! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды да, мағыналы сөз деп білемін. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он алты жыл болған екен. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Сондықтан да бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл - бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін жан-жақты білетін, тәрбиеленушілерді жан-тәнімен сүйе алатын, оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан ғана келетін жұмыс. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына серпін беріп, негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.

Еліміздің болашағы- жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік білім беру мекемесі. Сондықтан да

қазіргі заманға сай халықымыздың ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі, әдеп -ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, жатақханадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыра білуіміз керек. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап, үнемі салт- дәстүр аясында өседі. Бала тәрбиесінде халықтық, тұрмыстық салт-дәстүрдің туу себептерін даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор.


Ұқсас жұмыстар
Тәрбиеші мамандығы: бақыт, жауапкершілік және педагогикалық шеберлік
Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі
Тәрбиеші мамандығының мағынасы мен педагогикалық тәжірибесі
Мейірім мен кәсіби жауапкершілік: мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудегі тәрбиешінің педагогикалық ұстанымдары
Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту: мұғалімнің педагогикалық міндеттері мен мектептік тәжірибе
Ұстаздық - өмір салты: математика-информатика мұғалімінің педагогикалық ұстанымдары мен 26 жылдық тәжірибесі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби жауапкершілігі мен инновациялық педагогикалық әдістердің маңызы
Ұстаздық - жүректің батырлығы: педагогикалық қызметтің мәні мен жауапкершілігі
Ұстаздың рөлі мен жауапкершілігі: Сұлтанова Гүлсая Қонысбайқызының педагогикалық тәжірибесі
Педагогикалық этика пәні мен міндеттері: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz