3-сынып қазақ тілі: сөз таптарын және жалқы мен жалпы есімдерді бекіту

Қазақ тілі. 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты: 1. Сөз таптарын ажырата білу. Жалқы есім мен жалпы есім туралы берілген білімді кеңейту және бекіту.

2. Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүние танымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Адамгершілік және ақыл- ой тәрбиесін беру, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дина Нұрпейісованың, Құрманғазының, Абайдың суреттері, созжұмбақ, тірексызба, суреттер.

Әдістері: Сұрақ- жауап, ой толғау, ойын, топтық жұмыстар.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру. 195- жаттығуды тексеру.

Ана тілі пәнімен байланыстырып, Дина мен Құрманғазының кездескен сәтін әңгімелетіп айтқызу.

Тағы қандай күйшілерді білесіңдер? Оқушылардан сөз таптары туралы сұрақ- жауап арқылы сұрап, сабағымды бастаймын.

Топпен жұмыс. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

  1. Топ зат есімді сын есіммен тіркестіріп сөз тіркесін жасау
  2. Топ зат есімді етістікпен тіркестіріп, сөз тіркесін жасап айту

Оқулықпен жұмыс. 197- жаттығу. Сөздерге көптік жалғауын жалғап, көшіріп жазу.

  1. Топ қыран сөзін қатыстырып сөйлем құрап жазу.
  2. Топ батыр сөзін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

5 минуттық эссе жазу. Шығармашылық тапсырма.

197- жаттығу. Мәтінді оқып, зат есімдерді табу. Қарамен жазылған зат есімдерді сөз құрамына талдап айту (құстардың, ормандарға, құрттарды)

Бірінші және ең соңғы сөйлемдерді көшіріп жазу. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою.

  1. Бөлім. Мысықторғай.
  2. Бөлім. Мысықторғайдың пайдасы.

Венн көрсетуі.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі ?
  • Қыс.
  • Қыста не болады ?
  • Қар.

Ендеше қыс және қар сөзіне сипаттама беріп көрейік.

қыс қар

«Ой толғаныс» кезеңі. «Аңшы» тақырыбына шығарма жазу.

«Кім тапқыр» ойынын жүргізу арқылы «сөзжұмбақ» шешу.

А
Н
А
:
А: Б
Н: А
А: Л
: Ғ
А
: А
А: Й
Н:
: Қ
А: О
Н: Й
А:
:

1. Дүниедегі ең асыл да қымбатты адам кім ?

2. Шегені қабырғаға кіргізетін не ?

3. Түнді жарық ететін не ?

4. Қозының енесі .

Сөзтізбек ортасының Абай есімі шығады. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңінен 1 шумақ оқып беріп «аңшы» туралы шағын шығарма жазу.

Бағалау.

Сабақты қортындылау.

Үйге тапсырма: 198- ЖАТТЫҒУ.

Пангалиева Сағима Сайынқызы

Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Қарауылтөбе ауылы

Ақжайық ауданы

Батыс Қазақстан облысы

C:\Users\IT\Desktop\20150330_190753.jpg


Ұқсас жұмыстар
2-сынып қазақ тілі: Жалқы және жалпы есімдерді пысықтау
2-сыныпқа арналған Сөз таптарын бекіту сабағы
Сабақ жоспары: Зат есім - жалпы және жалқы есімдерді меңгерту
Сөз таптары: зат есімнің түрлері (жалпы, жалқы) және көпше түрі
2-сынып қазақ тілі пәні үшін ашық сабақ жоспары: Жалқы және жалпы есімдер
Қазақ тілі: жалпы және жалқы есімдерге арналған сабақ жоспары
2-сынып қазақ тілі: Мәтін түрлері - сипаттау мәтіні және жалқы мен жалпы есімдер ашық сабағы
3 «А» сыныпқа арналған сабақ жоспары: Жалқы және жалпы есімдер
3-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Сын есімдерді тану және қолдану
3-сынып: есептік және реттік сан есімдерді бекіту сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz