Мәңгілік елге саяхат: тарих пен география пәндері бойынша сабақтан тыс интеллектуалдық ойын

Сабақтан тыс сабақ.

Тақырыбы: «Мәңгілік елге саяхат»Интеллектуалдық ойыны.

Күні:

Сабақтың мақсаты:

Қазақ елінің жері, тілі, тәуелсіздік жолындағы белестерінен, сыр шертетін бұйымдар арқылы географиялық ұғымдарға өту. Қазақ жерінің пайдалы қазбалары, ұлттардың таралып орналасуы, бүгінгі Қазақстанның тынысынан сұрақтар беру арқылы оқушыларға географиялық білімді шыңдау. Болашаққа бағдар беру, мемлекетіміздің елдігін нығайту жас ұрпақтың еншісінде екендігін сезіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Қазақ тарихы белестерін кіріктіре отырып тарихи, мәдени топтар құру. Географиялық білімдерін жетілдіру, жан-жақты пән аралық байланысты дамыта отырып, жуйелі ой-өрісін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Отанын, ұлтын, тілін сүюге үйрету, сахына мәдениетін сақтауға, өз елінің, өзге елдің мәдениетін құрметтеуге шақыру. Өз мүмкіндіктерінше ұлттардың киімдерін кию, уй тапсырмасына беріледі. Егеменді еліміздің рухты, ұлтжанды ұрпағын тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі «Тарих және география»апталығында өткізіліп отырған « Мәңгілік елге саяхат» атты сабақтан тыс сағатымызды бастаймыз.
Мақсаты:

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суғарған.
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап жатып, уанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
дей отырып ойынымыздың шартымен таныстырып өтейін. Әділқазылар алқасын тағайындау. Ұстаздармен оқушылардан құрылуы шарт. Баға тағайындау заттық көрнекіліктер негізінде жүзеге асады.

5-ту беріледі.

4-тақия беріледі.

3-гүл және шар беріледі.

1. Таныстыру. топ ұраны, белгісі, киімі.

1. Сөз жасырған бұйымдар: Сандық - Қазақ зиялылары туралы ұлт қайраткері ретінде танымдық сипаттама. . Домбыра - өнеріңді көрсет. Кигіз үй -Картаға еліміздің пайдалы қазбаларын орналастырсын. Қоржын - Берілген тапсырмаларды сәйкестендір.

2. Мәңгілік елдің 1қаласын таңдаймыз. 1. Семей - Масштабына қарай карта нешеге бөлінеді. 2. Алматы-Географиялық атаулар. 3. Атырау-Карталарды мазмұнына қарай жікте. 4. Көкшетау - Ендік бойлық ұғымдары.

3. «Бәйге» Инттеллектуалдық викторина.

Конго -өзенінің ерекшелігі?

Жер бетін ұшақпен түсіру?

Атмосфера қабықтары?

Азимут-нендей мағына береді?

Нілдің салалары?

Сейсмогроф-кім?

Гейзер-қандай ұғым береді?

Лава-қандай ұғым береді?

Африканың ең суы мол өзен?

Сомали -не?

Африкадағы ең үлкен көл?

Гвинея -не?

Ойыншылар берілген сұрақтарға жауап беру керек? Дұрыс жауап-ту, қате жауап-жүлдесіз.

Барлық « Мәңгілік елдің тұрғындарын» сахнаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Қасиеттіңді қастерлеп басымды да иемін.
Табиғатым тұнып тұрған қазына,
Соның бәрін аялаймын, сүйемін.
2. Ата - бабам жанын қиып қорғаған,
Тәңірі қолдап, бақ - береке орнаған.
Қазақстан - азат елсің сен бүгін,
Ақ тілегін болашаққа арнаған.
3. Қазақстан - көк байрақты нұр едің.,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым тірегім.
4. Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
5. Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаның болам, жолыңда сенің,
Құлпырып мәңгі жасай бер жаса,
Сүйікті отан, сүйікті елім.

Әділ қазылар алқасы ой түйіндейді. Ең көп ту жинаған топ марапатталады.
Жас қанат тобына ән кезегі беріледі.

Қорытынды. Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі «Тарих және география»апталығында өткізіліп отырған « Мәңгілік елге саяхат» атты сабақтан тыс интелектуалдық ойынымыз аяқталды. Көңіл бөлгендеріңізге көп - көп рахмет.


Ұқсас жұмыстар
Информатика әлеміне саяхат: Алтын қақпа сабақтан тыс интеллектуалдық сайыс сценарийі
Зеректер сайысы: химия, биология және география пәндері бойынша интеллектуалдық байқау
ЗЕРДЕ интеллектуалдық ойын-сайысы: география пәні бойынша турлар мен тапсырмалар
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс Жұлдызды сәт интеллектуалдық ойын сценарийі
Жаратылыстану пәндері апталығындағы МИФ әлеміне саяхат: математика, информатика және физика бойынша танымдық ойын
Миллион кімге бұйырады: тарих пәні бойынша интеллектуалдық ойын сабақ жоспары
Экологиялық мәселелер бойынша мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру - Практикалық сабақ №5
ШҚО Күршім ауданы Үшбұлақ орта мектебінің Тарих көшбасшысы - Егемен елге білімді ұрпақ интеллектуалдық ойының сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған Тәуелсіз елдің танымы мол ұландары интеллектуалдық олимпиадасының сабақтан тыс жұмыс жоспары
Тарих пәні: мәдениеттану білімдерін қорытындылау мақсатындағы интеллектуалдық ойын сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz