Теңгенің тарихы

Дамытушылық : оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік : өз елінің мәдени - экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан - жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, азаматтық тәрбие беру.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т, б суреттері салынды.

Менің әлемімдегі теңге, ақша уралы
10 сөз. Оқушы өз ойын параққа жазады.
1 кезең
Ой қозғау
Кумулятивті әңгіме
Мұғалім:
Тенге туралы не білеміз?
Мұғалім:
Теңгелердегі тұлғаларды атаңыз?
Мұғалім:
Бүгінгі теңгенің жағдайы қалай болуда?
Оқушы:
Теңгеге кез келген қалаған заттарды сатып алуға болады.
Оқушы:
1 теңгеде - әл Фараби
3 теңгеде - Сүйінбай
5 теңгеде - Құрманғазы
10 теңгеде - Шоқан
20 теңгеде - Абай
50 теңгеде - Әбілқайыр хан
100 теңгеде - Абылай хан
Оқушы:
Теңге құнсызданып жатыр.
2 кезең
Слаид
«Теңгенің тарихы»
Теңгеге тілек жазу арқылы сабақ басталады.
Слаид көрсетіледі. Түсінік айтылады. Оқушылардың көзқарасы тыңдалады.

Басы-мәселе
Оң жақ қабырғасы-неге бұл туындады
Сол жақ қабырғасы-мәселені қалай шешеміз
Құйрығы -болдырмау шаралары
Слаид
Теңгедегі тұлғалар
/жұптық тапсырма/
3 теңгеде - Сүйінбай
5 теңгеде - Құрманғазы
10 теңгеде - Шоқан
20 теңгеде - Абай
50 теңгеде - Әбілқайыр хан
100 теңгеде - Абылай хан
3 кезең
Бағалау
Балалар бүгінгі сабақ несімен ұнады ?
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: § 58 Ұлттық теңге - мақтанышымыз.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, тірек сызбаларымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Р. картасы, тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар.
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:
І Ұйымдастыру (1 минут)
1) Амандасу.
2) Сынып тазалығын тексеру
3) Оқушылар назарын сабақ барысына аудару.
ІІ Үй тапсырмасың сұрау. (15 минут)
І. Миға шабуыл: ( )
1) Рәміздер дегеніміз не?
Жауабы: (Мемлекеттерді бір - бірінен ажыратып тұратын нышан - белгілер)
2) Батыс Түрік қағанатының туы қалай аталған?
Жауабы: («Қош жалау»)
3) Көне түрік байрақтарында негізіне қандай аң бейнеленген?
Жауабы: (Қасқыр)
4) Уыз ханның алтыннан құйылған рәмізі қалай аталады?
Жауабы: (Бөрілі ту)
5) Ежелгі тулардың тарихынан мол мәлімет беретін аса құнды дерек қалай аталады?
Жауабы: (Таңбалы тас)
6) Найман тайпасының ұраны -
Жауабы: (Қабанбай)
7) Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кімдер?
Жауабы: (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
8) Қазақстан Республикасының туының авторы кім?
Жауабы: (Ш. Ниязбеков)
9) Әнұранның авторларын ата
Жауабы: (Ж. Нәжміеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
10) Қандай жағдайда тулар көтеріліп, мемлекеттің әнұраны орындалады?
Жауабы: (Екі жағдайда: 1 ) Мелекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда; )
ІІ Терминдердің мағынасын ашып айт
1) Тарих
2) Геральдика
3) Виксикология
4) Сфрагистика
5) Герб
Жауаптары:
1) «Зерттеу», «Оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағына білдіреді.
2) Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы
3) Туларды зерттейтін ғылым саласы
4) Мөрлерді зерттейтін ғылым саласы
5) Белгілі бір айшықты белгісі бар мемлекеттің негізгі таңбасы, нышаны.
ІІІ. Цифрлы диктант
1) Қазіргі кездегі дүние жүзіндегі мемлекеттер саны; (224)
2) «Он оқ будун» рәміздік белгілері Батыс Түрік қағанатында қабылданды (635 жылы)
3) Таңбалы таста қанша сурет салынған (2000-ға жуық)
4) Қазақ АКСР - інің елтаңбасы қабылданды (1925 жылы)
5) Қазақ КСР - інің елтаңбасы қабылданды (1937 жылы)
6) Елтаңбадағы жазу латын әрпінен кириллицаға ауыстырылды (1940 жылы)
7) Жоғарғы кеңес Қазақстан Республикасының елтаңбасын бекітті (1992 жыл)
8) Қазақстан Республикасының Туы бекітілді (1992 жылы маусым)
9) Тұңғыш әнұран қабылданды (1992 жылы желтоқсан)
ІҮ. Рәміздердің айшықты белгілері нені білдіреді?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру. (20 минут)
Жоспар:
1) . Нумизматика дегеніміз не?
2) . Теңгенің шығу тарихы
Нумизматика - табылған теңге, ақша жасауға қолданылған материалдар бойынша ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым.
Нумизматиканың негізін салушы - веналық коллекционер, оқымысты И. И. Эккель (1734 - 1798)
Пегуния латын тілінде ақша деген мағына білдіреді
Айырбас сауда түрлері:
Меланезия - акула тістері
Монғолдар - кірпіш шай
Көшпелілер - мал және мал терісі
Әр елдің өзінің ұлттық ақша бірлігі яғни валютасы болады.
Мысалы:
1 теңгеде - әл Фараби
3 теңгеде - Сүйінбай
5 теңгеде - Құрманғазы
10 теңгеде - Шоқан
20 теңгеде - Абай
50 теңгеде - Әбілқайыр хан
100 теңгеде - Абылай хан
Қазіргі күні бұл қағаз ақшалар металл ақша түрлерімен ауыстырылды.
Жаңа ақша түрлері де енгізілуде. Мысалы:
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
1. . Тарихи басқатырғыш
А) ҢЕЕГТ
В) РОЛЛАД
С) НИЕ
Д) ЬБРУЛ
К) МУС
Ж) ВЕОР
2. Ақпараттық қағазды толтыру:
Ұлттық валюта атауы Теңге
Туған жері Қазақстан
Туған айы, күні, жылы 15. 11. 1993
Жасы 19 жыл
Авторлар тобы М. Әлин, Х. Ғабжалилов. Т. Сүлейменов
Алғашқы шығарылған орны Англиядағы «Харрисон энд санс»
Номиналдары 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 1
Ү. Бағалау сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалап баға қою.
ҮІІ Үйге тапсырма беру:
Тақырыбы: Теңге - мемлекет келбеті
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрекілігі: Алғашқы теңгелердің үлгілері, «Теңге - мемлекет келбеті», жаңа сөздер.
Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту.
Теңгемен .
Ендеше тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Теңге - мемлекет келбеті».
«Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:( теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы, капитал) .
Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.
Теңге тарихын айтып бермейік.
Теңге тарихы
- Мемлекетіміздің елбасы - Н. Ә. Назарбаев.
- Қазақстан Республикасның тұңғыш Президенті болып қай жылы сайланды?
- 1991жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасчының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
- Президент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырды. Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жататының Сіздерге белгілі.
- Мемлекетіміздің Әұранның авторы кімдер?
- Мемлекетіміздің Туының авторы кім?
- Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер ?
(Оқушылар жауабын тыңдалады) .
Жүргізуші: Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өзі Ата Заңы, мемлекеттік рәміздер, ұлттық валютасы бар. Ал енді оқушылар теңге туралы не біледі екен?
1 - Оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Песпубликасы көлемінде пайдаланылатыгн заңды төлем құралы. Ақша - асылд қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасалған.
Жүргізуші: Теңге өмңірге оңайлықпен келген жоқ.
Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздстірілді.
2 -Оқушы:Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып, ішіндегі « мықтылары »Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізіліп, елдің қолына тиіп, ел мәре - сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің бастыюелгісі еді.
Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 19жыл толып отыр. Қазақ теңгесі Англияда басылдыы.
Жүргізуші: Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайның жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Төл теңгеміз тек өз еліміздің экономикасын ғана емес, көрші жатқан елдің экономикасына да үлесін қосты. Одан түскен пайда елге оралып экономикамыздың дамуына, халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуда.
Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.
ҚР 1995 жылғы 30наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі 2006жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 1 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар. Енді теңге туралы әңгімелейік.
Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою - өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Одан кейін жаңа айналысқа шыққан ақша мынадай болып өзгерді. (қазіргі қолданыстағы теңгелер көрсетіледі.
Теңгенің орталық бөлігінде « Астана - Байтерек» монументі бейнеленген . Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбсы жасыл түспен бейнеленген. Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанда Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.
Жүргізуші: «Тиыннан теңге құралады», - демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар?
(Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру)
Кім тез ұғып алды екен « Сиқырлы сандықша» ойынын ойнап көрейік.
-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар кімдер?
-Ақша қандай қызмет атқарады?
-Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
-Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған ?
-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?
-Қайдан несие алуға болады?
-Ақшаны қайда жинауға болады?
-Ұлттық валюта дегеніміз не?
-Теңге немен безендіріледі?
-Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?
-Қазақ теңгесі қайда басылды ?
-Сен ақшаны орынды жұмсай аласың ба?
Сабақты қортындылау:
Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге борлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіңдер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер! Сіздерге қатысқандарыңыз үшін рахмет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz