Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сабақтың тақырыбы Жүз жасаған бәйтерек
170
170
Алматы обл.Талдықорған қаласы.
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы
№18 орта мектеп - лицейінің кітапхана
меңгерушісі Ботаева Мария Данабатшақызы
Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған
Сабақтың тақырыбы <<Жүз жасаған бәйтерек>>
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың жыр алыбы Жамбыл туралы
деректерін молайту, тектілігін таныту, ізденістерінің көзін ашу;
ә) Әдеби тіл нормасы қалыптасқан, өзіндік ой-пікірін жеткізе алатын, сөйлеу мәдениетіне бейім, шығармашыл жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;
б) Әдеби, тарихи тұлғаларға сүйіспеншіліктерін ояту.
Сабақтың түрі брейн-ринг
Сабақтың әдісі аралас
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, , кітап көрмесі
Сабақтың өтілетін орны Мектептің акт залы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Кіріспе.
3. Ойын.
4. Қорытынды, марапаттау.
Кіріспе. Көзінің тірісінде-ақ <<Өлең сөздің пірі>>, <<Поэзия алыбы>>, <<Алатау сынды ақсақал>>, <<Жыр күмбезі>>, ал тоқсаннан асқан жасында <<ХХ ғасырдың Гомері>> атанған, ұлы Абайдың құрдасы Жамбыл - халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі. <<Жамбыл өзінің болмыс - тағдырымен, дарын-тегеурінімен, біртуар табиғатымен, өз заманының айнымас айнасы бола білді. Ол өзінің өлмес өнерімен тұтас дәуірдің шыншыл шежіресін жасай білді, өміршең ойларымен сол дәуірді саралап берді>> - деп елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, өзінің қайталанбас дарынымен сол дәуірдің өміршеңдігін жазба поэзиясы дамыған дәуірде де таныта білген жүйрік ақын.
Ұлттың тектілігін тану - сол халықтың көне тарихын, ежелгі әдеби және мәдени жәдігерліктерін, қисса-хикаяттарын оқып үйренуден басталса, соның дәлеліндей орталарыңызға 8-сынып оқушылары ұлы Жамбылдың 170 жылдығына арналған <<Жүз жасаған бәйтерек>> атты брейн-ринг ойынын әкеліп отыр, сөз жүргізушілерде.
1-жүргізуші. Құрметті қонақтар, оқушылар! Ойынымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі тамаша сайысымызға мектебіміздегі тіл жанашырлары
қадірменді ұстаздарымыз төрелік етеді.
2-жүргізуші. Екі бірдей ғасырды басынан өткерген көне көз қарт жырау Жамбыл Жабаевтың бүкіл ғұмыры өз ұлтының мәртебесін көтерумен өтті. <<Менің пірім - Сүйінбай,Сөз сөйлемен сыйынбай>> дегенінен-ақ, оның асқақ тұлға ұстазын қадірлеп, бетке ұстайтыны алға тартылады.
1-жүргізуші. Арғы-бергі заманалар көшінен елес беріп, туған жер туын тік ұстаған ержүрек ұлдардың ерлік істерін ұрпаққа үлгі етудегі оның қажыр-қайраты ерекше еді.
2-жүргізуші. Сонау Сүйінбай ұстазынан тартып жырға өзек болатын Сұраншы, Саурық, Өтеген, Қарасай батырлар атының дүбірі құлаққа жетіп жатса, онда Жамбылдың да үлесі үлкен.
1-жүргізуші. Түнді түнге ұластырып жұрт құлағына құйған ақындық құдіреті Жетісу жерінен асып, бүкіл әлемді шарлап кетті.
2-жүргізуші. Өз іргесін қымтап, дербес ел атанған Қазақстан атты алып мемлекеттің болашағын аңсаған ақындар мен батырлардың жүрек лүпілі небір дастандар мен қиссаларда тұнып тұрғаны анық.
1-жүргізуші. Жамбыл жыраудың жүз жыл соққан жүрегі де сол тәуелсіздіктің түп-тамырына үңіліп, жарқын болашақты аңсап өтті.
2-жүргізуші. Екі ғасырдың куәсі талмай толғаған, жүз жыл жырлаған жүректің шығармашылығынан білімдарлығымызды, бүгінгі <<Брейн-ринг>> арқылы танытамыз.
1-жүргізуші. Ойын шарты бойынша 1 саны көрсетілген жеребе тастаймыз, сол сан шыққан сынып оқушылары өздеріне қарсылас топты шақырады, ойын жеңген топтың шақыруымен жалғаса береді.
2-жүргізуші. Ал, топ жетекшілері, келіңіздер, іске сәт!
Брен-рингті жүргізу үшін сөз тізгінін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрсынхан Ескелдіқызына ұсынамыз.
І топқа
1. Жамбылдың ата-бабалары қалай аталады?
(Ұлы жүз - Шапырашты - Екей)
2. Жамбылдың айтуынан жазып алынған ертегі-аңыз дастан қалай аталушы еді?
(<<Бақ, дәулет, ақыл>>)
3. <<Өлең кірген түсіне, Жөргегінде мен болам...>> қай өлеңінен?
(<<Шағым>>)
4. Жамбылдың туған жылы?
(1846 жыл, 28 ақпан)
5. Туған жері?
(Теріскей Алатаудың солтүстік баурайы, Хан Жамбыл тауының етегінде)
2-жүргізуші. Әділқазы алқасы ұпай санын анықтап, жеңімпаз топты хабарлағанға дейін ----------музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар
ІІ топқа
1. Жамбылдың әкесінің аты?
(Жапа)
2. Анасының аты?
(Ұлдан)
3. Жамбылдың тұңғыш өлеңі қалай аталады?
(<<Шағым>>)
4. <<Әкеме>> өлеңі не жайлы?
(әкесінен бата сұрауы жайлы)
5. Жамбыл Сүйінбайдан қашан бата алған?
(1861 жылы)
1-жүргізуші. Жеңімпаз топ анықталғанша, ақын шығармаларымен сусындайық.
ІІІ топқа
1. 15 күн жырлаған дастаны?
(<<Көрұғылы>>)
2. Жамбылдың көлемді эпикалық дастандары?
(<<Өтеген батыр>>, <<Сұраншы батыр>>)
3. 1937 жылы желтоқсан айында Жамбыл бастаған делегация грузин халқының ұлы ақыны Шота Руставелидің қай поэмасының мерейтойына қатысады?
(<<Жолбарыс терісін жамылған батыр>> поэмасының 750 жылдық)
4. Абайдың ұлы Әбдірахман қайтыс болғанда Жамбылдың айтқан жұбату өлеңі қалай аталады?
(<<Жалғызбын деп жүрмесін>>)
5. Қазақ халқының патшаның қанаушылық саясатына қарсы шыққан өлеңінің аты?
(<<Халық кегі>>)
Жеңімпаз топты бағамдағанша музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар
Қорытынды.
1-жүргізуші. Жамбыл қазақ елінің өміріндегі тарихи оқиғаларды - Қоқан хандығының езгісін, Ақ патшаның отары болып, кешкен азап пен зардаптарын, Қазан төңкерісімен келген теңдік пен бақытты өмірді жырларының арқауы етті.
2-жүргізуші. <<Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен>> - деп М.Әуезов айтқандай, ақын Жамбыл халық поэзиясының алыбы атана отырып, өзінің өміршең поэзиясы арқылы қазақ халқын әлемге танытты.
1-жүргізуші. Енді ойынымызға төрелік етуші әділқазылар алқасына сөз береміз. (Ойын жеңімпаздарын марапаттау).

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz