Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Астана қаласы, №6 гимназия,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жакиянова Роза Алибековна
Абай - дана, Абай - дара қазақта!
(ақынға арналған кеш)
Сабақтың мақсаты:
1. Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет беру;
2. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту;
3. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының асыл мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу,сөз өнеріне, саз өнеріне деген сүйіспеншілікті ояту;
Сабақтың түрі: әдеби-музыкалық композиция
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тіл дамыту,техникалық құралдар көмегіне сүйену.
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, интерактивті тақта, нақыл сөздер, ақынның портреті, кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, музыка
Сабақтың барысы: Сәкен Тұрысбековтың <<Көңіл толқыны>> күйі орындалады, әуенмен ортаға 2 жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Құрметті жыр сүйер қауым! Бүгін ұлы Абай шығармашылығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым бас қосты. Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық. Олай болса Абай атамыздың рухына арналған кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе:
1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!
1-жүргізуші: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар - қатпар сырларын білгіңіз келсе:
1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!
2-жүргізуші: Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе:
1-2-жүргізуші бірге: Абайды оқыңыз!
1-жүргізуші: <<Туғанда дүние есігін ашады өлең>> деп өлеңге ерекше баға берген ақын өзі де нәзік те сыршыл ән жазады. Сондай ыстық сезімге толы әннің бірі - <<Көзімнің қарасы>>
Ән. Орындайтындар: 11-сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Өлең:<<Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы>>. Оқитын: 5<<А>> сынып оқушысы Төлеуов Арман
1-жүргізуші: Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Олай болса бүгінгі кешімізді әсем биімен 8-арулары жалғастырады.
Би: <<Еркеназ>>
2-жүргізуші: -Қандай ғажап! Пушкиннің Татьянасын қазақша сөйлеткен Абай орыстың басқа да ақындарының өлеңдерін аударған. Абай Лермонтовтың 24 өлеңін ерекше шабытпен аудара жүріп, Байрон мен Гетенің шығармаларымен танысады.
Ән: <<Қараңғы түнде тау қалғып>>.Орындайтын: 5<<б>> сынып оқушылары: Юсупова Дана мен Абдулда Эльвира
1-жүргізуші:
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың-
деп Абай атамыз жырлап кеткендей кезекті Абай өлеңдеріне берейік!
1. Оқушы: Әсемпаз болма әр неге
Өнерпаз болсаң, арқалан
Сен де бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға
2. Оқушы: <<Қыс>>
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдан-қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
3. Оқушы: <<Күз>>
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
- дей келе әсем ән тыңдайық!
Ән: <<Желсіз түнде жарық ай>> Орындайтын: Сағындықова Инеш
1-жүргізуші: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!
oo деп жырлап кеткен Абай атамыздың асыл сөздерінің сырын ұға білейік ағайын!
2-жүргізуші: Осымен біздің <<Абай - дана, Абай - дара қазақта!>> атты кешіміз өз мәресіне жетті.Келіп, тамашалағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Амандықта жүздескенше!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz