Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шындық сөзі

Мектеп: Красносельск НМ
Мерзімі: 28.01.2016 жыл
Класс: 3
Тақырып: Жаным толған жақсылық
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: шыншылдық, адалдық, жақсылық жасау
Сабақ: № 26
Мұғалім: Оспанова Үміт Қуанышқызы
Оқушылар саны: 13

Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
+ Оқушыларға шыншылдықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;
+ Оқушылардың адалдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;
+ Оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Ресурстар: оқулық, дәптер,
(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған күн суреті)
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі
ІІ. Тыныштық сәті
"Су асты патшалығына ойша саяхат"

(Оқушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; дененізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
26 - сабақ, 112-бет. "Ақ көгершін" мәтінін оқу

+ Балаларға көгершінді кім берді?
+ Не үшін балалардың көбі көгершінді алудан бас тартты?
+ Көгершін қайда ұшып кетті?
* Бала көгершінді үсті лас, қанаты сынық болса да алу себебі неде?
* Көгершінді әсем қалыпқа түсірген бала әрекеті сендерге қалай әсеретті?
* Көгершіннің бойындағы адалдықты өз бойымыздан көре аламыз ма?
Сабақ барысын талдау

ІV. Дәйек сөз
"Ақиқат бар жерде, жеңіс бар"
Нақысбек шешен
+ Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет
+ Барлығы қосылып 1 рет айтады.

V. Мұғалімнің сыйы.
Екі қасқыр (аңыз)
Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:
-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі - сенім, шындық, мейірім, адалдық, жақсылық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады ...
Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:
-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?
Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:
-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.
+ Қария өнегелі аңыздарды, есті ертегілерді кімге айтады?
+ Атасы мен немересі бүгін не туралы әңгіме айтты?
+ Зерделі немересі қандай сұрақ қойды?
* Атасы немересіне бұл аңызды айтуының себебі неде?
* Қай қасқыр адамды адалдыққа тәрбиелейді?
* Сен ақиқатқа жету үшін өзіңді немен қоректендірер едің?

Сергіту сәті. "Көңілді күн"
Сергіту жаттығулары арқылы оқушыларға серпінділік
сыйлай отырып, дене және ой еңбектерін дамыту.

VІ. Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)
+ Әр түрлі фигуралар арқылы 5 топқа бөлу.

- "Сенім"

- "Шындық"

- "Мейірім"

- "Адалдық"

- "Жақсылық"

+ Тақтаға бетін бұлт басқан күн суреті ілінеді

+ Оқушылар бұлттағы тапсырма орындау арқылы, жарық күнді шығарады.
+ Тапсырма
+ Мысалы:
+ Шындық сұлу,
Бәрінен де шырайлы.
Шындық сөзі
Бәрінен де шұрайлы.

І топ "Сенім"
Шындық -сұлу!
Бәрінен де шырайлы.
Шындық ....................
......................................

ІІ топ "Шындық"
Шындық біреу,
Ол он есес, жүз емес.
Шындық ...................
.....................................
ІІІ топ "Мейірім"
Шындық - қайсар,
Бұрмалауға келмейді.
......................................
......................................
ІV топ "Адалдық"
Сөйлер болсаң ,
Сөйле шындық атынан.
...........................................
...........................................
V топ "Жақсылық"
Шындық әр кез қағидадай,
Дейміз дәйім шын мықты.
...............................................
...............................................

Күн жалғыз. Ақиқат жалғыз. Күн риясыз сүйіспеншілік көзі. Ақиқат - өмір қуатының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғаты.

VІІ. Топпен ән айту. "Сенім"
Сөзі: Р.Зайтов
Әні: Ұ.Жолдасов
1. Сездірмей жүрген,
Тек өзім білген,
Бір сенім бар
Жоғалмас мүлдем.
Сол сенім барда,
Асығам алға,
Ақ тілегім биікке самға!
Қ-сы:
Тағдыр жолы көп торабы,
Ақ пен қара жолағы,
Сенім маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін,
Дауылды да жеңемін,
Жүрегіммен сенемін!

2. Жылуын берер,
Шапағат төгер,
Махаббатым адаспай келер.
Асқардай биік,
Армандап жиі
Мен өтемін өмірді сүйіп.

VІІІ. Үйге тапсырма
+ 27-сабақ, 117 бет. "Күн мен гүлдер"мәтінін оқу.
+ Жұмыс дәптері: 26-сабақ, 45-бет. 1-тапсырма

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!
Жинаған -дар санына қарай марапаттаймын!

Соңғы тыныштық сәті
* Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
* Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
* Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

Ұқсас жұмыстар
Нақыл сөз
Адалдық адамдықтың белгісі
Шараның тақырыбы
Екі сөйлеу ерге сын
10-сыныптар арасында жүргізілген физикалық сайыстың өткізілу жоспары
Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Қазіргі педагогиканың негізгі мәселелері
Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың..
Пәндер