Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Ұлттық қолөнермен ұштастыра отырып, оқушыларға ойыншықтар тоқып үйрету



[pic] Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Жаңабұлақ ауылы
Жаңабұлақ ОЖББМ-ң
технология пәнінің
мұғалімі
Джаксыбаева Менсулу
Абдрахмановна.

Сабақтың тақырыбы:Ұлттық қолөнермен ұштастыра отырып, оқушыларға ойыншықтар
тоқып үйрету.
Сабақтың мақсаты:оқушыларға шпагат жіппен және ілмекпен ойыншық тоқуды
үйрету;
Білімділік мақсаты:оқушылардың шпагат жіппен және ілмекпен жұмыс істеудегі
шеберлігін арттырып,білімін жүйелеу;
Дамытушылық мақсаты:өз бетінше жұмыс істеу дағдысын
қалыптастырып,шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды төзімділікке,әсемдікке тәрбиелеп,эстетикалық
талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сарамандық.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:ілмек,түрлі-түсті жіптер (шпагат),баклашка,жіптен
тоқылған дайын бұйымдар.
Пәнаралық байланыс:сурет,математика.
Қажетті құрал-жабдықтар:Ине,ілгек,қайшы, түрлі-түсті жіптер
(шпагат)баклашка,акварель
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың жұмыс орындарының сабаққа даярлығын байқау.
2.Санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Еңбек сабағына психологиялық дайындық:
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушыларға тақырыпқа байлданысты сұрақтар қою.
Ілмек дегеніміз не?
Ілмекті сүйектен,пласмастан және алюмениден жасайды. Біздің ата- бабамыз
ілмекті кәріжіліктен жасаған.
Ілмекті бізбен қандай бұйымдар тоқуға болады?
Ілмекпен неше түрлі ойыншықтар,береттер,орамалдар,сумкалар т.б.бұйымдар
тоқуға болады.
Ілмекті қалай таңдаймыз?
Ілмектін номірлері болады оларды біздер жіптің жуандығына байланысты
таңдаймыз.
ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
А)Матаны,жіпті,қағазды қиятын құрал? Қайшы
ә)Жіңішке,жылтыр көзі бар темір зат? Ине
б) Шашақ не үшін керек? Бұйымды әшекейлеу үшін
ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту кезеңі.
Яғни,оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеу кезеңі.Тоқылған дайын бұйымды
көрсетіп бағыт бағдар беру.
Әрине ойыншық тоқуға көп уақытты талап етеді.Шпагат жіппен әдемі бұйымдар
жасау көп уақытты талап етеді,бірақ әдемілік үшін уақытты қиюға тура
келеді.Шпагатпен әшекейлеп,түрлі сыйға тартуға арналған бұйым түрлерін
жасауға болады.
Ү.Сарамандық жұмыс.
Жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске салу.
1.Тот басқан ілмекпен жұмыс жасауға болмайды.
2.Инені аузыңа салма.
3.Өтпейтін,тозған қайшымен жұмыс жасауға болмайды.
Енді бүгінгі сабағымызда біздің уақытымыз шектеулі,соған байланысты
жұмысымызды бастайық.
1қ.ілмекке 7петля тоқып аламыз.
2қ.7петляның екі шетін біріктіріп аламыз.
3қ.дөңгелетіп тоқимыз.
4қ.әр көздің арасынан петля ілеміз.
5қ.4см.етіп тоқимыз.
6қ.дөңгелетіп тоқығанды боклашканы қойып өлшеймыз,содан соң 2жіптен
кемітіп,5петля тоқып ослай қайталап баклашканы қысып тоқимыз.
7қ.Содан соң бармаққа іліп мачалка сияқты тоқимыз.
8қ.баклашканың мойынына жеткенше осылай тоқуды жалғастырамыз.
9қ. Боклашқаның мойыныңа келгеннең соң қайта қысқартуды
бастаймыз,баклашканың ауызына жеткенше қысқартып қысып тоқып тастаймыз.
Келесі кезекте ойыншықтың басын тоқимыз.басын тоқығанда да,20петляны
ілмекке іліп екі шетін бір-біріне қосып баклашкаға сияма соны өлшеп аламыз.
Сосын жұмысымызды жалғастырамыз.ойыншықтың кеудесі сияқты петля іліп шашақ
салып тоқимыз.Басын әрине дөңгелетіп тоқимыз да,ішіне жүн саламыз.кеудесі
мен басын қосамыз.кейін тұмсық,аяқ,қолын және құлағын тоқимыз.
Аяқ-қолын тоқу үшін біздер ілмекке 10 петлядан ілеміз де дөңгелетіп шашақ
салып тоқимыз.ұзындығын 5см.етіп тоқимыз.Оны дайын болған бұйымға
біріктіріп тігеміз.
Қоянның құлағын тоқимыз.Жаңағы аяқ-қолы сияқты іліп тоқып ұзындығын
12см.етіп тоқимыз.Құлағы дайын болғаннан кейін дайын болып келе жатқан
бұйымға жалғаймыз.
Тұмсықты тоқу үшін біздер 10петля іліп шашақ салып тоқимыз да,дайын болған
бұйымға қоңдырып тігеміз.Тұмсықтың ұшына кішкенеғана қара ілгекті тігеміз.
Қөздеріне үлкен қара ілгекті тігіп,оны акварелмен бояп қоямыз.
Мінекей,балалар,ойыншығымыз дайын болды.Болған жұмыстарды талдау, әр
оқушының жеке жұмыстарын бағалау.
ҮІ.Қорытынды.
Мінекей,балалар,бүгін біз сабағымызда шпагат жіппен ойыншық жасап
үйрендік.Осындай тәсілмен тек қоянды ғана емес, сондай-ақ, (тышқан, аю, ит,
т.б.)көптеген ойыншықтар жасап ала алатын болдық,-деп ойлаймын.
Үйге тапсырма: Бастаған ойыншықтарыңды аяқтап тапсыру.


Ұқсас жұмыстар
Теріс шалу
Ұлттық бұйымдар
Кілем түрлері туралы түсінік. Қағаздан кілемше тоқу
Еңбек сабағының міндеттері
Ойыншықтар жасап үйрену
Қолөнер
Ұлттық салт – дәстүрді сабақ үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін тарттыру
Қағаздан ыдыс құрастыру
Құрастыру реті
Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары
Пәндер