Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Формативті бағалау әдістері

Аты-жөні: Уалиева Р.К
Еңбек өтілі: 29 жыл
Жұмыс орны: Шахтинск қаласы №5 гимназия
Лауазымы: Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
Санаты : Жоғары
Өткізілген мерзімі: 25.04.2016 жыл
Шеберлік сыныбы
<<Формативтік бағалаудың технологиялық тәсілдері>>
Мақсаты: Бағалаудың заманауи білім білім беру процесіндегі оқу жоспарлаған нәтижесіне қол жеткізу және оқу мақсаттары деңгейлері анықтаудағы орынын белгілеу
Бағалау түрлерінің мәнін, мазмұнын анықтау.
Міндеттері:
1. Шеберлік сыныбына қатысуға, тақырыпты зерттеуге деген мотивация тудыру.
2. Формативтік бағалаудың технологиялық тәсілдерімен таныстыру.
3. Жұмыстың әртүрлі кезеңдерінде технологиялардың қолданылуын практикалық тұрғыдан көрсету.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер формативтік бағалаудың технологиялық тәсілдерімен танысады. Олардың сипатымен, сабақтың әртүрлі кезеңінде тәсілдер мен әдістерді қолдана білуге үйренеді.
Шеберлік сыныбының барысы:
Кіріспе: Демалыс уақытын дұрыс пайдалана білетін адамдар ғана өнімді жұмыс істей білетіні баршамызға белгілі. Таңғажайып араладарға сырттай болса да саяхат жасай отырып, құрметті әріптестер алдағы уақытта жемісті еңбек ете алуымыз үшін жаңа күш жинап алайық. Оны анықтауға мына жолдамалар көмектеседң деп ойлаймын.
Аралдар бойынша жаңа топтар құрайық.
Топта рольдерді бөліп алайық! ( турагент, гид, топ жетекшісі., турист, экскурсовод, тайм - киппер)
Иә, команданы жасақтап алдық! Біздің шеберлік сыныбымыға әр мектептің ең белсенді деген, өзінің кәсіптік деңгейін көтеруге деген қызығушылығы мол мұғалімдердің жиналғанына сенімім мол.
<<Жетістікті бағалау>> әлеміне саяхатымызды бастайық. Саяхатымызды командаларда жалғастырасыздар, себебі бірге оқып, бірге білу қызықты да пайдалы. <<Жұмыла көтерген жүк жеңіл,>>- дейді ата-бабамыз, жүгімізді бүгін командамен көтерейік! Сөйте отырып оқытудың, бағалаудың, топта жұмыс істеудің, ынтымақтаса істеудің жа тәсілдерін үйренейік!
Ой шақыру ( <<ми шабуылы>>)
<< Тағы екі>> слайдын презентациялау. Қалай ойлайсыздар, біз неліктен өзіміздің шеберлік сыныбымызды осы слайдтан бастап отырмыз?
Қазіргі уақытта білім беретін мектептердің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың білімді жан-жақты қабылдауына жағдай туғызу, сондықтан оқу процесін қызықты да тартымды ету, мектепте алынған білімдердің мәнін түсінуге, оларды өмірде практикалық түрғыдан қолдана білуге үйрету. Осындай маңызды стратегиялық міндеттерді шешу жолында оқушылардың басты қасиеттері - бастамашылық, шығармашылық, стандарттан тыс шешім таба білу, өзіне лайық кәсіп таңдай алу. Өмір бойы оқуға қабілеттілікті дамыту. Осы талаптардан бағалау жүйесінің өзгеруі пайда болды. Оқушы, тұлға болашақта өзіне сенімді бола білуге, өзін және айналасын обьективті түрде бағалай білуге үйренуі қажет.

1 тапсырма Топтардағы жұмыс. <<Миға шабуыл>> стратегиясы бойынша осы уақытқа дейін қолданып келген бағалау жүйесінің кемшіліктері мен артықшылықтарын талқылаңыздар. / 5 минут/ спикер 1 минут/
Әр топ өз болжамын айтады. Белсенді талқылау. Постерлерге жазу. Топ басшысы топ мүшелерінің белсенділігін бақылай отырып, бағалау қағазын толтыра отырады. Басқа топтың сөйлеушілерін әртүрлі әрекеттермен, алақан соғу, бас бармақтың әртүрлі көрінісімен бағалай отырады.
Қазіргі уақытта қоғамда бес баллдық бағалау жүйесімен қанағаттанбау тенденциясы орын алған, себебі бұл жүйе ғалымдардығң пікірінше , оқушы жетісітігінің әртүрлі деңгейде болатынын анықтай алмайды. Оқытудағы өзгерістердің тұрғысынан алғанда дәстүрлі бағалау жүйесі тек қана сыртқы бақылауды жүзеге асырады. Оқушыларлың жетістігін мектеп мен мұғалім ғана бағалай алады. Бағалауда оқушының пікірі есепке алынбайды, оқуды жеке тұлғаға бағыттала жүргізілуге кедергі болады. Мұғалім үшін әрбір нақты оқушының жетісітігін шынайы анықтап, бағалау қиындық әкеледі, оның өткен жолғы көрсеткен қорытындысымен салыстыру да оңай болмайды, оның білімі туралы ақпаратты толық көрсете алмайды, бір сөзбен айтқанда, дәстүрлі бағалау жүйесі шын ында да оқушының психолгиялық күйзелісіне алып келеді. Мұғалімнің қолындағы психологиялық қысым көрсету, бұрмалау құралы орын алатыны құпия емес.Осындай көлеңкелі жағадай мұғалімлер мен оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы түсінбеушілікті тудырады. Мұғалімнің оқушымен кері байланысы көбіне оқушының оқу жетістіктерін жетілдіріп , көмек беру мақсатында емес, әлеуметтік және басқару мақсаттарына бағытталады. Біздің практикада мұғалімдер кейде оқушыларды бір - бірімен салыстырады, нашар оқитын оқушының мұндай кездері тауы шағылады,өзіне деген сенімсіздік пайда болады, ал жақсы оқитын оқушылар үшін де толыққанды даму үшін жағдай туа қоймайды. Оқу процесі барысында оқушылар сапалы білім жетісігіне жете алу үшін заманауи бағалау жүйесі білім беру процесінің барлық қатысушыларына түсінікті, икемді , көпқұралды, психологиялық тұрғыдан жайлы болу керек.
Бағалау оқушының назарын оқу мақсатына көңіл аудару үшін және жетістікке жете білу критерилеріне сай бола білуді жүзеге асырады. Мұғалім оқушыға ары қарай қалай әрекет ету туралы ақпарат береді ( неге көңіл ауларуға, күш-жігерін қалай жұмсауға, нені түзетіп, нені қалай жақсарту туралы нұсқау береді) Сол үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:
* Оқушылардың өзін бағалау дағысын жетілдіру;
* үдайы кері байланыс орнатып тұру;
* оқушыларды мақсатты бағытталған оқуға ары қарай жұмылдыру;
* оқушыларға олардың оқу сапасы туралы,
* Мұғалімдерге және ата-аналарға оқушылардың ілгері жылжуы ақпарат беріп отыру.

Суммативтік ( қорытынды бақылау) - Егер балаларды гүл деп есептесек, гүлдің бойы, түсі толықтығын, бірі - бірімен салыстыру
Формативтік бағалау- бұл гүлді күту, су құю, тыңайтқыш беру және өсуіне қолайлы жағдай туғызу.
2. Тапсырма <<Ақыл-ой ағашы>> жеке жұмыс .
Топтың әр мүшесі ақыл- ой ағашы қолдана отырып, ағаштағы
өз орынын белгілеп, анықтайды. Нәтижесін талқылайды, топ жетекшісі бағалау парағына белгі қойып отырады.
Мен сабақтарымда осы әдіс-тәсілді қолданамын. Бұл тәсіл сын тұрғысына ойлауға, жоғары деңгейлі ойлау дағдысына - баға беруге, түсіндіру жіне метатану дағдыларына үйретеді.Грамматикалық және лексикалық материалдарлы түсіндіру кезінде қолданған тиімді. Кейбіреуі өздерін жоғары бағалайды, да сабақ аяқталар сәтте түзету жасалады, нені қайталап, нені оқу керектігін анықтайды.
Бастауыш сынып оқушылары үшін әртүрлі смайликтер өздерін бағалауға және өзара бағалауға тиімді әсер етеді.
Бағалау тәсілдерін қолдана білу менің оқушыларыма өз беттерімен ізденуге, топта жұмыс істей білуге үйренуге жағдай жасады, бір-біріне көмекттесетін болды, ұжымдық, командалық рух пайда болды.
1. Формативті бағалау әдістері.
Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.
Формативті бағалау әдістерінбірнеше шартты қатарлар мен түрге жіктеуге болады.
Әдістердің бір түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және жаттығулар орындау барысында қолданылады.
1. <<Қолмен белгі беру>> әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.
* Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)
* Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)
* Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)
Оқытушы белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды.
(1) Түсінбегендерден: <<Нақты не түсініксіз екендігін>> сұрайды.
(2) Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.
(3) Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. <<Олар нақты нені түсінді?>> соны оқытушы қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы тиіс.
Тыңдалған жауаптардың қорытындыларына қарай ұстаз өткен тақырыпты қайталап, білімдерін бекіту немесе тақырыпты меңгертуді жалғастыра беру жайлы шешім қабылдайды. Егер оқушылар тақырыпты қайта түсінбегендей жағдайда болса, ұстаз тағы бір шағым тексеру жұмысын жүргізуі тиіс. Бұл жұмыс оқушылардың тақырыпты түсіну барысындағы өзгерістерді байқау үшін арнлған.
1. <<20 секунд>> әдісі. Ұстаз арнайы сұрақтар жасырады және ойлануға 20 секунд уақыт береді. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл әдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы секундтардан кейін зерек 4- 6 оқушының жауабы тыңдалып, олардың тез ойлау қабілетін дамытады. Орта және жоғары сынып оқушыларына өз жауаптарын қағаз бетіне түсіртеді, себебі ауызша жауап берсе бір-бірінің ойын бөліп, бөгет жасаулары мүмкін.
Басқа да әдістер сияқты оқушылардың жауабын нақтылау үшін ұстаз << Неге? Не себепті? Қалай?>>- деген сұрақтарды қояды. Ұстаз бұл сұрақтарды тек дұрыс жауап бермегендерге ғана емес, сонымен қатар дұрыс жауап бергендерге де қоюды естен шығармауы керек. Бұл оқушылардың білімі мен бағасын айқындай түсу үшін жасалынады.
Формативті бағалаудың келесі бір әдістері бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түсу.
Мысалы:
Ұстаз оқушыларға <<Үш минуттық эссе>> жазуларын ұсынады.Ұстаз төмендегі берілген тақырып бойынша сұрақтардың бірін жазып немесе оқып береді.
(1) Сіздіңше бүгінгі оқып білгеніңіздің ішіндегі сіз үшін ең маңыздысы не болды?
(2) Қай сұрақ есіңізде қалды?
(3) Сіз үшін қиындық тудырған сұрақ?
Оқушылар жазбаларын жазып болған соң, мұғалім олардың қаншалықты тақырыпты меңгергенін білу мақсатында тексереді. Ал түсінбеген жерлерін қосымша есеп, әдіс, мысал арқылы қайталап түсіндіреді.
Сабақ соңында мұғалім қатысушыларға сұрақтарға жауап жазуын ұсынады:
(1) Сіз үшін ең қиыны және ең түсініксізі не болды?
(2) Қай жаттығуды орындау барысында сіз қиналдыңыз? Бұл неліктен деп ойлайсыз?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын жинап алып олармен танысып, келесі сабаққа содан шыққан мәселелерді шешуге қарай ыңғайланады.
Мұғалім аралық тексеру жүргізу үшін қысқа тесттер дайындайды.
Бұл бақылауды бағалау уақыты сабақтың 3-5 минутын ғана алады. Бақылаудың негізгі талаптарын ескере отырып, оқушылар бірінің жұмысын бірі тексере алады. Келесі формативті бағалаудың әдістері ұстаз оқушының өз жұмысын жақсарту мақсатында қолданылады.
Мысалы:
Мұғалім дәптерден жазба жұмысын тексергенде қате тұстарын әр түрлі таңбалармен, түстермен жазып көрсетеді. Бұл формативті бағалаудың әдісі қорытынды жұмыс жазған кезде қолданылмайды. Мұғалім оқушыны бағалаған кезде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны жөн, себебі оқушы осы бағалауға сай қалыптасады.
Бағалаудың барлық түрі критериалдық бағалауға алып келеді
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
-- алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
-- анық, айқындылығы;
-- бағаның әділдігі;
-- өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Критериалды бағалау сабақтың өн - бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.
3 тапсырма. Әр топқа бөлменің суретіне критериалды бағалау құрастыру. Топ басшысы топ мүшелерінің жұмысын бақылап отырады.
Мақсаты: Бөлмені сипаттау дағдысын қалыптастыру
Әр топ өздері бағалау критерилерін жасайды, сосын басқа топпен талқылай отырып, 3 маңызды критерийді алып шығады:
1. Сипаттама сәйкес болу керек.
2.Лексикалық және грамматикалық қателер болмауы керек.
3. Дұрыс оқу.
Мұғалімнің қызметі өзгерді, енді бағаны беретін мұғалім емес критерий болып табылады.
4 тапсырма. Топ мүшелерінің жүмысы бағаланады. / 5 минут
Формативтік бағалау әдісін қолдану оқушылардың сабаққа деген ыетасын арттырады, жауапкершіліктері көтеріледі, өз беттерімен жұмыс істеу дағдылары тереңдейді . Оқушылар бір-біріне түсінушілікпен қарай бастады. Бір-біріне көмекке келу, төзімділік пайда болды. Менің оқушылардың іс-әрекетін бақылаған жұмысымның нәтижесі төмендегідей болды:
3 деңгейдегі (А;Б;С) оқушыларда оқуға деген мотвация пайда болды, олардың мазасыздану факторы төмендеді. Топтар бірлесе жұмыс істеуге дағдыланды, сөйтіп әлеуметтік-бағдарланған тұлға қалыптастыруға мүмкіндік пайда болды.

5 тапсырма Шеберлік сыныбының қатысушылары өз әрекеттерін бағалайды.
Мен енгізген тәсілім оқушыларға ұнады. Сол себепті бұл ісім дұрыс деген сенімім моля түсті. Бұл әдісі оқушылардың өздерінің қай бағытта жылжып бара жатұанын көрсетеді, табысқа жетелей отырып, оқудығ күшті немесе әлсіз жаұтарын көрсетед. Кретеиалды бағалау формативту бағалауды жемісті іске асыруға көмектеседі.

6 .Тапсырма <<Мен қайдамын>> Тақтадағы суреттердк көңіл-күй аралы бейнеленген. Спикер жапсыру.

Ұқсас жұмыстар
<<оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау>> модулі бойынша <<қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері>>
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
11 сынып геометриядан ұмж, қмж
Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірлесіп бағалау
Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау әдістерін тәжірибеде қолдану
Стикермен диалог
9 сынып.түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру. жылдамдықтың графигі. түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі дененiң бастапқы жылдамдықсыз орын ауыстыруы
Қалыптастырушы бағалаудың шарттары
Пәндер