Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қыз баланы

Қарабұтақ орта мектебі

Сынып жетекшісі:
Жапарова Луиза Достановна

2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет

Мақсаты:
Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету; Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар, бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу . Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері
Ақ ниетті тілекпен
Мейірімді жүрекпен
Амандасып алайық
Біз жадырап қалайық
<<Әр оқушы өз есімінің бірінші әріпінен басталатын бойындағы жақсы қасиеттерді айтады >>
Даналық сөздер
"Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ"
Сайф Сараи
"Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы"
Әл-Фараби

Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз.
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Алпамыс: Адамгершілік-асыл қасиет>>. Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бір игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.
Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана білу адамның жақсы қасиетін білдіреді.
- Адам бойында қандай қасиеттер болады?
- Жақсы және жаман қасиеттер.
Бізге ақылдылықты үлкенднр үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп, ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық

жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
<<Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы>> деген екен ғұлама Әл-Фараби.
Адамның жоғарғы қасиеті- оның адамгершілігі.
Адамгершілігі мол адам басқаларға үлгі-өнеге.
- Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінеміз?
Адамгершілік: ерлік, спайылылық, әдептілік, достық, мейірім, адалдық, асыл мінез, намыс.
Слайд. Сурет бойынша әңгімелету
Бұл жағдайда қандай әрекет жасайсыңдар?

Махаббат: Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол - әдепсіздік, көргенсіздік.
Меруерт: Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау-халықтық дәстүр, әдеп. Біз осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз.
Жұлдыз:
Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол мезетте сүйеніш боп қол берем.
Нұрбақыт: Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
Жадыра: Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда -
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің -
Сәлемдесіп, қол берем.
Анель: Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда -
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам маған әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда - Жүрем тура жолменен.
Шолпан: Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары.

Артық айтып сөзімді Желпінгенім жоқ әлі.
Қалдыратын ұятқа -
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа -
Тек шындықты көздеймін

Мұғалім: Әдепті, ақылды бала қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдайық.
Жадыра:
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай қылық жақсылыққа жатпайды. 5. Сергіту сәті "Жылы шеңбер" ойыны
Балалар бір - бірінің қолынын ұстап, шеңбер құрап көршісіне "Мен сенімен бір сыныпта оқығаныма қуаныштымын себебі ..." (сен адал доссың), (сен қайырымдысың) - деп әрі қарай жалғастырып, жақсы сөздерді арнайды. - Балалар міне осындай жақсы қасиеттерді бір сөзбен қандай қасиеттер деп атаймыз? - Адамгершілік қасиеттер <<Ақыл әліпесі>>
Аяжан
Ата-анаң тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің
Әуре-сарсаң әлегің
Тәртіпті бала сүйеніш
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күеніш
Төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс айқай-шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың.
Арсен: Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында
Шығарып мақтаймыз.
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін
Анама айтып өкпесін.

Аяулым:
Су құяйым да құманмен,
Қолына мен әкемнің
Сордан кейін оған мен
Орамалды әпердім
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Сыйлы болмақ өзі де
Үлкен болған кезінде.
Айзат:
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
Пышақты ұста оң қолмен
Шанышқыны ұста сол қолмен
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағынды сормағын,
Салдыр-салақ болмағын.
Ақсұңқар:
Салма аузыңа инені
Үзбе жұлып түймені.
Ашуланбай долданып,
Жауап бергін ойланып.
Құр бекерге қылқима
Болмашыға бұлтима.
Махаббат:
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр қаңғыма.
Сыйла үлкен кісіні.
Сақта көше тәртібін
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңе
Тазалап жүр тісіңді.
Мұғалім: Адам жанын қуанышқа бөлейтін, жылылық сыйлайтын сөздер де бар.
Жылы сөздер:
Жарайсың! Айналайын, Құлыным! Бақытты бол! Көп жаса! Өркенің өссін!
Бұл сөздерді қандай жағдайда қолданып айтамыз?
-Әсіресе, үлкендер риза болғанда, еркелеткенде айтатын сөздер
Махаббат: Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол үшын беруге, жәрдем етуге, жанаршылық танытуға, көмек

көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын түрады. Жақсылық жасау-жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныту.
Енді, біздер әдепсіз балалар туралы тақпақ айтайық.

Жадыра:
Кеше қана қадалған,
Өміртайдың түймесі
Орнында жоқ, апыр-ай!
Қайда кеткен, бұл несі?
Ілгек, түйме жұлынып,
Кешке дейін алысар.
Әркімге бір ұрынып
Құспен, шаңмен жарысар.
Мадина:
Етек кетер салақтап,
Бос жұріспен далақтап.
Дұрыстап сабақ ұқпайды,
Өз бетімен алақтап.
Шашы түсіп көзіне,
Түсінебей ақыл сөзіне,
Мұғаліммен таласар,
Дәлел тауып өзіне.
Назым:
Сөмке, дәптер бәрі де,
Дал-дұл болып жыртылған.
Сия төгіп бәріне,
Шимай салған сыртына.
Сабақ бітті мектептен
Оқушылар тарады.
Бір тентек бір тентекпен
Дабырласып барады.
Шұғыла:
Ш. Құдайбердиев <<Адамдық борышың>>
Адамдық борышың - халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен.
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба, мансабтың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің
Барыңды, нәріңді, тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт - осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің!

Кісіге адамшылық неге керек?
Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттен қалай дейсің
Аямай әл келгенді жұлып жемек?

Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің
Бұл дүние кезек берер істі дөңгелеп.
б) "Қалай дер едің?" қарама-қарсы мағынасын тап.
1. адал ... (арам), жомарт - (сараң)
2. шыншыл - (өтірікші), әдепті - (әдепсіз)
3. мәдениетті - (мәдениетсіз), қайырымды - (қайырымсыз)
4. батыл - (қорқақ), мейірімді - (қатігез)
5. Сергіту сәті "Жылы шеңбер" ойыны
Көрініс: <<Үш ана>>

Слайдпен жұмыс:
Слайд бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
Ойын <<Жалғастыр>>
<<Не істеуге болмайды?>>.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
<<Не істеу керек?>>
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Слайдпен: Ақсұңқар
1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда

қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.
Мен бермесем, <<Сен сараңсың>>- дейді. Мен не істеуім керек?
Мақал-мәтелдер
Әдептілік ережелері. Жадыра
:: Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
:: Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
:: Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
::Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
Амандасу қағидалары
. Ой түйіндеу
а) Түрлі - түсті дөңгелектерді балалар өз қалаулары бойынша таңдап алып, себебін айтады. Ақ түс: адалдықты, тазалықты, арманды білдіреді. Сары түс: жылылықты Көк түс:ашық аспанды, көрегендікті Жасыл түс: жомарттықты

Қорытынды.
Сонымен, балалар әдептілік үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық!
Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, - бүгінгі тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп сыйлау керек.
- Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Оқушылар өзінің жаман қасиеттерін түнге, жақсы қасиеттерін күнге салады.

Ұқсас жұмыстар
Сұлулық-тал бойына жарасқан . Әсемдік әлемінде
Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым жайлы ақпарат
Ата салтым - асыл қазынам
Қызым-қызғалдағым, Ұлым – ізгі арманым
Қазақ қыздары
Қазақ халқының салт – дәстүрлері Салт – дәстүрлердің түрлері
Қазақ деген халқымыз
Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі
Қыз қылығымен көрікті
Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу
Пәндер