Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс

Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
Қарабұтақ селосы Қарабұтақ орта мектебінің
10 класс жетекшісі Жұмабекова Динара Жұмабекқызы

Тақырыбы: Осал тәрбие қылмысқа жетелейді.
Мақсаты: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқық, заң жайында білімдерін тереңдету.

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Үлкенге құрмет, біреуге жазықсыз ұрынбау, мәдениетті болу, ерік жігерін ұстай білу, сыпайы болу, адамгершілігі мол болу, қоршаған ортаны таза ұстау сөздері арқылы қандай ой түюге болады. (тақырыпты анықтау)
<<Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің>> деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата - бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы <<отау иесі>> деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.
Тәртіптің не екенін білдік. Ал осы тәртіп қай уақытта бұзылады деп ойлайсыздар?

Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы - Конституциясы қорғайды. Ендеше
> Адамның жеке құқықтар тізіміне қандай құқықтар мен бостандықтар кіреді?
> Адамның және азаматтың негізгі міндеттерін атаңдар.
> Адам құқықтарын қорғайтын әмбебап халықаралық ұйымдарды атаңдар. (БҰҰ, БҰҰ ның адам құқықтары жөніндегі комитеттері, Еуропа кеңесі, ЕҚЫҰ т.б.)
> Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?
- Мен мектепке баруға, оқуға, хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.
- Мен қыста сырғанауға, ойнауға, сурет салуға, бестік баға алуға құқықтымын.
- Мен демалуға құқықтымын.
- Мен ауырып қалсам, дәрігер шақыруға, емханада жатып емделуге құқығым бар.
> - Мен өз елімнің еркін азаматы болуға, мектепке баруға, өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.
- Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға, серуендеуге құқығым бар.
- Мен дүкенге баруға, ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.
- Ойнауға, туыстарыма қыдыруға құқығым бар.
Балалар күнделікті өздері қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отыр.
<<Менің құқығым бар>> деген сөзден не ұғасыңдар?
- Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар. Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей. тек жақсылық істеуге құқықтымын.
- Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға, қыдыруға құқықтымын.
-<<Менің құқығым бар>> сөзінен міндетті түрде емес, бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.
- Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.
Ситуациялық жағдайлар: (рольдерде сомдау)
1. Сабаққа кешіккен оқушы және мұғалім
2. Мұғалімді сағынған оқушы
3. Ата - анасынан қорыққан бала мен оның ата - анасы
4. Оқушы мен ашуланған мұғалім
Кімнің ролін сомдау қиын, қайсысы жеңіл болды? Неліктен?
Ситуациялық жағдайларды шешу.
Көшедегі көрініс
Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Ердос: Жоқ, мен әуелі ата - анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Асқар: Ту, ата - анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.
Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Асқар: Онда өзің біл, ертең <<көп қызықтан қалдым>> - деп өкініп жүр ме!
Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Құрметті оқушылар, осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
1. Не түсіндіңдер?
2. Учаскелік полиция инспекторына: - Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?
<<Көршінің <<көмегі>>
Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып: <<Сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген>>, - деді.

Сұрақтар қойылады:

1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?
2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді
3. Бейсенкүл біреуге жала жапқан сөзі үшін жауап бере ме? - сұрақ инспекторға қойылады.
Қазақ халқы заңды сыйлаған, құрметтеп, мүдірмей орындаған. Халық қара қылды қақ жарған билер сөзін ардақ тұтқан. Қазір еліміз адам құқығын, демократия құндылығын жоғары бағалайды. Алайда елімізде құқық бұзушылық оқиғалар көктеп орын алуда. Осы сұрақ негізінде келген қонағымызға сөз кезегін берсек.
> Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында қандай құқық бұзушылық орын алуда?
> Осы құқық бұзушылықтың алдыналуда қандай шаралар өткізілуде?
> Алдын алу шараларының нәтижесі қандай?
> Кәмелекетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі қандай?
> Қоғамда қылмыстың жасалу себептері неде?
Сөз кезегін мектеп психологына береміз:
Мектебімізде есепте тұрған балалар бар ма?
<<Қиын>> бала қайдан шығады? <<Қиын>> бала әрине түзеледі. Осыған сіздердің тараптарыңыздан қандай көмектер болып жатыр?
Қорытынды: <<Осал тәрбие қылмысқа жетелейді>> аттты дөңгелек үстелге келіп, негізгі заңымыздың мәні менг маңызын ашып, тәрбие жайында әңгіме өрбіткен қонақтарымызға алғыс білдіреміз.

Ұқсас жұмыстар
Бала құқығы
Бала әрқашан бала
Баланың отбасындағы құқықтары
Заңды білсең балдырған
Ежелгі римнің өнері
Кескіндеме өнерінің жанрлары
Тәрбиелі - тәртіптің құлы жайлы ақпарат
Қылмыс және заң
Өз құқығыңды білесің бе
Білім және құқық
Пәндер