Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Алгоритмде қолданылатын ойын түрлері
№ 21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Тақырыбы: «Алгоритмде қолданылатын ойын түрлері»
Орындаушы: Кенжебаева Саулет Кайратовна
3 «А» сыныбы,
№21 жалпы орта білім беретін
мектеп,
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан
облысы.
Жетекшісі: Омаргазина Нургуль Берикказиновна,
информатика пәнінің мұғалімі,
№21 жалпы орта білім беретін
мектеп.
Мерзімі: қыркүйек-желтоқсан.
Орны: №21 жалпы орта білім беретін мектеп
Семей қаласы
2012 жыл
Аннотация
Аты-жөні: Кенжебаева Саулет Кайратовна
Мектебі: №21 жалпы орта білім беретін мектеп
Сыныбы: 3 «А»
Оқыту тілі: қазақша
Тақырыбы: «Алгоритмде қолданылатын ойын түрлері»
1. Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Балардың информатика пәнінде алгоритмді ойын түрінде құруда
шығармашылық қабілеттері артады. Компьютермен жұмыс істеу дағдылары
қалыптасады, қызығушылығы артады.
2. Зерттеудің мақсаты:
Алгоритмді құру жолдарын іздестіру, талдау, ойын құрастыруда қолдану.
Міндеттері:
- алгоритмнің шығу тарихын білу;
- алгоритмді құруда қолданылатын негізгі қасиеттерді білу;
- алгоритм түрлерін, блок-сызба түрінде кескіндеу;
-алгоритмдік ойындар құру.
3. Зерттеудің әдісі:
Сауалнама алу, сұхбаттасу, бақылау.
4. Жобаның құрылымы:
Кіріспе. Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады. Қорытынды. Пайдаланылған
әдебиеттер тізбесі. Көмекші құралдар.
Мазмұны
|Кіріспе | |
|................................................................| |
|.................................... | |
|Негізгі |4-13 бет |
|бөлім...........................................................| |
|................................ | |
|I. Алгоритм |4 бет |
|................................................................| |
|............ | |
|1.1 Алгоритм түсінігі |5-7 бет |
|II. «Алгоритмдік модель» | |
|................................................ | |
|2.1 Алгоритмнің |8-9 бет |
|түрлері.........................................................| |
|... | |
|2.2. Алгоритм құруда қолданылатын ойындар |9-13 бет |
|........................ | |
|Қорытынды |14 бет |
|................................................................| |
|............................. | |
|Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |15 бет |
|....................................................... | |
Кіріспе
Мектепте оқушылар жазуға, оқуға, сурет салуға және ән айтуға, спортпен
шұғылдануға үйренеді. Бірақ ең бастысы-ойлау және түрлі тапсырмаларды шеше
білу.
ХХІ ғасыр ақпараттар ғасыры, сол себептен де қажетті ақпаратты іздеуге
және оны өңдеуге, ақпараттық мәдениетімізді қалыптастыруға информатика пәні
көмектеседі. Біздің мектебімізде «Информатика әлемінде» атты информатика
пәнінен факультатив сабақ жүргізіледі. Бұл пәнде біз компьютердің
мүмкіншілігін үйреніп, ол уақыт өте келе біздің ең сүйікті досымызға
айналады.
Біз компьютерде жұмыс істеуді білуіміз керек ол саған басқа пәндерді
компьютерді пайдаланып үйренуге, көптеген қызықтарға кенелуіңе, ой –өрісің
кеңейіп, ақылды азамат болып өсуіңе көмектеседі.
Біз пәнді оқуда көптеген қызықты мәліметтерді білуге, іздестіруге
байланысты тапсырмалар орындаймыз. Сол себептен мені «алгоритм» ұғымы, оның
түрлері тақырыптары қызығушылығымды оятты.
Менің жобамның мақсаты:алгоритмді құру жолдарын іздестіру, талдау,
ойын құрастыруда қолдану. Мен осы тақырып бойынша алгоритмнің шығу тарихы,
оның түрлері, блок-сызба түрінде берілуін пайдалана отырып «алгоритмде»
қолдануға болатын ойындарды іздестіріп жинақтадым.
Зерттеу мерзімі: қыркүйек –желтоқсан 2012 жыл.
Жоба: кіріспе, негізі бөлім, эксперименттік бөлік, қорытындыдан
тұрады.
Алгоритмде қолданылатын ойындар туралы өзімнің 3 «А» сыныбымнан
сауалнама алып, бақылаулар жүргіздім. Балалар «Алгоритмде қолданылатын
ойындар» түрлеріне қызығушылықпен қатысады, ол балалардың логикалық
ойлауын, қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.
I. Алгоритм
1.1 Алгоритм түсінігі
Күнделікті әр адам математика және қазақ тілі пәндерінде немесе
тағамдар әзірлеу кезінде әртүрлі нұсқаулар қолданады. Біз бұлардың
барлығын алгоритм деп білеміз.
«Алгоритм» сөзі 783-850 жылдарда Хорезм қаласында (Қазіргі
Өзбекстандағы қала) өмір сүрген Орта Азияның ұлы математигі Әл-Хорезми
атының латынша жазылуы «algorithmi» сөзінен шыққан. Ол өзінің «Үнді сандары
туралы» кітабында көрсеткен араб цифрларының көмегімен жасаған натурал
сандарды жазу және оларды бағанмен ауыстыру ережелері бүгінде әрбір мектеп
оқушысына белгілі.[5]
«Алгоритм» тақырыбын өткен кезде зат әрекетін көрсетуден басталады.
Зат әрекеті жайлы айтқан кезде балалардың көңілін заттың өзі жасайтын
әрекет қана емес, біз немесе басқа заттар сол заттармен әрекет жасайтынына
бөлу қажет. Мысалы, банан өседі, піседі, түседі, шіриді, ал біз оны сатып
аламыз, сыйлаймыз, жейміз, тазалаймыз.
«Алгоритм»-орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған
түсінікті де дәл ұйғарым. Алгоритм құрайтын қарапайым әрекеттер команда деп
аталады.
Алгоритм түрлі тәсілдермен –сөздермен, кескіндермен, суреттермен
берілуі мүмкін. Әрекеттер тізбегін сөздер көмегімен сипаттау сөздік
алгоритм деп аталады.[1]
Мысалы, «Гүлге су құю» алгоритмінде орындалатын әрекеттер тізбегі
мынандай болу керек.
1. Гулге су құятын ыдысты аламын.
2. Ыдысқа су құямын.
3. Гүлдің жанына барамын.
4. Гүлге суды құямын.
5. Су құйып болдым.
6. Ыдысты орнына апарып қоямын.
Осындай ойын ойнау кезінде балаларға телефон әкеліп беріп, «Досыңа телефон
соғу» алгоритміне ойынын ойнаттым. Сонымен қатар күнделікті өзіміз
орындайтын «күн режиміне» байланысты «Мектепке бару» ойынын ойнаттым, бұнда
балалар ояну, жуыну, жаттығу жасау, ас ішу, киіну, сабаққа бару әрекеттерін
іс қимылмен көрсетіп отырды. Бір қызықтысы балалар бұл ойындағы әрекеттері
бірдей болмады, себебі бір бала бірінші жаттығу жасауы, кейбіреуі киінім
алып ас ішуі, кейбіреуі керісінше жасады. Бұл баларға өте қызықты болды.
Олар бір-бірін тыңдап, өздерінің жауаптарын дәлелдей білді.
Балалар тек қана алгоритмді орындап қоймай, артық суретке де талдау
жасайды.
Алгоритмді орындаушы жалғыз адам емес, басқармалы роботтар, және
бағдарламалармен басқарылатын станоктар, тірі жасуша, тіпті цирктегі
жануарлар да әртүрлі алгоритмдерді орындайды.
Алгоритм адамның орындауына немесе автоматы құрылғыларға арналған
болуы мүмкін.
Алгоритмнің қасиеттері:
1. Алгоритмнің нәтижелілігі: кез-келген құрастырылған алгоритмнің
нәтижесі болуы керек.
2. Алгоритмнің қадамдылығы немесе дискреттілігі: алгоритм айқын,
аяқталған әрекеттер болып табылатын жеке қадамдарға бөлінуі керек,
орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін.
3.Алгоритмнің анықтылығы: кез-келген алгоритмнің іс әрекеттерінің
мағынасы айқын, әрі нақты және анық болуы керек.
4. Алгоритмнің түсініктілігі: алгоритмнің қадамдары алгоритм
құрастырушының өзіне ғана емес, орындаушыға да түсінікті болуы керек.
5. Алгоритмнің жалпылылығы: алгоритмнің бұл қасиеті алгоритмді
құрғанда белгілі бір жеке мәселеге ғана арналмай, осы сияқты мәселелерді
шешуді толық қамтуға мүмкіндік береді. Мысалы, жолда жүру ережессі
барлығымызға ортақ, есеп шығарған кезде ережені сақтаймыз.[2]
II. «Алгоритмдік модель»
2.1 Алгоритмнің түрлері.
Алгоритмдер жасалу құрылымына қарай үш түрге бөлуге болады: сызықтық,
тармақталған, қайталау. Сонымен қатар алгоритмді бейнелеудің графиктік
көрінісі блок-сызба түрінде де беруге болады.
Әрекеттердің бірінін соңынан бірі тізбектеліп орындалатын алгоритм
сызықтық болып табылады. Мысалы, «Үй салу алгоритмі».
1. Қолыңа қара, сары, қызыл, көк, жасыл түсті қарындаштар ал;
2. Үйдің суретін сал;
3. Шатырын қызыл түске боя;
4. Қабырғасын сары түске боя;
5.Терезесін көк түске боя;
6. Есігін жасыл түске боя.
Алгоритмді атқару барысында шарт орындалса, онда бір әрекет әйтпесе басқа
әрекет орындалады бұл тармақталу алгоритмі.
Егер көшеде жаңбыр жауып тұрса, онда етік киеміз, әйтпесе туфли киеміз.
Кейбір алгоритмдерде белгілі бір шарттардың сақталуына байланысты
әрекеттердің қандай да бір бөлігі бірнеше рет қайталанады. Бұл қайталау
алгоритмі. Мысалы: Үстелдің үстінде бірнеше дәптер жатыр, саған тек
математика дәптері ғана қажет. Егер дәптерді бірден таба алмасаң осы
әрекетерді бірнеше рет дәптеріңді тапқанша орында. Осылайша алгоритмнің
құрылымына байланысты алгоритм орындалады.[1]
2.2. Алгоритм құруда қолданылатын ойындар
Алгоритм туралы жалпы мағлұматтар алғаннан кейін біз алгоритмді құруда
қандай ойындар құрастыра аламыз деген сұрақ туындады? Ол үшін мен әртүрлі
ізденіс жүргізіп кітаптар, мұғалімнің нұсқауын, балаларға арналған
журналдарды, интернет желісін пайдаландым.
Сонымен қатар өзім оқитын 3 «А» сынып оқушыларына сауалнама жүргіздім.
Сауалнамаға 20 оқушы қатысты, оның қорытындысы төмендегідей.
Сауалнама
|р/с|Сұрақтар |Жауабы |
|1 |Алгоритм дегеніміз не екенін білесің бе? |Иә 19 жоқ 1 |
|2 |Күнделікті өмірде алгоритмді қолданасың ба? |Иә 18 жоқ 2 |
|3 |Алгоритмнің қасиеттерін білесің бе? |Иә 16 жоқ 4 |
|5 |Алгоритмді қандай түрде жүргізу саған |Жазбаша: 2 |
| |қызықты, әрі түсінікті? |Ауызша:3 |
| | |Ойын: 15 |
|6 |Алгоритмнің әрекеттерін компьютерде орындай |Иә: 20 |
| |аласың ба? | |
|7 |Алгоритмдік ойындар сені несімен қызықтырды? |Көңілді, қимылдар |
| | |жасау, |
| | |блок-сызбаларды сызу |
| | |т.б. |
|8. |«Информатика әлемінде» факультатив курсы |Иә:20 |
| |саған ұнай ма? | |
Алған сауалнаманың қорытындысы бойынша балалар ойын түрінде
жүргізілген іс әрекеттердің түсінікті әрі қызықты екенін көрсетіп отыр.
«Алгоритмдік модельдің» өзгеше тапсырмалары алгоритмдерден қателерді
табуға берілген. Мысалы: жуу, кептіру, үтіктеу.
Әрине, «үтікті қосу» әрекеті көрсетілмеген. Бірақ балалар басқа
қателіктерті табады.
Бұл тапсырмалар балаларда талдау, жалпылау, қорытынды шығара
дағдыларын дамытады. Барлық тапсырмалар дамытушылыққа бағытталған.
Келесі тапсырма соңғы қорытындыны табуға арналған алгоритмдер,
сонымен бірге шығармашылық дамыту да көрінеді.
Ең бірінші сызықты алгоритм оқылады. Ол блок-схема түрінде
көрсетіледі.
Мұнда балалар ойлап табу және өнертапқыш қабілеттігігін көрсетуге
мүмкіндігі бар. Олар бізге жуыну әрекетін қадам бойынша суреттеп берді. Бұл
ойын дем алуға, күлуге, ойнауға және әрекеттің қадамын көрсетуге жағдай
жасайды. Балалар міндетті түрде бір қате жібереді. Ол сабынды қоюға, немесе
орамалды ілуге, немесе суық және ыстық суды араластыруды ұмытады. Сіз
онымен ойнап көріңіз: ол сабынды қайда жіберді- жеді ме, дұрыс сабындады
ма, орамал ауада ілініп қалды ма? Бірге ойнап көрейік?
Одан кейін дәптерде әр қадамның ретін нөмірлеп шығып, жазуға болады.
Мен осындай әртүрлі жаттығулар мен ойындарды топтастырып, жинақтадым.
1. Алгоритмін құр.
Менің Ботақан атты досым бар. Ботақан кішкентай робот. Ол өте тіл
алғыш және менің нақты нұсқауларымсыз ештеңе орындамайды. Бірде мен
досыма асүйге барып, маған банан тазалап алып келу жөнінде нұсқау бердім.
Оның не істегенін білесің бе? Маған бананның қалдықтарын әкеліп берді.
Мен оған «Ботақан, банан қайда»-дедім. Ол маған: «Мен тапсырманы дұрыс
орындадым», -деп жауап берді.
2. «Киіз үй тігу» алгоритмін құр.
Өзің ойланшы балақай? «Киіз үй тігудің» тәртібі көрсетілген қалаларды
өзгере ме?
3. «Компьютерді өшіру», «Paint» графикалық редакторын іске қос.
5. Paint графикалык редакторындағы суреттегі үшбұрыштарды жасыл,
төтбұрыштарды қоңыр, дөңгелектерді сары, сопақшаларды көк түске боя.
Өзіңді тексеріп көр. Мына төмендегі фигураларды берілген түстерге бояп,
фигураларды және боялған түстерді есіңе сақта да, ойша айтып бер.
Тармақталуды түсіндіру барысында өмірден алынған мысалдаркелтіріп,
тармақталу блок-схемасы салынады (бағдаршам көмегімен немесе оның
көмегінсіз көшеден өту, ауа райына байланысты киім таңдау, сабақ орындау
және тағы басқа).
Тармақталуды білдіретін ромб геометриялық фигурасына алынады. Бұған
кірудің бір жолы, ал шығудың екі жолы бар.
4. Блок кескіндемесін сыз.Paint графикалық редакторын пайдаланып
жапырақтың суретін сал да, бір сан ойла. Егер ойлаған саның 42-ден артық
болса, онда жапырақты жасылмен, әйтпесе сарымен боя.
5. «Аққала» жасау алгоритмін және блок-сызбасын құр, Бұл қандай алгоритм
болады. Осы алгоритмді Paint графикалық редакторында сал. [2]
Цикл бірнеше рет қайталанатын әрекет. Келтірген мысалдар балаларға
түсінікті болуы қажет (түйме салу, күнделікті толтыру т.б). Балаларға
бірнеше әрекет қайталанатын ертегілер айтқызуға болады («Балықшы мен
балық туралы», «Шалқан», «Үйшік» т.б), өз өмірінен де мысалдар келтіруге
болады.[3]
6. Ауа райы мезгілдерінің ауысу
циклін жаз.
7. Сырлаушының дуалды сырлау алгоритмін, блок-сызбасын құр.
8. «Балық аулау» алгоритмін құр.
Тапсырма алмасып отырады: не алгоритм құру керек, не оны блок-схемада
толтыру керек.
Осындай тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлауын, әрекеттерді дұрыс
орындау дағдыларын қалыптастырады.
9.Ұсынылған нысанада, бірнеше цифрлар көрсетілген. Өздеріңнің
мергендіктерің байқау мақсатында екі бала 130 ұпайды жинауға ұйғарысты.
Берілген ұпайды жинау үшін қай цифрларды және неше реттен ату керек?
Бәріміз ойланып көрейік. Неше нұсқасын табуға болады? Алгоритмін құр.
10. Портфельіңді мектепке жина. Блок-сызбасын толтыр.[4]
Көрсетілген ойын түрлері алгоримді құруда компьютерде, жазбаша, іс-
қимылдар арқылы жүргізілді.
Қорытынды
Осындай түрлі ойындар балалардың қиялын ғана дамытпай оқушылардың
информатика сабағына деген қызуғышылығын арттырады. Балалар өз
мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.
Ойындабалалар өздерін еркін ұстап, әрекеттерді орындайды өзіндік
әрекет, ол адамның жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп,
шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана балалардың жеке
қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады.
Ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен
іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды. «Ойнайық та,
ойлайық»балалар!
Ұсыныс:
1. Балалардың пәнге қызығушылығын арттыруда ойындар түрі үнемі қолданылып
отырса;
2. Басқа пәндерге де осындай ойын түрлері енгізіліп, қолданылса.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қолданылған әдебиет:
1. Информатика, С.Т.Мұқамбетжанова, Ш.Қ. Нұрманбетова
Алматы «Жазушы» 2005 жыл. 3-сынып.
2. Информатика. А.С.Тен, А.М.Ақтаев, Н.Т. Маликов.
3. Информатика негіздері журналы. 2005ж. №2, 38-40 бет.
4. «Мөлдір бұлақ» Балаларға арналған танымдық журнал. 2011. №2, 23 бет, №8
26 бет.
5. Сайт http://kk.wikipedia.org, http://mirgif.com
-----------------------
басы
жоқ
иә
Жаңбыр жауып тұрса
Туфли киеміз
Етік киеміз
соңы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz