Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ әліпбиі

Сабақтыңтақырыбы:
Фонетика туралы түсінік.Қазақ әліпбиі.
Жалпымақсаты:
1.Бастауыш сыныпта алған ұғымды кеңейте алады.
2.Қазақ әліпбиінің қалыптасу кезеңдерін біле алады.
3.Қазақ әліпбиіндегі сөздердің жазылу емлесін түсіндіре алады.
Оқунәтижелері:
1.Бір дыбыстың әлденеше сөздің құрамында қолданылатынын біледі. (барлығы)
2.Қазақ әліпбиінің қалыптасу кезеңдері мен бас әріптердің қолданылу орындарын біледі. (басым көпшілігі)
3.Әріптердің рет тәртібін біледі.
Түйінді идеялар:
Фонетика туралы түсінік қалыптасады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
СТО технологиясы: интерактивті тақта,тірек сызба,INSERT.Үлестірме парақшалар.
Сабақ кезеңдері

Орындалатын тапсырмалар
Кіріспе
Уақыты:
7 минут

Тұсаукесер
Уақыты:
6 минут

Негізгі бөлім
Уақыты:
24минут

Қорытынды
Уақыты:
8минут.
Тренинг <<Менің есімім>>.Қандай мағына береді?
1.Топқа бөлудің түрі. Алфавит ретімен үш топқа бөліну. Топ басшысын сайлау, смаилктер арқылы топты бағалату ережесін таныстыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Әр топқа үлестірме парақшалар таратылады.
1 - топ.Мына сөздерге түсінік беріңдер.
1.Қас пен көздің арасында.
2.Шашу,қаңтар,жон.
3.Кәмпит,аймақ,тәрбие.
2- топ Мына сөздерге түсінік беріңдер.
1.Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең.
2.Бақа - көлінде патша,балық - суында патша, жігіт-елінде патша.
3.Кәсе,құдағай,жар.
3-топ Мына сөздерге түсінік беріңдер.
1.Эвфемизм әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатында шыққан.
2.Ермексаз,сынып, құжат.
3.Қылша,өркен,жом.

Жаңа сабаққа байланысты оқушылардың зейінін аудару.(психологиялық дайындық)
Жұмбақ жасыру.
Қырық екі жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.(Алфавит)

Жаңа сабақ. 3топқа тапсырма берілді.
1- топОқулықтан Тіл дыбыстары туралы оқып,постерде қорғау.
2- топ- Оқулықтан Қазақ әліпбиі туралы оқып,постерде қорғайды.
3-топ.Оқулықтан Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы туралы оқып, постерде қорғайды.

Бекіту кезеңі. Рефлексия
Төмен және жоғары дәрежелі сұрақар.
1.Тіл дыбыстары қалай жасалады?
2.Фонетика дегеніміз не?
3.Әріптердің рет тәртібі қалай аталады?
INSERT.(Оқушылар смаиликтерді көтереді.)

Маған ұнады Мен үшін жаңалық Маған қиын
болды
Үйге тапсырма беру. Бағалау.Сумативті бағалау

1-топ.(А,ә,б)Әлия, Айда, Алтынбек Армат, Бекзат
2топ.(Г,д,ж)Гүлнұр, Гүлсана Диана, Жұмагүл.
3-топ.(Н,м,к,т,э) Нұрбек, Меңдібек,
Камила, Тілекжан, Эльмира .

Бұл мысалдардан қазақ тілінің қандай тарауы туралы білімімізді пысықтадық?

1.Бұл жұмбақты не үшін жасырып тұрмын?
2.Интерактивті тақтадан қазақ әліпбиінің кестесін көрсету.

Топтар қорғайды.Формативті бағалау .
<<Екі жұлдыз, бір ұсыныс>>.

2.Оқулықпен жұптық жұмыс.
<<Қай жұп шапшаң?>>

234-жаттығу.
237-жаттығу.

Үйге.238-жаттығу.

Дереккөздер:
Қазақ тілі оқулығы.Алматы <<Атамұра>>баспасы 2015. Сілтемелер, қосымша материалдар.<<Қазақ тілі мен әдебиеті >>журналы.2004 №7.2011 №8.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар саны
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы. 9-сынып
Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
Фонетикадан сабақтар топтамасы
Дыбыс және әріпті ажырату
Асыл тобына
Мәліметтерді сүзу
Дауыссыз дыбыстар, түрлері
Сөз мағынасы
Қазақ тілінен жылдық қайталау. сайыс сабағы. 5-сынып
Пәндер