Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қыстырма сөзді тап
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы
М. Бегенов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі : Лесбаева Ұлжан Бектұрғанқызы
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Тақырыбы: Қош, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, <<Әліппе>>, <<Ана тілі>>, <<Матем>> оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
<<Қайда әлгі мектеп>>-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.
Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы <<Әліппе>>. Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
1-оқушы: Әнуар
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы: Орынай
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы: Алтынбек
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Ән: <<Әліппе>>
Қане беріп қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
І-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
<<ОТАН>> <<ӘЛІППЕ>> сөздері шығатындай
( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
1-оқушы: Саяжан
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы: Қарақат
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы: Серік
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
4-оқушы : Ринат
Ас біткеннің атасы
Қасиетті <<нан>> осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек: Өсержан
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде <<Әліппемен қоштасу>> мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала: Аружан
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті - басыңды тазалап, жөнге сал. <<Әліппені>> таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан <<Әліппені>> бітірдік. Рахмет саған <<Әліппе>>.(хормен)
Қыздардың орындауында би.
1-оқушы: Нұрай
<<Әліппе>> даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
<<Ұстазым>> әні. Мерейлім
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.
<<Буратино>> биі.
Әліппе: Мейіржан
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:
-Математика - ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі: Мәдина
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
<<5>> болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика
Тақырыбы: <<7 саны>>
Мақсаты: 7 - ге дейінгі сандарды тура және кері ретімен қоя білуге, сандардың таңбаларын танып ажыратуды, геометриялық пішіндер мен денелерді, олардың түстерін ажыратуды ойын арқылы жетілдіре түсу.
Ойлау, көріп - тану, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл байлықтарын және сөздік қорларын байыту.
Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу. Халықтық педагогиканы ұштастыра отырып халқымыздың киелі 7 санына деген ұғымдарын кеңейту. Ұжымдық іс - әрекетке баулу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, жұмбақ жасыру, санамақтар.
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің түрі: сайыс сабақ
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің типі: білім тиянақтау
Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамыту, ән, құрастыру, көркем әдебиет, өзін - өзі тану
Көрнекіліктер: цифрлар, пішіндер, шыршалар, суреттер және компьютер, проектор.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: санамақ жаттату, 7 ата, 7 қазына, 7 күн және тағы да басқа 7 санына байланысты ұғымдарын кеңейту
Психологиялық тренинг
Бақыт - біздің сиқырлы шеңберіміз
Бақыт - біздің достарға сенгеніміз
Бақыт - таңнан біреумен достасуың
Бақыт - кеште достармен қоштасуың
Балалар, тақтаға қарайықшы, нені көріп тұрсыңдар?
Геометриялық пішіндер мен денелерді
Атап айтайықшы
Төртбұрыш, үшбұрыш, куб, цилиндр, дөңгелек, сопақша, көпбұрыш
Олардың түстері бірдей ме?
Әртүрлі
Олар нешеу екен, санайықшы
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. Жетеу
7 саны қазақта киелі болып есептеледі. Сендер 7 санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
7ата, 7қазына, 7 күн, 7 қарақшы, 7 күлше, 7 жұт
Мына көріп тұрған жеті түрлі пішіндердің ішінде 7 түрлі тапсырма бар. Солардың сырын ашқыларың келе ме?
Ендеше біз <<Санауды жалғастыр>> ойыны арқылы 3 топқа бөлініп алайық.
Балалар 7 - ге дейін санап, әр 7 бала бір топ болып бөлінеді
1 - топ: Алғырлар тобы
2 - топ: Тапқырлар тобы
3 - топ: Ойшылдар тобы
№1 тапсырма <<Адасқан сандар>>
Шарты: 3 топтың да балаларына 7 - ге дейінгі сандарды беріп, белгі берілген кезде ретімен тура тұра қалу керек. Бірінші болған топқа 1 жұлдызшадан беріледі.
Келесі сәтте сол сандар кері тұрулары қажет
2 пішіннің тапсырмасы: <<Ойыншық жинау>>
Шарты: Әр топқа бір шыршадан 7 қорапшадан беріледі. Қорапшаның сыртында 7 - ге дейінгі сандар жазылған. Шыршаларда ойыншықтың суреті салынған, сол ойыншық нешеу болса, сол санның цифр таңбасын тауып салу қажет.
3 пішіннің тапсырмасы: Санамақ жарыс
Балалар санамақ айтып жарысады.
4 пішіннің тапсырмасы:
Бой сергіту
Балалар <<Санамақ>> әнін айтып, қимылын жасайды
5 пішіннің тапсырмасы.
<<Танграмм>> ойыны
Әртүрлі геометриялық пішіндерден бейне құрастыру.
6 пішіннің тапсырмасы:
Бейне жұмбақ. Электронды оқулықтан беріледі
<<Кел санайық>>, <<Ойнайық, ойланайық>> ойындары
7 пішіннің тапсырмасы:
<<Жеті жұмбақ>>
Балалар жұмбақтардың шешуін табады
Балалар, бүгінгі ойынымыз қызықты болды, бәрің де өте жақсы қатыстыңдар. Енді әр топтың жинаған жұлдызшаларын санап жеңімпаз топты анықтайық. Балалар хормен санап, әр топ неше жұлдызшадан жинағанын анықтайды.
Жеңіске жеткен топты мадақтау. Балаларға жұлдызшалар тапсыру.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Тура және кері санауды, геометриялық пішіндер мен денелерді ажыратып, сұраққа толық және нақты жауап бере біледі.
Меңгеруі: Жеті санының қасиетін ұғынып, жеті санына қатысты ұғымдарды тереңірек меңгереді.
Жасай алуы: Әртүрлі геометриялық пішіндерден танграммалық бейне құрастырып, не жасағандарын түсіндіріп айтып бере алады.
Мақалаға белгі:7 - саны, математика, бастауыш сынып жоспары
Тақырыбы: Қыстырма сөз
Мақсаты: 1. Қыстырма сөздің сөйлем мүшесі болмайтындығы т. б қасиеттерімен тереңірек таныстыру. 2. Өтілген тақырып пен жаңа сабақты ұштастыра отырып, сөздік қорларын, жазу дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Білімге, ізденуге деген құлшыныстарын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ / интерактивті технология
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кесте, карта, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды оқушы ережесіне сай отырғызу.
- Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
- Қонақтардың келу мақсатын айту.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
- 188 - жаттығу Өлеңді жатқа айт.
- Біріңғай мүшелерді тап.
- Қарамен жазылған сөздің қандай сөз екенін айт.
- Оның алдына үтір қойылу себебін түсіндір.
<<Ой шақыру>> стратегиясы:
- М. Хакімжанова кім?
- Қандай шығармаларын білеміз?
<<Топтастыру>> стратегиясы:
М. Хакімжанова
↓
Ақын
Көктем жыры
10 көркем очерк
100 өлең
Жазушы
<<Мәншүк>> поэмасы
ІІІ. Өткен сабақты бекіту
<< Ұяшық таңдау>> әдісі арқылы: Кесте №3
№1 Сөйлем мүшелері деген не?
№2 Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
№3 Тұрлаулы мүше деген не?
№4 Тұрлаусыз мүше деген не?
№5 Сөйлемнің біріңғай мүшесі деген не?
№6 Біріңғай мүшелердің жасалу жолдары
№7 Біріңғай мүшеге қосымшалар қалай жалғанады?
№8 Мысалды талда:
№9 Мысалды талда: Самал диктантты таза, сауатты жазды.
№10 Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
ІҮ. Жаңа сабақ
- Ребус шешу: <<Қыстырма сөз>>
- Балалар, қыстырма сөз дегенді естігендерің бар ма?
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың да негізгі мақсаты осы тақырыпты сендерге жете түсіндіру.
- Олай болса, тақтаға қаралық. Кесте № 4
- Енді осының ішіндегі <<қыстырма сөзге>> тоқталсақ. Мағынасына қарай былай топталады:
Кесте №5
Ү. Оқулықпен жұмыс
- (61 - 62 беттерді ашайық.)
- Қазір тақтада мысалдар беріледі, қолымыздағы кестеге қарай отырып, қыстырма сөздің қай түрге жататынын анықтайық. Кесте №6
А) Ереже шығару.
- Сонымен, қыстырма сөз деген не болды?
- Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Ол 2 - 3 сөзден құрылуы мүмкін екен.
ҮІ. Дәптермен жұмыс.
Б) Көркем жазу минуты.
Жж Жж Жж Жж
Жамбыл, жолбарыс, жеңіс, жусан, жайнасын
190 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздерді тап.
Қыстырма сөздердің қандай мағына үстеп тұрғанын айт.
Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде кездесіп тұр. Не байқадың?
191 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қыстырма сөзді тап. Өлең не жайында?
Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасында өзгеріс бола ма? Ақып <<Мұғаджар>> деген жерді ойлау, ойламау себебі
не деп түсіндіреді?
- Кесте №7 Картамен жұмыс. Ақын туралы дерек.
192 - жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қыстырма сөздің астын сыз.
ҮІІ. Бекіту
Топтық жұмыс:
І топ: Жатқа жаз
ІІ топ: Жаңылтпаш
ІІІ топ: Біріншіден, екіншіден деген сөздермен сөйлем құрау.
Қыстырма сөзді жатқа айт.
ҮІІІ. Қорытынды
- Дидактикалық тапсырмалармен жұмыс.
- Бір оқушы тақтада орындайды.
<<Өзара сұрақ алмасу>> стратегиясы:
- Бүгін не өттік?
- Мысал келтір.
- Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Қандай тірек сөздермен жұмыс жасадық?
- Біріңғай мүше деген не? Мысалы:
ІХ. Үйге тапсырма беру.
- 193 - жаттығу Тапсырмасын түсіндіру
- Ережелерді пысықтау. - Ереже дәптерлермен жұмыс.
Х. Мадақтау. Бағалау. Рейтингілік бағалау жүйесі.
Математика 28.01.14ж
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
1.4 санын қосу және азайту жайында түсінік беру,жаттықтыру.
2. Ұқыптылыққа баулу.
3. Есептеу дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: натурал сандар қатары.
Оқыту әдісі: түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткенді еске түсіру.
№ 4 дұрыстығын тексеру. 89 бет.
ІҮ Жаңа сабақ:
1) 4-ті қосу үшін 3 сан аттап қосу керек екені туралы түсінік беру.
4+4=8 5+4=9 6+4=10
8-4=4 9-4=5 10-4=6
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Ү. Білімді бекіту.
Үш сан аттай отырып, алдымен сандарды өсу ретімен ата, содан соң кему ретімен атаңдар.
0 4 8 10 6 2
№ 4 Қызыл және көк кесінділердің ұзындығының қосындысын жасыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр.
№ 5 Есепті шығарту.
Өрік-3 түп. 3+4=7
Шие-4 түп Жауабы: 7 түп ағаш.
Шығармашылық тапсырманы орындату.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Біз не істеуді үйрендік?
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Сиыр. Жаттығу жұмысы.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мәтінді оқыту арқылы білімдерін қалыптастыру
ә) ауызша,жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын,байланыстырып сөйлеуін,
б) ұқыптылыққа, жинақтылыққажәне сауатты, әрі көркем жазуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тірек сызба, суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру-Үйге қандай тапсырма берілді -Ақ бұзау қай малдың төлі?Тізбектей оқытамыз
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі -Неге ол Ақ бұзау деп аталады?-Бұзаудың енесін не деп атайды - Сиыр -Сиырдың адамға қандай пайдасы бар -Кім жауап береді?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Балалар, дауысты жуан дыбыстарды кім маған атап береді? Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? Оның нешеуі жуан, нешеуі жіңішке?
Ү. Жаңа сабақ Жұмбақ
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар
Бір желпуіш сияғы бар. Бұл не? (сиыр)
Оқулықпен жұмыс
30-жаттығу Жаңылтпашты көшіріп жазып, жуан дауыстылардың астын сызыңдар.
Қырда қырау
Қызыл ала бұзау
Тауда тарғақ
Тарғыл ала торпақ.
Сергіту сәті
31-жаттығу Көп ніктенің орнына жуан дауыстыны қойып көшіріп жаз.
Жұмбақ
Қ..яды екен әр шаруа
Қазығ..на құт байлап
Қанша қ..йып алсаң да,
Сарқылм...йды сүт, қаймақ
VI. Жаңа материалды пысықтау Сиыр өлеңін мәнерлеп оқып, оқушыларға оқыту Сиыр туралы түсінік беру Әукім,әукім сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүгін жерге келгелі
Шығып қапты бүйірің. Қ.Мырза Әли
VII. Бекіту Жаңылтпашты жаңылмай айт
Әй,әй, Айдарбай
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.
Мақалдар
Сиырдың сүті-тілінде
Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан
Сиырды теппейді
VIII Үйге тапсырма, бағалау

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz