9-сынып Алгебрасы: тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру арқылы деңгейлік есептерді шешу

Пән : Алгебра

Сынып: 9 а сынып

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруге есептер шығару.

Мақсаттары: Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін, формулаларын, негізгі тепе-теңдіктерді қолдана отырып тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруге деңгейлік есептер шығару дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже : Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруде функция қасиеттерін, формулаларын, негізгі тепе-теңдіктерді қолдана алады; деңгейлік есептер шығарады.

Модульдері: АКТ, Сыни ойлау, ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс) . ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін -өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер, тапсырма жазылған парақтар, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер: Блум таксономиясы, Сұрақ-жауап, Жигсо әдісі, Тест

Сабақ кезеңдері
Уақыт
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері:

Білім

Қызығушылық

тарын ояту

Уақыт: 6-7 мин
Тапсырма: Интерактивті тақтада әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Интерактивті тақтадағы ұяшықтағы сұрақтарды біреуі оқиды, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да, топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
: АКТ
Сабақ кезеңдері: Түсіну
Уақыт: 5-6 мин
Тапсырма:

«Кім жылдам?» «Формулалар қоржыны» әдісі бойынша формула құрастыру

Сабақта қолдану

Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға қағаз қиындыларын үлестіреді, формула құрастыруды тапсырады.
Оқушылардың іс-әрекеті: Олар тездетіп 5 минутта неше формула құрайды, соны қоржынға жинайды. Әр топтан бір сарапшы шығып тексереді.
: ЖТ
Сабақ кезеңдері: Қолдану
Уақыт: 10мин
Тапсырма:

Деңгейлік тапсырмалар

Жигсо әдісі арқылы 5 тапсырманы бөліп, жеке 5 шағын топтарда шығарады.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Деңгейлік тапсырмалар үлестіреді.
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар 1-5-ке дейін санап нөмірленеді, сол бойынша шағын топтарға барып тапсырмаларын орындайды. Қайта өз топтарына келіп, бір-біріне түсіндіреді. Әр топтан 1 оқушы тақтаға орындайды, керек жағдайда ауызша түсіндіреді. Дәптерге орындалады.
: СТО
Сабақ кезеңдері: Талдау
Уақыт: 5-6 мин
Тапсырма: Деңгейлік тапсырмаларды талдайды, бір-бірімен салыстырады, ортақ шешімге келеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді
Оқушылардың іс-әрекеті: Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Ізденеді. Сыныпқа жариялайды.
:
Сабақ кезеңдері: Жинақтау
Уақыт: 7-8 мин
Тапсырма: Тест
Мұғалімнің іс-әрекеті: Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін Блум параағы үлестіріледі. Тест құру тапсырылады.
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар ашық тест, бірнеше жауабы дұрыс және сәйкестік тест құрып, бір-біріне ауыстырып, шешіп, ұпайы есептеледі.
:
Сабақ кезеңдері: Бағалау
Уақыт: 3 мин
Тапсырма:

Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру не үшін қажет? «Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

Блум парағы арқылы бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті: Бағалау парағын жинап, қорытынды бағаны жариялау.
Оқушылардың іс-әрекеті: Өзін -өзі бағалау, топтық бағалау. Блум арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.
:
Сабақ кезеңдері: Рефлексия
Уақыт: 3 мин
Тапсырма: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
Оқушылардың іс-әрекеті: Әр топтан өз көшбасшысы не біреуі айтады.
:
Сабақ кезеңдері: Кері байланыс
Уақыт:
Тапсырма: Гүлдер
Мұғалімнің іс-әрекеті: 3 түрлі гүлдерді беру, ең көп гүл шоғын жинаған кімдер екенін анықтау.
Оқушылардың іс-әрекеті: Гүлдерді ең жақсы көмектескен, ең жақсы идея айтқан және ең сыпайы оқушыларға үлестіреді.
:
Сабақ кезеңдері: Үйге тапсырма
Уақыт:
Тапсырма: Бір ұсыныстары
Мұғалімнің іс-әрекеті: Біліміндегі олқылықтарды толықтыру
Оқушылардың іс-әрекеті:
:
Сабақ кезеңдері:

Сабақ басында сыныппен амандасып, түгендеп болған соң көшбасшыларды ортаға шақырып нөмірлеп, «Топ жинау» тәсілі бойынша топтарға бөлінеді. 2-3мин

C:\Users\Калампыр\Desktop\блюююю\20160408_115029.jpg C:\Users\Калампыр\Desktop\блюююю\20160408_113207.jpg


Ұқсас жұмыстар
9-сынып алгебрасы: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру сабағының ақпараттық картасы
9-сынып Алгебра: Тригонометриялық өрнектерді формулалар арқылы түрлендіру және есептерді шығару
7-сынып алгебра: өрнектерді тепе-тең түрлендіру бойынша сабақ жоспары
9-сынып: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру (бекіту сабағы)
9-сыныпқа арналған негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер мен есептерді шешу
9-сынып: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану
9-сынып алгебрасы: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру және теңдіктерді дәлелдеу (деңгейлеп-саралап оқыту және интерактивті тақта қолдану)
9-сынып: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану - білімді бекіту сабағы
8-сынып математика: квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру және есептерді шешу
9-сынып алгебрасы: негізгі тригонометриялық теңдеулер және өрнектерді ықшамдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz