Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған <<Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері>> жолдауында білімге баса назар аудару мақсаты көзделген. Еліміздің дамыған елдермен терезесі тең елге айналуына басты үлес қосатын бүгінгі бастауыш сыныптың әрбір оқушысы <<Жаңа онжылдық-менің білімімдегі жаңа жетістіктер кепілі>>,- деп алдарына үлкен мақсат қояды.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу - тәрбие үрдісі арқылы оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру - жаңа ғасыр мектебінің мақсаты.
<<Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер>> деп Ж.Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден - бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету - мұғалімнің міндеті.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк - психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады. Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпақ-бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен жоқ. Алаштың ардақты ұлы А.Байтұрсынов <<Бала білімді, тәрбиені өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.>>-деп жазды. Осы пікірлердегі ортақ идея - ұстаздың ізгіленуі және үндестігі.
Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен логикалық ойлау қабілетін дамыту - бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Себебі, оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақ та әр түрлі,жан-жақты болуы керек.
Математика пәнін оқытуда дидактикалық принциптерді қатаң сақтап, әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай әр түрлі формадағы оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді жүргізу керек. Оқушылардың логикалық ой-өрісін арттыруда, оларды математикаға қызықтыруда, логикалық есептер шығарудың ерекше маңызы бар. Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті - оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
Мектептеде тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: <<Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады>>. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап - ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.
<<Ұлттық қазақ ойындары: <<Қыз қуу>>, <<Орамал тастау, <<Асықтар>>, <<Бәйге>> ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін.
Менің баяндамамның тақырыбы:<<математика пәні бойынша интеллектуалдық сайыстар мен ойындар өткізу ұйымдастыру әдістемесі>>.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: <<Таным бастамасы - сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой - өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек>>, - деп жазды.
<<Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды - бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын>>, - деген болатын.Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi.
Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту барысында бастауыш сынып оқушыларынан күтілетін нәтижелер :
:: кез келген ақпаратты беру және қабылдау үшін жағдайға қарай шағын көлемдегі мәтінді қолдана алады;
:: алынған ақпараттарға қатысты өзінің ойын білдіру үшін алғашқы сөйлеу дағдыларын қолданады;
:: тілдік қатынас және қоршаған шынайылықты танып білу құралы ретінде ана тілінің маңызын түсінеді;
:: топпен,командамен бірлесіп жұмыс жасау үшін алғашқы сөйлеу дағдыларын пайдалана алады;
:: жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана біледі;
:: интеллектуалдық ойындар барысында жалпы адамзаттық және әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;
:: өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болуы;
:: ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік әрекетін жоғары деңгейде ұстау үшін шығармашылық жұмысқа тартылады.
:: интеллектуалдық даму деңгейі жоғары, дарынды тұлғалар айқындалады.
Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда интеллектуалдық ойындардың атқаратын маңызы зор. Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Интеллектуалдық ойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. <<Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дердестігі...>> Мен өз сабағымда интеллектуалдық ойын түрлерін жиі пайдаланамын.Интеллектуалдық ойын барысында оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін. Сыныптар арасында өткізген <<Көкпар>>, <<Алтын сақа>>, <<Бәйге>>, <<Тапқыр болсаң , талас жоқ>> , <<Математикалық поэзия>> т.б түрлі интеллектуалдық ойындар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.
Ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды. Назарларыңызға 7-сынып оқушыларымен математика пәнінде өткізілген <<Тапқыр достар>> интеллектуалдық сайысын ұсынып отырмын.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жетілдіру, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру, шығармашылық ізденістерін ұштау мақсатында өткен <<Тапқыр достар>> атты сабағы оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіруге жағдай жасау. Сондай - ақ тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Сабақтың барысында әділ - қазылар алқасын тағайындап, топтарды және сайыстың шартымен таныстырамыз.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен көрермендер! Бүгінгі біздің <<Тапқыр достар>> атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Сайысымызды бастамастан бұрын әділ - қазылар алқасымен танысалық.
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтар:
І топ: <<Арифметика>>
ІІ топ: <<Логика>>
Сайыстың шарттары:
І. Танымдық сайыс
ІІ. <<Сөз тапқанға...>>
ІІІ. <<Ойлан тап>>
IV. <<Мені түсін>>
V. <<Кім жылдам>>.
1 - жүргізуші: Сайысымыздың І бөлімі <<Танымдық сайыс>>. Әр топқа жеке - жеке сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
І. <<Танымдық сайыс>>
<<Арифметика>>:
1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
2. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (галактика)
3. Диаметрдің жартысы? (радиус)
4. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар (құрама сандар)
5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек /Дұрыс бөлшек/
6. Санның ең кіші ортақ еселігін қалай табамыз?
7. Оң және теріс сандарды қалай ажыратамыз?
<<Логика>>:
1. Санның 1/100 бөлігі? (пайыз)
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
3. Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы? (периметр)
4. Масштаб дегеніміз не?
5. Санның ең үлкен ортақ бөлгішін қалай табамыз?
6. Қазақстандағы ғарыш кешені? (Байқоңыр)
7. Тәуліктің 1/24 бөлігі? (сағат)
ІІ. <<Сөз тапқанға...>>
<<Арифметика>>:
/ М, Б, Е әріптері/
1. <<Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің>> - деген пікірге не айтасыз?
2. Математиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет?
3. Сенің жақын құрбыңның жасы нешеде?
4. Дүкенге барған кезіңде неше теңгеге сауда жасайсың?
5. Сенің жан досыңның аты кім?
6. Аспаннан қанша жұлдыз көріп тұрсың?
7. Сенің қанша досың бар?
<<Логика>>:
/Т, К, Ж әріптері/
1. <<Матеатика - ғылымдар патшасы>> дегенді қалай түсінесің?
2. Математикадағы қандай сандар туралы не ойлайсыз?
3. Геометриялық фигуралардың бірін ата.
4. Компьютерде жұмыс жасай аласыз ба?
5. Сенің ойыңша ең үлкен қай сан?
6. Математика ғылымы туралы өзіңіздің пікіріңіз қандай?
7. Математика ғылымы сені қызықтыра ма?
ІІІ. <<Ойлан тап>>
2 - жүргізуші: сайысымыздың келесі бөлімі <<Ойлан тап>>. Бұл сайыста сіздер ұпай саны көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы арнайы сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
1 - жүргізуші: Егер жауап бере алмай қалсаңыздар, қалған топтар жауап береді. Ұпай сол жауап берген топқа беріледі.
Математикалық жұмбақтар:
10 ұпай. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. /сызғыш/
30 ұпай. Дүниеге тұмсықсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. /Қарындаш/
50 ұпай. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ.
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /Қалам/
Ұлы математиктер.
10 ұпай. <<Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей - ақ қойсын>> деген кімнің сөзі? (Платон)
30 ұпай. <<Математика - ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сандық арақатынасы мен кеңістік формалары туралы ғылым>> - деп математикаға анықтама берген>>.... (Энгельс)
50 ұпай. <<Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі - математикамен шұғылдану, екіншісі одан сабақ беру>> - деп айтқан кім? (Пуассон)
Әртүрлі (20ұпай)
Бейне сұрақ. Сіздерге кішкентай бүлдіршіндеріміз Гүлнұр, Қымбат сұрақ қояды.
1. Алманың жартысы неге ұқсас?
2. Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз.
3. Ұпай сіздікі.
IV. <<Мені түсін>>
1 - жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі <<Мені түсін>>. Бұл бөлім бойынша сіздер өздеріңіз таңдап алған бетте жазылған сөздерді іс - қимыл арқылы бейнелеулеріңіз қажет.
/ сызғыш, циркуль, транспортир, шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш, принтер, математика - 5, шар, дөңгелек, сан/.
V. <<Кім жылдам>>.
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөлімі <<Кім жылдам>>. Экранда, өздеріңіз көріп отырғандай, әртүрлі сандар (1 - 52 дейінгі) жасырылған. Сіздердің міндеттеріңіз - осы жасырылған сандарды рет ретімен іздеп табу. 1 минуттың ішінде ізделінді сандарды рет - ретімен тауып, белгілеп шығады.
ІІІ. Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.
Осындай түрлі интеллектуалдық ойындар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.
Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. <<Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дердестігі...>>
Интеллектуалдық ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев <<Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр>> деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауттылық талап етілуде.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Еліміздің кепілі, болашақ тірегі мектептердің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздардың, басшылардың педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz