Әкеммен, анаммен - ата-ана мен баланың салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық эстафета

Тақырыбы: «Әкеммен, анммен»
Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ата - анамен бала
денсаулығын нығайту.
2. Спортшылар арсындағы достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы екенін түсіндіру және
оны сақтауды басты балық екенін ұғындыру.
3. Сенімділікке, қайсарлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгінгі өткізілетін «Әкеммен, анаммен» атты эстафеталық жарысына қош келдіңіздер!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз! - дей отырып ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.
- «Жұлдыздар» тобы
- «Тұлпар» тобы
- «Балапан» тобы
- «Ботақан тобы» тобы
Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
- Балабақша директоры: Турганбаева Нұрсауле Тұрақбайқызы
- Балабақша әдіскері: Алибекова Зарина Әлібекқызы
- Балабақша медбикесі: Тлегенова Ақшагүл
- Балабақша шаруашылық меңгерушісі: Избасарова Сабина Серікқызы
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:
- «Таныстыру»(топтың аты, ұраны, эмблемасы)
- «Кім жылдам»(кедергілерден өту)
- «Кенгуру»(қаппен секіру)
- «Мерген»(допты дәлдеп құрсауға салу)
- «Арқан тарту»(қазақ халқының ұлттық ойыны)
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер
- Кезең «Таныстыру»
Шарты: әр команда тобының атын, ұранын айтып, эмблемасын тағып шығуы керек.
Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда - дей отырып, сайысымыздың 2 - ші кезеңіне кезек берейік.
- «Кім жылдам»
Шарты: қолымызда доп, кедергілер арасынан мүдірмей өтіп, допты келесі ойыншыға береміз. Ойын осылайша қайталанады.
Жүргізуші: Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай жеңістерге
Үшінші кезең
- «Кенгуру»
Шарты: қапты киіп кеглидің арасымен ирек жасай жүріп, айналып келу.
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
Сен болмашы еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан да, еңбек ет - дей отырып келесі кезеңге өтейік.
- «Мерген»
Шарты: қолымыздағы допты құрсауға дәл салуымыз керек.
Жүргізуші: Шынығамыз біз күнде,
Тынығуды білмейміз.
Шаршамаймыз біз мүлде,
Ойын ойнап әр күнде.
Бесінші кезеңге де жеттік.
- «Арқан тарту»
Шарты: екі комндадан бірігіп тартып, ұтқан команда келесі топтың жеңімпазымен арқан тартысып әрі қарай жалғастырады.
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думандатып жүріңіз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті спортшылар, ата - аналар жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Әкеммен, анаммен» атты спорттық эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!