Топ атаулары

Сабақты дұрыс жоспарлау - сапалы білім берудің негізі
Джанкулова Б. Б. - Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының география пән мұғалімі
«Жаңа формация мұғалімі - рухани дамыған, әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты».
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген. Көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген екен әл-Фараби бабамыз.
Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. «Уақыттың жалғыз өлшемі бар, ол - адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол - арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» - деген сөзді еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала - мектеп және оның мұғалімі.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы маңызды болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?», «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген үш мәселе. Әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім - ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. [4]
Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін - өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс-тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру - заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау - бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет» - деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден - бір қызмет ету керек. [ 2]
«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек. [3]
«Интерактивті» сөзі өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту - бұл, ең алдымен сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. Интерактивті оқытудың мәні мынада - оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс. Олардың осыған байланыты не біледі, нені ойлайтынын түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс.
Қытай халқының бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы - мен ұмытып қаламын, маған көрсетші - менің есімде қалады, өзіме істетші - мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады. Интерактивті әдіске сабақ барысында әртүрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, бейнематериалдар, аудиоматериалдар, компьютерлер және т. с. с. таныстырулар жатады.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізіне жататындар: әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағыдыларын қалыптастыру. [ 1 ]
Осы қойылған талаптарды жүзеге асырудағы маңызды бір жұмыс - сабақ жоспарын құру. Мен ұсынып отырған сабақ жоспарында деңгейлік курста алған білімім мен үйреткен жаңалықтар, талаптар ескерілген, Блум таксономиясының кезеңдеріне жақындату мақсатымен құруға тырыстым.
Сабақ
тақырыбы
Мақ
саты
оқыту нәти
жесі
Әдіс-тәсіл
дер
Блум
таксономиясы
Топ ішіндегі талдаудан кейін әр топ өз болжамымен сыныптастарын таныстырады.
Белсенді оқушылардың жауаптары бағаланады.
Үй тапсырмасын тест түрінде тексеру мұғалімнің уақытын үнемдейді. Тест мәтіні интерактивті тақтада көрсетілді де, уақыт біткенде дұрыс жауаптар кілті көрсетілді. Әр оқушы бағалау критерийлерін қолдану арқылы өз жауабын өзі бағалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz