9-сынып әдебиеті: Асан Қайғы шығармашылығы және Еділ бол да Жайық бол толғауын талдау

Күні: Пәні: әдебиет Сынып: 9- сынып

Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол»

Мақсаты: жырау өмірінен мәлімет бере отырып, «Еділ бол да, Жайық бол» толғауымен таныстыру.

Міндеттері:

1. Жыраудың өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, толғаудың тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашу, толғау туралы түсініктерін кеңейту.

2. Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру, поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.

3. Оқушыларды адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : сөздік әдіс, сұрақ-жауап, талдау, топпен жұмыс.

Көрнекіліктер: жырау портреті, слайдтар,

Пәнаралық байланыс: география,

Сабақ барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй жұмысын тексеру

Жырау деген кім?

Қандай жырауларды білесіңдер?

Жыраудың жыршыдан қандай айырмашылығы бар?

Ежелгі дәуір әдебиетіндегі данагөй кеңесшілерді ата, олардың жыраулармен ұқсастығы бар ма?

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

1. Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы

Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы)

Өмір сүрген кезеңі: ХІҮ- ХҮ ғғ. (шамамен 1330 - 1450 жж. )

Мекендеген жері: Арал өңірінің Сырдария жағасы

Қаратау мен Сырдың арасына көз сала отырып, Асанқайғы бабамыз: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», - деген екен.

Қызметі: Асанның біраз өмірі Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі - Ұлұғ Мұхамед тұсында өтеді, кейін қазақ ханы Жәнібек Жәнібектің ақылшысы болған.

Толғаулары:

Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері:

1) дидактикалық сарындағы толғаулар (насихат, өнеге сөз, гибрат айтылуы) : «Еділ бол да, Жайық бол».
2) Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары (арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы) : «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің»
3) Өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәні түсіндіретін толғаулары: «Қырында киік жайлаған»
4) Болжалдық сарындағы толғаулар: «Қилы, қилы заман болмай ма».

Күйлері: «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар», т. б.

Арманы: Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады.

Кесенесі орналасқан жері: Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымы.

Ғалымдар бағасы:

Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов)

«Асан Ата - ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы»

(Әлкей Марғұлан) .

«Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі - осы Асан қайғы»(Мұхтар Әуезов) .

Сөздікпен жұмыс:

Халық қалаулысы - избранник народа

Толғау - воспевающая кого-либо или какие-либо события песня

Аңсау - мечтать, жаждать

Көшпенді ел - кочевой народ

Қайғы-мұңсыз - без печали

Баянды билік - стабильная власть

Толғауды оқу, талдау

Мәтінмен жұмыс

Толғаудағы жалқы есімдер: Еділ, Жайық

Сөз тіркестері: ердің құны, мінезі жаман адам, тәуір көрер кісі, өлетұғын тай, көшетұғын сай

Болымсыз етістіктер: ұрыспа, тұрыспа, куыспа, жуыспа, суыспа.

Фразеологизм: желке терісі құрысу - араздасу

Көркем тіл түрлері: ашу - дұшпан (метафора)

Рефлексия

1. 5 минуттық эссе: Толғаудың маңызы неде?

2. «Ұйқасын тап»

Адамдықты толғап өткен бұрыннан,

Жырау деген - қасиетті . . .

Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған,

Асан қайғы - неткен ғажап . . .

Үйге тапсырма: «Еділ бол да, Жайық бол» толғауын жаттау.

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
5-сынып: Асан қайғының өмірі және Еділ бол да Жайық бол толғауын талдау
Асан Қайғы мен Қазтуған Сүйінішұлы: өмірі мен толғауларының тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Қорқыт ата, Асан Қайғы және Әбунасыр әл-Фарабидің өмірі мен даналық мұрасы
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы: Зар заман толғауын талдау
Қош бол, бастауышым: бастауыш сынып бітіру салтанатының сценарийі
7-сынып әдебиеті сабағы: Ш. Қанайұлының Зар заман толғауын талдау және автор бейнесі
Қош бол, бастауышым: бастауыш мектеппен қоштасу сабақ-салтанатының сценарийі
1-сынып оқушыларының Қош бол, құтты Әліппе ертеңгілігінің сценарийі
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жол қауіпсіздігін оқыту және тәрбиелеу (Көшеде сақ бол)
Қош бол, құтты Әліппем! ертеңгілігінің сценарийі және ұйымдастыру жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz