Көру кемістігін түзету жолдары

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Алматы қаласы Медеу ауданы
№33 мектеп - лицей
Ғылыми жоба
Тақырыбы:
«Көздің көру кемістігі және оларды түзету әдістері»
Секция:
қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
Орындаған: 9 «а» сынып оқушысы Нұртайқызы Динара
Ғылыми жетекші:
Базаркулова Марика Мажидовна
Алматы 2016
Алматы қаласы Медеу ауданы №33 мектеп-лицейдің 9 «а»сынып оқушысы Нұртайқызы Динараның ғылыми жұмысына жетекші мұғалімнің
ПІКІРІ
«Көздің көру кемістігі және оларды түзету әдістері» атты ғылыми жоба орынды жазылған.
Ғылыми жұмыстың мақсаты : «XXI ғасыр - компьютерлердің, сандық телевидение мен ұялы телефондар ғасыры. Осы жобаның басты мақсаты көздің көру кемістіктерінің түрлері мен оларды түзету жолдарын зерттей отырып, жасөспірімдердің заман ағымына қарай жақсы көру қабілетін сақтау біздің негізгі мақсатымыз».
Бұл жұмыста «Көз - жанның айнасы» екендігі, тарих қойнауына сүңгіп, табиғаттың не себептен алуан түсті көздерді тарту еткендігі және көздің құрылысы мен қызметі, көздің көру кемістіктерінің түрлері мен оларды Бейтс әдісі бойынша түзету жолдары көрсетілген. Көздің көру қабілетін жаттығуларды тиянақты жасау арқылы жақсартуға болатыны айтылған.
Жалпы, бұл жұмысты қазіргі таңда қажетті екендігін ескере отырып,
болашақта жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатын жұмыс деп
есептеймін. Бұл жұмысты әрі қарай толықтырып үлкен жетістіктерге жетеді деген үмітпен өте жақсы (5) деп бағалаймын.
Ғылыми жетекші : Базаркулова М. М.
1
Мазмұны
І. Кіріспе . . . 5
1. 1. . Көздің құрылысы мен қызметі . . . 6
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Көру мүшесінің патологиясы . . . 7-8
2. 2. Нашар көру себептері . . . 9-10
2. 3. Көру кемістігін түзету жолдары . . . 11-14
2. 4. Көз ауруларын алдын -алу үшін кеңестер . . . 15
ІІІ. Қорытынды . . . 16-17
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 18
2
Аннотация
Нұртайқызы Динара бұл жұмыста көздің құрылысы мен қызметі, көздің көру кемістіктерінің түрлері мен оларды Бейтс әдісі бойынша дәрі -дәрмексіз түзету жолдары зерттелген. Жобаны мектеп өмірімен байланыстыра отырып, мектептегі көру қабілеті нашар балалармен саулнама, көздің көру қабілетін тексеру туралы онлайн тест және көздің көру қабілетін жаттығуларды тиянақты жасау арқылы жақсартуға болатыны туралы тәжірибелер жүргізілген. Нәтижесінде осы қарапайым Бейтс жаттығуларын тұрақты орындау, бірнеше айдан кейін сіздің көру қабілетіңізді жақсарту немесе толығымен қалпына келтіруге болатындығы көрсетілген.
Зерттеудің мақсаты : «XXI ғасыр - компьютерлердің, сандық телевидение мен ұялы телефондар ғасыры. . Осы жобаның басты мақсаты көздің көру кемістіктерінің түрлері мен оларды түзету жолдарын зерттеу арқылы жасөспірімдердің заман ағымына қарай жақсы көру қабілетін сақтау біздің негізгі мақсатымыз. ».
Зерттеудің маңыздылығы : «Тексеру кестесімен» және Бейтс әдісімен тәжірибе жасай отырып, нәтижесінде көздің көру қабілетінің жақсартуға дәрі -дәрмексіз қол жеткізуге болатыны көрсетілген. Бұл нәтижеге жету үшін сабырлық пен шыдамдылықты қажет етеді.
Зерттеудің жаңалығы: қазіргі әлеуметтік -экономикалық және экологиялық жағдайлардың ерекшеліктеріне сай, көздің кемістігін түзету әдісін офтальмология саласында мұндай әдiстердiң салыстырмалы аз айтылатындығы және керектi эффекттердi әрдайым беретіндігі көрсетілген.
3
Аннотация
Нуртайкызы Динара в этой работе провела иследование о функций глаз и его строения, а так же о недостатках зрения. Согласно методу ученого У. Г. Бейтс, без каких- либо препаратов иследовались пути улучшения зрения. Этот проект осуществовался в стенах школы с учениками у которых проблемы со зрением. Например: с учениками были проведены опросы, онлайн тесты, а так же упражнения для глаз, и их улучшения. В результате постоянных выполнений упражений по методу Бейтс в течений несколько месяцев, можно заметить что ваше зрение улучшилось или восстановилось полностью.
Цель исследования:
« XXI век-это век компьютера, цифрового телевидения и сотовых телефонов. Цель этого проекта используя разные методы и проводя исследования улучшить зрения. Наша главная цель обеспечить хорошее зрение будущего поколения »
Значение исследования:
Согласно методу Бейтс и таблицы мы смогли доказать что можно улучшить зрение без каких-либо препаратов. Чтобы достичь этих результатов нужно большое терпение и упорство.
Информация исследования:
Сейчас в социально-экономических и экологических ситуаций о недостатках зрения в сфере офтальмологий говорится мало и недостаточно показывают нужные эффекты.
4
І . Кіріспе
Көз - жанның айнасы.
Көздеріңіздің сіз туралы айналыңыздағыларға не айта алатындығын бір сәт ойлап көрдіңіз бе?
Көзіңіздің түсі сіздің мінезіңіз, ішкі энергетикаңыз туралы ақпаратты бере алады. Бұл фактіге астрологтарымыз да бірауыздан қосылып отыр.
Алдымен, тарих қойнауына сүңгіп, табиғаттың не себептен алуан түсті көздерді тарту еткендігін зерделеп көрелік. Асылында Жер планетасының ең алғашқы, ең негізгі тұрғындары қой көзді болған екен. Мұны археологиялық зерттеулер айтып отыр. Жердің кометаға соқтығысып, орбитасын өзгертуі аталған өзгерістерге себеп болған. Және де дәл осы уақыттағы мұз дәуірінің басталуы адамзаттың тіршігіліне үлкен қауіп төндірді. Тіпті адамның жер бетінен мүлде жойылып кетуі де мүмкін еді. Алайда табиғаттың өзі бізге көмекке келіп, түрлі мутациялар арқылы адамды күшейте түсті. Қоршаған ортада қоңыр көзділерге қарағанда әлдеқайда бейімді, күш-жігері мен қайраты басым адамдар түрі қалыптаса бастады. Олар тың іс бастауға жылдам, басқаларды ілгері бастап жүре алатын, замандастарының тағдырына ықпал етіп, жауапкершіліктен қашпайтын жаңа адамдар еді. Бұл адамдар мұз бен қар, ызғар мен боран түстерін сіңіргендей айналасына сұр, көгілдір, көк реңді көздерін тікті . Шегірлердің бойындағы тасып тұрған қуат қой көзділердің енжарлығын теңгергендей болып, адамзаттың жойылып кетпеуіне, тіпті өсіп-өнуіне себепкер болды. Мұз дәуірі аяқталып, күн жылыған соң көзге сұр, көк, көгілдір рең беріп тұрған рецессивті геннің адамға қажеттігі шамалы болып қалды. Сондықтан соңғы бірнеше жүз жылда біртіндеп көздерімізге қара мен қоңыр түс беріп тұрған доминантты (басым) ген қайтадан күшіне еніп, қаракөздер үлесі артып келеді. Осы жаңа адамдар мен қоңыр көзділердің некесіне өмірге көздерінің түсі алуан түрлі ұрпақ келіп, тарай бастады.
5
1. 1. Көздің құрылысы мен қызметі
Көз - оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі - біздің көзіміз.
Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі - қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес, ақ түсті, ол белок деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық - көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т. б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық - күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрін өзгерте алады. Көздің қарашығы - ерекше келген тірі диофрагмалар. Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді. Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене - көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза. Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған.
Көз « объективі » - фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кішірейтілген және төңкерілген кескінін береді. Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нәрселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі, сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе кескінінің пайда болуынан көру сезімі басталады. 6
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Көру мүшесінің патологиясы
Көрудің туа біткен бұзылуының этиологиясы:
- патогендік агенттердің эмбрионалды даму кезеңіндегі әсері (токсоплазмоз және басқа жұқплы, қабыну процестері, зат алмасудың бұзылуы) ;
- тұқымқуалаушылықтың әсер етуі көздің аномалды дамуына әкеліп соғады - а) микрофтальм - көз құрлымының дөрекі өзгеруі, көрудің едәуір төмендеуі және бір немесе екі көз көлемінің кішіреюі; б) анофтальм - туа біткен көзсіздік; в) катаракта - шыны тәрізді көздің мөлдір денесінің бұлдырауы.
- көздің туа біткен аурулары - көздің тор қабығының пигментті дистрофиясы (дегенерация), көру аймағының кішірейіп оның толық жойылуы ерекшелігі және астигматизм - аномалды рефракция, яғни көздің икемделу қасиетінің бұзылуы.
- туа біткен зарарсыз ми ісіктері.
Жүре пайда болған аномалдар туа біткендерге қарағанда аз таралған. Бұл халыққа көрсетілген емді - профилактикалық көмектің жақсарғанына және денсаулық ақтаудың жетістіктеріне байланысты. Жүре пайда болған аномалдылықтың этиологиясы:
- бала көзінің ауыр зақымдануы, өкпе ауруы, мерез, трахома, шешек көз ауруларының әсерінен;
- көзге және миға қан құйылу, туу кезіндегі бас жарақаттары, көз және мидың түрліше жарақаттарынсыз зақымдануы (бастың соғылуы немесе жарақаты) ;
- көздің жарақаттануы;
- глаукома - көз ұлпаларының өзгеруі және көз іші қысымының көтерілуімен байланысы ауыр дәрежелі ауру;
- көру нервісінің атрофиясы;
- орталық нерв жүйесінің ауруы (менингит, менингоэнцефалит) ;
7
- организмнің жалпы аурулардан кейін асқындауы, инфекция;
- алыстан және жақыннан көрмеушілік;
Көрмей қалған балалар. Оларға ерте қалыптасқан көріп елестеудің сақталуы тән. Неғұрлым кеш көрмей қалған бала және неғұрлым оның есінде бұрынғы көріп елестетудің іздері сақталса, соғұрлым заттың бейнесі жеңіл құралады немесе ауызша суреттің негізінде пайдаболады. Осындай баланың қалыпты ойлау қызметі сақталған анализаторларға сүйенеді. Олардың көруі бастаушы анализатор болып қалады. Бірақ, олардың көріп қабылдауы тек жартылай сақталған, сондықтан толығымен құнды емес болады. Ол жоғары баяулығымен, шолудың тарлығымен, дәлдіктің төмендеуімен ерекшеленеді. Соңында олардың көру қорының әсері шектелген болып шығады, сандық көрсеткіші мөлшерден төмен, ал елестетулер түрліше сапаға ие: олар азырақ анық және ашық, қалыпты көретіндерге қарағанда, ал кейде бұрмаланған.
Орын толтыру, яғни компенсация процестері көбіне қалдық көрудің сақталуына байланысты. Компенсаторлық мүмкіндіктердің дамуына естудің үлкен мәні бар. Соқырға қажетті хабарларды дене сезімі де береді. Л. С. Выготский соқырларда заттарды арақашықтықтан сезуге жағдай туғызатын алтыншы сезімінің болатынын атап көрсеткен. Сөз соқырлық компенсацияның маңызды ролін атқарады. Шартты белгілер жүйесін қолдану, Брайльдің бедерлі жүйесі бойынша соқырларды оқыту мен жазуға үйретуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе бедерлі - нүктелі әріпті енгізеді, мұндағы әр әріп дөңес нүктеден тұрады. Бұл нүктелердің түрліше амалдары белгілердің санын білуге мүмкіндік береді, алфавиттің барлық әріптерін, сандарын т. б. -ды жеткілікті белгілеу үшін.
Нашар көретін балалар соқыр балаларға қарағанда көп топ құрайды - бұл - 0, 05-тен 0, 4-ке дейінгі қарапайым түзету амалын қолдануда жақсы көретін көзде өткір көретін балалар. Егер нашар көретін баланың жарық сезгіштігі бұзылса, онда қабылданатын реңнің жарықтық ерекшелігі төмендейді. Алыстан немесе жақыннан көрудің бірден айқындалуынан, нашар көруші кейбір заттың сыртқы ерекшелігіне қажет белгілердің нашар бейнеленгенін көре алмайды. Оларда кеңістікке бейімделу жиі байқалады. Нашар көретін балалар мінезінің түрлі ерекшеліктерімен ашушаңдығымен, тұйықтығымен, мінезінің кейбір жағымсыз белгілерімен ерекшеленеді. Бұл кемшіліктер оқудағы, ойындағы, құрдастарымен араласу барысындағы қиындықтар мен сәтсіздіктерді түсіндіреді. Көру жұмысы кезінде мұндай
8
балалар тез жолығады, оны дамыту мен қорғау шараларының болмауы көрудің одан әрі нашарлауына әкеп соғады. Көрудің жалығуы ақыл-ой және физикалық іскеліктің төмендеуіне әкеледі.
2. 2 . Нашар көру себептері
Нашар көру көптеген себептерге байланысты. Көздің көру қабілетінің бұзылып, бұрмалануы алыстан көрмеушілік (сығыр), қырағылық - жақыннан көрмеу (гиперопия) немесе ассигматизм де байқалады. Көз бұршағының лайлануы (шел), көз бұршығының атқарымының дұрыс болмауы (пресбиопия) немесе көз торының өзгерісі көруді нашарлатады.
Алыстан көрмеушілік (сығыр) .
Алыстан көрмеушілікте көз өте үлкен ұзындықта болады, ол көздің сындырушы қабілетіне қатысты. Сөйтіп көзге түсетін сәуле жарығының бір нүктеге жиналуы, көз торының барынша көп айқын нүктесінің (макула) алдында орналасады. Нәтижесінде көз торында күңгірт суреттеме қалыптасады. Алыстан көрмеушілікпен ауыратын адамдар жағын жердегі орналасқан нысандарды жақсы көреді де, ал нысан алыстаған сайын бұлыңғырланады, далияды.
Алыстан көргіштік (гиперопия)
Алыста көргіштікте көз ұзындығы өте кішкентай болады, ол көздің жарықты сындыру қабілетіне қатысты. Сөйтіп көзге түсетін сәуле жарығының бір нүктеге жиналуы көз торының барынша көп айқын нүктесінің артында орналасады. Сондықтан алыстан көргіш адамдар, жақын орналасқан нысандарды анық, айқын көре алмайды.
9
Асстигматизм (торикалық)
Асстигматизм жағдайында байқалатын нәрсе: егер қасаң қабық түрі дұрыс емес күмбез сияқты болса, яғни бір осьтің бойында керіліп, келесісінде қысылып қалады. Нәтижесінде тор көзде бұрмаланған суреттеме қалыптасады.
Пресбиопия
Пресбиопия көз бұршағының атқарымының дұрыс болмауымен байланысты, ол көбінесе 45 жастан асқан адамдарда байқалады.
Дені сау, жас адамның көзі көз бұршағының иіліктіруінің арқасында сындырушы қабілетін өзгерте алады. Бірақ уақыт өткен сайын көз бұршағында табиғи өзгерістер болып, оның иілгіштігі және иіліктіруі азаяды. Тіпті, көз жанары жақсы көретін адамдар, 45 жастан асқан соң, жақын жердегі нысандарды көруде «бір нүктеге жиналуда» қиындықтарға жолығады.
Шел басу
Шел басу - көз бұршағының табиғи жас ерекшелікке байланысты лайлануы. Көз мөлдірлігі азайған сайын көзге түсетін жарық саулесі көз торына кедергісіз жете алмайды, нәтижесінде көру айқын болмайды. Көрудің нашарланғанының белгілері біліне салып, тез арада көз дәрігеріне қаралу керек. Ол қысқа тексеру барысында, көру қабілетінің төмендеу себебін дәл анықтайды.
Көз дефектісінің пайда болу себептері-көз жүйесінің фокальді жазықтығынан көз торының қашық орналасуынан болатынын, бұдан жарық сәулелері көзге алыстан тарамдалып түсетіні түсіндіріледі. Жақыннан көре алмау кемістігі адам нашар жарықталған бөлмеде жұмыс істеуінен, кітапты немесе басқа заттарды көзге жақын ұстаудан, жатып оқудан пайда болады. Сондықтан жұмыс режимін сақтау, дұрыс көру үшін ойыс көзілдірік пайдалану керек. Көз дефектісінің екінші түрі жақыннан көрмейтіндігі. Оған дөңес линзалы көзілдірік тағу керек.
10
2. 3. Көру кемістігін түзету жолдары
Бейтс әдісі - осы уақытқа дейін әлі кең танылмаған көз көруін дәрі-дәрмексіз қалпына келтіру әдісі. Оны ойлап тапқан американдық дәрігер-офтальмолог Уильям Горацио Бэйтс.
Соңғы уақыттары отандық және шетелдік медицинада емдеудiң дәстүрлi емес медицинамен жиiрек ұластырылатын дәрi-дәрмексiз әдiстерiне қызығушылық елеулi түрде өстi. Офтальмология саласында мұндай әдiстердiң салыстырмалы аз, белгiлi болатын, өкiнiшке орай, керектi эффекттердi әрдайым берген. Сондықтан қаралатын облыстағы кез келген жаңа мәлiметiмен үлкен үмiтпен әрдайым қабылданады. Әбден танымал болу шетелде көздi бұзылыстарының емдеуiн әдiстеменi алды. Бейтстың қолдаушылары дүние жүзiнде таралды. Офтальмологияда "бейтсизм" деп аталатын мақсатты қозғалыс дүниеге келді. Көз дұрыс жұмыс істеуі жұмсарту күйінде орын алады. Бұл бекіту негізделген және Бейтс әдісін емдеу және оңалту болып табылады.
Бейтс әдісі төрт жаттығулар негізделеді.
Бірінші жаттығуы - «Сәулелендіру» , күннің батуы кезінде немесе күні бойы күнге қараңыз . Күн ванналарын қабылдау А түрі,
Екінші жаттығу релаксация үшін пайдаланылатын және көз қалған «Palming» деп аталады. Бұл әдіспен көзді қыздыру арқылы қанайналыммен зат алмасуын жақсартамыз. Көзді демалдырамыз. Қолымызды үйкеу арқылы қыздырып, көзімізді жабамыз.
Келесі жаттығу - бұрылыстар . Бұл көздің шаршауын жою үшін ең маңызды және тиімді жаттығулар бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру үшін оған алдында саусақтарыңызды орнату, барлық уақытта сол жағы мен оң. Сонымен қатар, ол сізге өткен қозғалатын, сіз өз басын айналдырып емес, егер ретінде саусақ, осындай әсерге қол жеткізу қажет. Бақылаушы - Бұл қалай іске «қосамыз» жолай көлікке терезесінен тыс ағаштар, сіз ұқсас.
« Memories» немесе «идея» - ақыл-ой немесе эмоционалдық стресс жою жаттығу болып табылады. Ол бірлесе отырып жұмыс істейді «Palming. » Нақтырақ айтқанда, «Palming»жұмыс кезінде сізге бейбітшілік пен қуаныш
11
сыйлауды, сіздің өміріңіздің жағымды сәттерін есте түсіру.
Осы қарапайым Бейтс жаттығуларын тұрақты орындау, бірнеше айдан кейін сіздің көру қабілетіңізді жақсарту немесе толығымен қалпына келтіруге болады.
Тәжірибе
« Тексеру кестесімен» жұмыс
Тексеру кестесінсіз жасалған жұмыс нәтижесін бермейді. Негізгі мақсатымыз көздің бұлшық еттерін жақсарту ғана емес, 100 % көру қабілетімізді жақсарту. Сондықтан үнемі кесте бойынша қадағалап, жұмыс істеу керек.
Ш, В, К, О, З әріптерін бір қатарға және М, Н, П, Б, И, Е әріптерін екінші қатарға Arial шрифтмен 22 өлшемде жазып іліп қою керек.
Егер сіз осы әріптерді 5 метрден көрсеңіз, сіздің көру қабілетіңіз 100% немесе 1, 0-ге тең. Егер 2 метрден көрсеңіз онда көру қабілетіңіз 0, 4 -ке тең .
Бұл тәжірибені мен күнделікті өзіме бір ай жүргіздім. Өзімнің көру қабілетімді тексердім. Тәжірибе барысында көз жаттығуларын жасап, таңертең және кешкі уақыттарда бақыладым . Тәжірибе нәтижесінде көру қабілетімнің жақсарғаны байқадым, оларды кестеге тіркеп отырдым, мониторинг жасадым.
12
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz