Оңтүстік Американың өзендері

Күні: 21. 01. 2016ж. Сыныбы : 7 «А»
Тақырыбы: Оңтүстік Американың ішкі сулары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Оңтүстік Американың ішкі суларының аса маңызды ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушыларға өзендер мен көлдердің таралуына жер бедері мен климаттың байланыстылығын көрсете отырып, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға адам өміріне ішкі сулардың пайдасы мен қандай зияны бар екенін тәрбиелік жолмен айтып түсіндіру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: слайд арқылы баяндау, сұрақ қою,
Көрнекілігі: Оңтүстік Американың физикалық картасы, слайд, суреттер.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Мұғалім: Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Балалар: Оңтүстік Американың климаты және климаттық белдеулері.
1) Оңтүстік Америка материгінің жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер? Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, солтүстігінде Кариб теңізі
2) Анд тауының батыс жағалауына мұхиттың жақындығына қарамастан жауын-шашын неге аз түседі? Жауабы: Перуан суық ағысының әсері
3) Суық ағыстың әсерінен пайда болған шөл қалай аталады? Жауабы: Атакама
4) Оңтүстік Американың климатын қалыптастырушы факторлары? Жауабы: географилық ендік, жер бедері, ауа массалары, мұхиттық жылы және суық ағыстар.
5) Оңтүстік Американың климатына жер бедері қалай әсер етеді? Жауабы: шығыс бөлігі жазықтар мен батыс бөлігі таулардың басым болып келуі
6) Оңтүстік Америкаматеригін қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді? Жауабы: экваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай
7) Экваторлық климаттық белдеу қай алқапты алып жатыр? Амазонка ойпатының біраз бөлігі мен экватор сызығының солтүстік бөлігін алып жатыр.
8) Экваторлық климаттық белдеудің климаты қандай? Ауа температурасы бірқалыпты, жыл бойы +25градустан төмендемейді. Жылдық жауын шашын мөлшері 1500-3000мм. Тынық мұхит жағалауында 3000мм-ден көп жауады.
9) Субэкваторлық климаттық белдеудің климаты қандай? Жазы экваторлық белдеуге, қысы тропиктік белдеудің климатына ұқсайды. Жазы жаңбырлы, қысы құрғақ болып келеді. Қыстың өзінде +20 градустан төмендемейді.
10) Тропиктік белдеу қай алқаптарды алып жатыр? Бразиля таулы үстіртінің оңтүстігі мен Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазық бөліктерді алып жатыр.
11) Тропиктік белдеудің климаты қандай? Жаз айларында ауа температурасы +20 градус, ең жоғарғы температура +47, Гран-Чако жазығында тіркелген. Мұхит жағалауында ағыстардың әсерінен жауын-шашын мөлшері артады, мұхиттардан алыстағансан жауын-шашын мөлшері азаяды.
12) Оңтүстік Американың 30градус солтүстік ендік пен 40градус оңтүстік ендік аралығын алып жатқан климаттық белдеулер? Субтропиктік климаттық белдеу
13) Қоңыржай белдеу алып жатқан аймағы? Материктің оңтүстік бөлігін
14) Қоңыржай климаттық белдеудің климаты? Атлант мұхитындағы Фолкленд суық ағысының ықпалынан қысы салқын, кейде аяз болады, қар түседі бірақ тез еріп кетеді. Жазы құрғақ қоңыр салқын.
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі (слайд арқылы)
Жоспары:
1. Оңтүстік Американың өзендері
2. Көлдері
Сендер Оңтүстік Америка жеріне жауын-шашынның мол түсетінін білесіңдер. Сондықтан Жер шарындағы ең беткі суға бай материк болып табылады.
Өзендері.
Жер шарындағы ең суы мол өзен. Амазонка өзені Анд тауынан басталып Атлант мұхитыны құяды. өзен ұзындығы - 6400 км, Өзеннің 500 астам салалары бар, олар суның түсіне қарай «ақ өзен» (суда сазды жыныстар көп) және «қара өзен» (суда шіріген өсімдік қалдығы көп) деп аталады. Амазонка өзенінің ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км жетеді. Атлант мұхитындағы толысу әсерінен өзен суы 1, 5-5 м дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км дейін кері ағады. Бұл құбылысты жергілікті үндістер «амазуну» деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан.
Амазонка өзені тіршіліке бай. Өзеннің суы тынық бөлігінде өте ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2 м жететін виктория-регия кездеседі. Амазонкада тұщы судағы ірі балық ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып арапайма, және жыртқыш ұсақ пиранья балығы, электрлі су жылан, тұщы су дельфині-иния, кайман қолтырауындары тіршілік етеді.
Ориноко өзені материктегі суы мол өзендердің қатарына жатады. Өзен Гвиана таулы үстіртінен бастау алып Оринико ойпаты арқылы ағып өтіп атлант мұхитына құяды. Оринико өзенінің ұзындығы - 2780 км. Оринико өзенінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель орналасқан. Өзенде амазонка дельфині мен ориноко крокадилі мекендейді. Ориноко өзені кеме жүзуге қолайлы.
Көлдері. Оңтүстік Америка материгінде көлдер көп емес. Материктегі ірі тектоникалық көл Титикака, осы көлдің оңтүстігінде Поопо, солтүстігінде Маракайбо көлі бар.
Титикака
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
1. «Алма ағашы» ойыны. (Слайд арқылы сұрақтар қойылады)
1. Оңтүстік Америка өзендері қандай алаптарға бөлінеді?
2. Материктің мол сулы, ірі өзендерін атаңдар.
3. Амазонканың жыл бойы сулы болуын немен түсіндіруге болады?
4. Амазонка өзенінде қандай тіршілік өкілдері кездеседі?
5. Титикака қандай көл қатарына жатады?
5. «Суреттерді таны» ойыны. (Слайдтан суреттер көрсетіледі)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz