Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құқықтық қатынастар

9-сынып. Құқық.

Тақырыбы: Құқықтық қатынастар.
Мақсаты: Құқықтық қатынастардың қоғамдық қатынастардың бір формасы
екендігімен, құқыққа қабілеттілк және әрекет қабілеттіліктің
айырмашылығымен таныстыру.
Дамытушылығы: Құқық және заңдылық жөніндегі түсініктерін дамыту, өз
түсініктерімен ой қорыта білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Құқықтық сауаттылыққа, саналылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар.
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында үй тапсырмасын сұрап отыру.
1. Жеке адам дегеніміз кім?
Жеке адам деп адамзаттың жеке өкілін, қоғам өкілін айтамыз. Оларда антропологиялық ұқсастықтар бар, бірақ оны жеке адам деп айтамыз, дара өкілі ретінде қарастырамыз.
2. Тұлға дегеніміз кім?
Тұлға- әлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам.Демек, жан-жақты, қоғамда болып жатқан нәрсенің барлығын түсінеді.
3. Сәбиді қайсысына жатқызамыз?
Ол жеке адам, әзірше тұлға емес.
4. Қай уақытта тұлғаға айналады?
Өз болмысында біршама дербестік алғаннан кейін ғана тұлғаға айналады.
5. Біз қайда өмір сүріп жатырмыз? Қоғамда.
6. Қоғам деген сөз қандай мағыналарда айтылады?
Мысалы: 1. Кітапханашылар қоғамы.
2. Қазақстан қоғамы.
3. Адамзат қоғамы.
7. Осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдар сол қоғаммен әртүрлі арналар бойынша қарым-қатынас жасайды.(мысал айту)
Бағыты жағынан қоғамдық қатынастарды:
1. Адам мен адам арасындағы
2. Қоғам мен адам арасындағы
3. Қоғам мен қоғам арасындағы деп бөлінеді.
Біз бірінші қатынасты ерекшелеп қойдық. Себебі адамдар қоғамда өмір сүріп, бір-бірімен қатынас жасайды.Бұл сол қоғамның саналы қызметінің нәтижесі болып табылатын өздерін ұстау ерекшеліктерімен реттеледі.
Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ерекшеліктерінің жиынтығы "әлеуметтік нормалар" дейміз. Әлеуметтік нормалар 1. Құқық
2. Мораль атты екі үлкен салаға ажыратылады.
(Венн диаграммасын құрамыз.)
Мемлекеттік органдарға нормативтік-құқықтық актілер қабылдау құқықғы берілген.
Мысалы: 1. Президент-нормативтік жарлықтар.
2. Үкімет- нормативтік қаулылар.
3. Министрліктер-нормативтік бұйрықтар.
4. Жергілікті мемлекеттік органдар-нрмативтік шешімдер қабылдайды.
Құқық адамдардың өмір сүруі үшін қалыпты жағдай туғызады. Құқық тек жұртты жазалау үшін ғана емес, бостандықтарын, құқықтарын жүзеге асыру үшін де қажет.
Конституция бойынша қандай құқытарымыз бар?
Білім алуға, денсаулығын сақтауға, тұрғын үй алуға, тұрғылықты жерді таңдайға, меншік иесі болуға, еңбек етуге, сайлауға қатысуға, митингілер өткізуге, т.б.
Демек құқықтық қатынастар- қоғамдық қатынастардың бір формасы.
құқықтық қатынастарда міндетті түрде субьект деген термин қолданылады.
Субьект- белсенді әрекет етеін адам немесе әлеуметтік топ. Әлеуметтік топ, демек, адамдар ұжымы да субьект бола алады.
Азаматтық, құқықтық, әкімшілік істерге ұйымдар, кәсіпорындар да қатысады. Мысалы мектеп. Демек мектептің атынан қатысушы-заңды тұлға.
Азаматтық-құқықтық байланысқа қатысушылардың белгілі бір сапалық қасиеттері болуы керек. Бұл
1. Құқықтық қабілеттілік.
2. Әрекет қабілетттілігімен айқындалады.
Азаматтық - құқықтық қабілеттілік адам дүниеге келісімен пайда болады. Мысалы манағы сәбиді алайық. Ол қандай құқыққа ие болады.
1. Қазақстан Республикасының азаматы деген туу туралы куәлікті алады.
2. Түрлі әлеуметтік жеңілдіктер.
3. Мүгедек болса жеңілдіктер, т.б.
Құқықтық қабілеттілік адам өмірден өткеннен кейін тоқтатылады.
2. Әрекет қабілеттілік дейтін бар. Өзі айтып тұрғандай бір нәрсе істеуге қабілеттілік.
1 жас-14 жас бала.
14-18 жас жасөспірім
18 жастан кәмелетке толған жас.
Соңғысында әрекет қабілеттілігі толық көрінеді. 14 жасқа толғанға дейін ешқандай әрекет жасауға қабілетті емессің. Сен үшін ата-анаң немесе қамқоршың араласады. 14 жасқа толғанда ішінара әрекет қабілеттілігі пайда болады және өзіне алған міндетті орындау қабілеті де пайда болады. 18 жасқа толғанда әрекет қабілеттілігі толық түрде көрінеді. Жаңа 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін олардың атынан ата-аналары заңды әрекеттерді жүзеге асырады. Азаматтық кодекс туралы заңда мұны мәмілелер деп атайды.14 жасқа дейінгілер өздерінің жасына сай ұсақ мәмілелерді жүзеге асыра береді. Мысалы ол қандай болуы мүмкін: Сіздердің әрқайсыларыңда ұсақ ақшаларыңыз бар. Соған қалам, дәптер сатып алуға болады. Жұмсалатын ақша сомасы елеусіз болуға тиіс.
Мысалы:
1. 13 жастағы Арайдың қолында ұсақ тиындардан жинақталған 300 теңгесі болды. сусын, тәтті тоқаш, шоколад алғысы келіп, мектеп асханасына барды. Бірақ сатушы оған сауда жасамай жіберді. Сатушынікі дұрыс па?
2. 12 жастағы Олжастың ата-анасы, егер ол жақсы оқыса, әрқашан ұсақ шығындарға арналған ақшадан тарылмайтынына уәде берген. Олжас ата-анасы берген ақшаға балалар энциклопедиясын сатып алған.Өзі сияқты 12 жастағы досы Серікте әртістердің суреті бар қағаздар жиынтығы бар екенін көрген. Серіктің ұсынысы бойынша олар энциклопедия мен қағаздарды айырбастаған.Бұл айырбас туралы білген Серіктің 19 жастағы әпкесі реніш білдірді. серіктің әпкесі неге ренжіді?
кейбір жағдайларда ересек адамдарда да әрекет қабілеттілігі болмауы мүмкін. Неге?
1. Психикалық аурумен науқастанғанда.
2. Спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға әуес болғанда.
Азаматтардың денсаулығы түзелген кезде сот арқылы қамқоршылдықты алып тастауға да болады. мұндай жағдайда ол әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Ой қорыту.

1. Қазақстан ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов былай деп жазған еді: "Ең жоғары құдірет-көк аспан, ол-жарылқаушы, ол-жазалаушы, бәрі де тек соның ықтиярында".
2. М.Жұмабаев өзінің "Педагогокасында" былай дейді: "Діни сезімі күшті адам Тәңірдің барлығына, құдіретіне сеніп, оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға, ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек".
Жас ұрпақ тәрбиесіне, адамдардың арасындағы қарым-қатынаста діннің ықпалы бар ма?

(оқушылар пікірі)
Қорытындылау

Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық
Әкімшілік құқық
Мұғалімнің тірек сөздерімен салыстыру
Конституция - дамудың негізі
Ата - ананың міндеті
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Адам. Оқушыларға адам мәселесі, табиғаты, адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар туралы түсіндіру
Республикасының экономикалық және саяси дамуы
Таным теориясы
Қоғам түсінігі
Пәндер