Мағзұм Сүндетовтің Қайырымдылық әңгімесіне арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мағзұм Сүндетов. Қайырымдылық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қайырымдылық, мейірімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету;

Сабақтың міндеттері:

а) білімділік: М. Сүндетов өмірімен таныстыру, әңгіменің мазмұны мен идеясын тәрбиелік мәнін ашу. Кейіпкердің іс- әрекетіне өз көзқарасын анықтай білу.

ә) дамытушылық: тілін, сөйлеу мәдениетін. ой-өрісін дамыту;

б) тәрбиелілік: үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: СТО әдістері, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: портрет, плакат, кестелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Түгендеу;

- Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ж. Аймауытов. Торғай.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа

-Қыстап қалатын құстарға қалай қамқор боласыңдар?

-Қандай құстар біздің ауылымызға қыстап қалады?

"Жұптас, ойлан, талқыла"

1. Торғай мәтінінің авторы кім? Ол туралы не білесің?

2. Жерге түскен торғайдың халі қандай еді?

3. Сұр жылан қандай күш көрсетті?

4. Торғай аспанға қалай ұшып кетті?

5. Ақбілек деген кім?

6. Ақбілек бала кезінде жылан туралы не естіп еді?

IV. Жаңа материалды игерту.

Психологиялық дайындық:

«Қайырымдылық» сөзін топтастыру.

Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық- жақсы қасиет. Ол кішіге қамқор болу, үлкенге көмектесу, ізгілікті іс жасау. Қайырымды адамды туыстары жақсы көреді, мақтан тұтады.

Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.

Бірі - рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),

Екіншісі - іс - тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу) .

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Автор туралы мәлімет.

Мағзұм Сүндетов 1936жылы 29 қаңтарда Атырау облысы Дассор ауданында дүниеге келген. 1999жылы өмірден озған . Соның өзінде көптеген шығармаларын жазған . Мысалы:Еліктің лағы, Ескексіз қайық, Бесқонақ т. б

Оқулықпен жұмыс:

  • Сөздік жұмыс:

Бәкене -аласа.

Қақ -іркіліп қалған жауын суы.

  • Мұғалімнің оқуы, түсіндіруі.
  • Оқушылардың тізбектей оқуы.
  • Сұрақ-жауап:

1. Мұхтар қандай бала?

2. Ол қандай бала?

3. Мұхтардың орнында сен болсаң не істер едің?

4. Қайырымдылық деген не?

5. Қайырымдылыққа тағы не жатады?

Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

Мұхтарға мінездеме

Мұхтар- ұқыпты оқушы. Үнемі таза жүреді. Ол күшікті құтқарып өзінің батыл, қайырымды екенін көрсетті.

V. Жаңа материалды бекіту.

«Толықтыру» тесті.

1. Әлгінде оны мұғалім ___ деп мақтаған.

2. Мені мыналардан өлтіретін болды ғой.

3. Күшікті Мұхтар қуанышты.

4. Анасының жүзі жылып, қарайды.

5. Әрине, әр кез солай бол!

Тәртіпті, таза; құтқарсайшы; құтқарғанына; мейірлене; қайырымды;

VI. Қорытынды.

Қайырымдылық туралы мақал-мәтел.

- Жақсыға жасаған жақсылық өмір бойы тозбайды.

- Мейрімділік жүректен

Мейрімсіздік білектен

- Жақсылық ағаш басында,

Жамандық аяқ астында

VII. Үйге тапсырма.

Мағзұм Сүндетов. Қайырымдылық.

VIII. Бағалау.

Бағаланған оқушыларды атап шығамын.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып Әдебиеттік оқу: М. Сүндетовтің Қайырымдылық әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Мағзұм Сүндетовтың Қайырымдылық мәтіні бойынша 3-сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары мен рефлексиясы
3-сынып ана тілі: Қайырымдылық тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Жүрек жылуы: қайырымдылық пен мейірімділікті қалыптастыруға арналған сабақ жоспары
2-сынып Өзін-өзітану пәні Жүрек жылуы - қайырымдылық пен мейірімділікке арналған сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі: Бейімбет Майлиннің Түйебай әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Сәбит Мұқановтың Жылқы әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Қайырымдылық пен жанашырлыққа тәрбиелеу: 8 сыныпқа арналған оқудан тыс іс-әрекеттер жоспары
Сайын Мұратбековтің Қылау әңгімесіне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Спиридон Ванчелидің Дельфин әңгімесіне арналған шығармашылық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz