Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Құрметті ата - аналар
"ҰБТ ата-ана көзімен"
(ата-аналарға арналған психологиялық практикум)
Түрі: Психологиялық практикум
Мақсаты:
Баласымен дұрыс тіл табысуға, сөйлесу мәдениетін үнемі қолдануға ой салу, қолдау арқылы ҰБТ-ға дайындық кезінде баланың үрейін жеңуіне, қорқыныштарынан арылуға себепкер болу, өзіне деген сенімін нығайту.
Міндеті:
Психологиялық практикум арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;
Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу;
Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында, баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.
Қажетті құралдар: ватман қағазы, түрлі - түсті маркерлер, стикерлер, сурет қиындылары, қағазға жазылған сөздер, <<Аялы алақан>> ( сурет)
Барысы:
Құрметті ата - аналар! <<ҰБТ ата - ана көзімен>> атты психологиялық практикумымызға хош келдіңіздер! Жұмысымызды бастамас бұрын себеттерден өздеріңізге ұнаған гүлдерді таңдап алу арқылы ІІІ топқа бөлінеміз. Ендеше, топқа бөлініп алдық, енді үстел үстінде тұрған сөздердің ішінен өзімізге ұнаған сөзді таңдап аламыз. Сол сөзге қатысты көршімізге жылы лебізімізді білдіреміз.
<<ҰБТ ата - ана көзімен>> психологиялық практикумымызға 3 топ қатысады және 3 кезеңнен тұрады.
І - кезең. <<ҰБТ - ата - ана көзімен>> тақырыбында постер қорғау.
ІІ - кезең. Жағдаяттар шешу.
ІІІ - кезең. <<Аялы алақан>>.
ІV-кезең. Мектеп бітіруші түлектен <<Ата-анаға>> хат.(оқушылардың алдын ала жазылып, <<Сенім жәшігіне жазылған хаттары оқылады>>

3 топқа ватман қағаздары және түрлі - түсті маркерлер беріледі. Әр топқа өз ойларын ақылдаса отырып қағазға түсіру сұралады. Топқа ойларын ортаға салуға 5 минут уақыт беріледі. Болған топ қол шапалақтайды.
(3 топ өкілдері өздерінің постерлерін қорғайды).
ІІ - кезең. Жағдаят шешу. Бұл кезеңде үш топқа жағдаят беріледі. Топ бірлесіп жағдаяттан шығу жолдарын іздеп, бір өкіл қорғап шығады.
І - топқа жағдаят
1.Сіздің балаңыз ҰБТ-ге жыл бойы дайындалды. Бірақ, мүмкіндік болса, сырттан көмек аламын деген оймен ішке қалта телефонын алып кірген. Алайда, ол телефонды қолдана алмай, комиссия мүшелеріне ұсталып қалған.Балаңыз іштен қатты қобалжып шықты.Жауабына да көңілі толмайды.
Қалай қолдау жасар едіңіз немесе ...?
2.Балаңыз тест тапсыруға дайындалып жүрген кезде, сіз балаңызды көмек жасауға тырысамын деп сендірдіңіз. Бірақ, айтулы күні сіздің тарапыңыздан балаңызға көмек бармай қалды, ондай мүмкіндік жоқ. Балаңыз күтіп отырып, алтын уақытын жоғалтуда, межеленген уақыт таяп қалды... Ол қатты қобалжығандықтан, әрі <<енді үлгермеймін>> деген ойдан өзін жоғалтып алды.
Кім кінәлі? Осы дұрыс па?
ІІ - топқа жағдаят
3.1.Өз балаңызға ҰБТ-ге дайындық барысында қандай қолдау көрсетіп жатырсыз және қорқыныш, үрейден арылу үшін ата-ана тарапынан не қажет?
2.Балаңыздың емтихан кезінде алатын балдарына алаңдау және оны емтиханнан кейін сынау дұрыс па?
4.Балаға әрдайым ата-ананың толқынысы беріледі және жауапты сәтте ересектер өздерінің эмоцияларына ие бола алса, онда бала да өзін сабырлы сезінеді. Ендеше, ҰБТ тапсыратын күні ата-аналардың мектеп ауласының сыртын торуылдап жүруі дұрыс па?
ІІІ - топқа жағдаят
5.ҰБТ тапсыру кезінде бір ата-ананың қолына мүмкіндік болып, өз баласынан сұрақ келді. Дереу мұғалімді іздеп, баласының қағазын ұстатып, шапшаң орындауын талап етті. Мұғалім басқа оқушының жұмысын орындап жатқанын, кедергі келтірмей, күтуін өтінді. Ашуланған ата-ана, мұғалімге айғайлай жөнелді, балағаттады.
Мұғалімді кінәлауы дұрыс па? Оған мұғалім міндетті ме?
6.Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен қызыңыздың күн тәртібін енді Сіз қалай өзгертесіз?
Қызыңызға өз тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?
(Әр топ жағдаяттарды шешті).
ІІІ - кезең. <<Аялы алақан>>.
<<Аялы алақанның>> суреті бейнеленген плакат ілінеді. Әрбір ата - ана өз баласына деген жылы лебізін, арман тілектерін стикерге жазып, <<Аялы алақанға>> іледі.
<<Бәрі сенің қолыңда>>. Ерте заманда бір керемет ғұлама ұстаз болыпты, оның білмейтіні жоқ екен, сол кісінің бір шәкірті ұстазын тексеру үшін, бір сұрақ қойыпты. <<Егер мен қолыма тірі көбелекті салып алып, оған барып сұрасам: менің қолымда тірі ме, әлде өлі ме деп ол маған не айтар екен? Егер ол <<тірі>> десе, мен көбелекті алақанымда қысып өлтіріп тастаймын, ал егер ол <<өлі>> десе мен оны босатып қоя беремін>>. Сөйтіп ол өз ойын іске асырмақшы болып, қолына көбелекті қысып алып барған екен.
Бір алақанына көбелек жасырып ұстап, екі қолын артына тығып, ұстазынан <<Менің қолымда өлі көбелек пе, әлде тірі көбелек пе?>> деп сұрапты, сонда ұстазы: <<Бәрі сенің қолыңда>> деп салмақты ғана үнмен жауап беріпті.
- Сіздер осы әңгімеден не ұқтыңыздар? <<Бәрі сенің қолыңда>> деген сөз нені білдіреді? Сіздерге қатысы бар ма осы сөздердің?
<<ҰБТ-дан жетістікке жетейік!>> әні
Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,
ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.
Білім болған бастау алар тірегіміз,
Әннен шашу шашайық.
Қайырмасы:
Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,
Орындалсын үміт толы тілегіміз.
Бәріміз де дайым
Көрмей қайғы-уайым,
ҰБТ-дан жетістікке жетейік.
Жанымызға сенімділік серік болсын,
Бірлігіміз әрқашан да берік болсын.
Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,
Асулардан асайық.
Қайырмасы:
Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,
Орындалсын үміт толы тілегіміз.
Бәріміз де дайым
Көрмей қайғы-уайым,
ҰБТ-дан жетістікке жетейік.
ІV-кезең. Мектеп бітіруші түлектен <<Ата-анаға>> хат
(Ата-ананың қойын кітапшасына...) психолог кеңестері берілді.
Қымбатты ата-аналар, сіздерге төмендегі ұсыныстарды айтқым келеді /слайд/
11 сынып оқушыларының ата-аналарына ҰБТ сынақтары алдында дайындау жөнінде ұсынылатын кеңес. Балаларыңызды емтиханда тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңеске назар аударыңыз:
:: Емтихан алдында балаңыздың қобалжуын көтермеңіз. Бұл тестілудің нәтижесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені бала өзінің жас ерекшелігіне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
:: Балаңызды сізден артық ешкім білмейді, сондықтан көңіл-күйінің өзгеруін байқаңыз, дер кезінде көмек бере біліңіз:
:: Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде ешкім оған бөгет жасамасын;
:: Балаңызбен бірге табиғат аясына дем алуға шығыңыз:
:: Қателіктерін кешіріп, жетістіктерін көре біліңіз:
:: Балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз.
:: Балаңызды емтиханға дайындалу әдістерімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлері нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс, ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
:: Тестік тапсырмаларды орындаған кезде, балаңызға уақытты дұрыс бөлуге үйретіңіз; емтиханға барар алдында балаңыздың сағаты болған жөн;
:: Балаңызды мадақтап өз-өзіне сенімділігін жоғарлатыңыз;
:: Балаңыздың емтиханға дайындалуңыздың күн түзбесін бақылаңыздар, ауырлық түсірмеңіздер;
:: Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, сүт үнімдері т.б, ас мидың жұмысын белсендіреді;
:: Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыз. Ол жақсы ұйықтап демалу керек.
:: Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыз және ашу байқатпаңыз;
Есіңізде болсын ең бастысы және маңыздысы - балаңызда емтиханмен байланысты қобалжуын төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын-бұл оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді. Егер емтиханды сынақ ретінде емес, оны тәжірибе алу, зейін мен ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау деп есептесе, онда негативті эмоциялар мен стрестер өзі-ақ жоғалады...
Стресс кезінде адам ағзасы су тапшылығына тап болады. Бұл жүйке процестерінің
электрохимиялық реакциялардың негізінде өтуіне байланысты. Ал бұл процестердің өтуіне су керек. Судың тапшылығы жүйке процестерінің жылдамдығын төмендетеді. Сондықтан, емтихан, сынақ алдында немесе барысында бірнеше жұтым су ішу керек. Антистрестік мақсатқа суды тамақ ішер алдында 20 минут бұрын немесе 30 минуттан соң ішеді.
Ең тиімдісі-минералды су, себебі мұның құрамында натрий иондары бар, олар электрохимиялық реакцияларда қатысады. Сонымен қатар жай су мен көк шай ішуге болады. Басқа сусындардың пайдасынан зияны көп.
Стрестік ситуацияға түскен оқушылардың екінші проблемасы - бұл мидың екі бөліктерінің (сол жақ және оң жақ) жұмыс үндестігінің бұзылуы.
Бірақ бұл үндестікті қалыпқа келтіру қолымыздан келеді. Барлығымызға белгілі оң жақ ми бөлігі дененің сол жағына жауапты, сондықтан да дененің екі бөлігінің координациясына әкеледі.
Мида үздіксіз 100 миллиард жүйке жасушалары жұмыс істейді, сонымен қатар олар тағы 10 000 басқа жасушалармен тығыз байланысты. Әр секунд сайын олар бір-бірлерімен ақпаратпен ауысып жатады, миллион сигналдар береді. Осындай күрделі механизм ешбір кедергісіз жұмыс жасау үшін, оларға көп мөлшерде энергия керек екен. Күнде тамақ арқылы қабылданатын барлық энергиядан ми өзіне 20% алады. Сонымен мидың жақсы жұмыс жасауына тағамның түрлері мен құрамы маңызды.
Сабағымыздың соңында Ж. Ж. Руссо: <<Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді>> - деген сөзін ескере отырып, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық дегім келеді. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологі
Андирова Айман Амандыковна

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz