Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Smart оқыту - оқытудың жаңа түрі, қарқынды дамып келе жатқан бірегей үдеріс

Электрондық оқыту E-Learning және SMART технологиясы - тәуелсіз қазақ жастарының білім алу көзінің айнасы
Атагельдиева Жулдыз Нурлановна
№19 орта мектебі Талғар ауданы, alijan_julduz@mail.ru
Оқытудың жаңа технологияларының бірі - ақпараттық технология. Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру және оны жүзеге асыру. e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған мемлекеттік жоба. Бұл жобаны елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 7 желтоқсанда № 1118 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудегі <<білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолданылады>> деген мақсатты көздеді.[1]
Электрондық оқыту жүйесінің 2011-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы орта білім беру мекемелерінде ақпараттандыру үдерісінің ағымдағы жай-күйді талдауға баға береді, сонымен бірге электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін енгізу бойынша процестерді жеделдету үшін қажетті шараларды анықтайды. Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Осыған орай, жаңа қабылданған <<Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы>> - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыратын болады.
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады. [2]
Осы аталған бағдарламада: "Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік - тақырыптық жоспарын, топ журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтың қызметін директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады"-деп көрсетілген. [3]
Дамыған елдерде кең тараған <> электронды оқыту жүйесін меңгере бастадық. Талғар ауданы бойынша 2012 жылдан 8 білім беру ұйымы, 2013 жылдан тағы 10 білім ұйымында <> пилоттық жобасы басталды. Жылдамдығы жоғары (секундына 4-тен 10 Мбит) Барлық білім ұйымдары кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілді.
Өзекті міндеттердің бірі - білім саласы дамыған елдердің (Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Канада, Австралия және т,б) тәжірибесіне сүйеніп <> жүйесін және оқу ресурстарының контентін Қазақстан жағдайына бейімдеп, тереңірек дамыту.
Электронды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты - ауыл және қала мектептерінің білім деңгейін теңестіру.
Бұл жүйе №19 орта мектепте 2012 жылдан бері қолданылып келеді. 1117 оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізіп келеді.145 мұғалім күнтізбелік - тақырыптық жоспарын енгізіп отыр, топ журналының толтырылуы жүзеге асуда. Оқытушылық жүктеме, сабақ кестесі, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуі бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылуда. 69 сынып жетекшісі жүйеленген түрде оқушы туралы толық мәліметтерді әрі тез әрі сапалы өз уақытында орындап отырады. Мектептегі электрондық жүйені басқару моделі әкімшілік тарапынан қадағаланады. Мектеп қабырғасында 30 монблок, 8WI FI жүйесі қосылған. Мұғалімдердің электронды білім жетілдіру курс көрсеткіші 2015ж 15 % болса,қазіргі таңда 75% көрсетіп отыр. Мұғалімдерді мектепте электронды оқытуға үйрету семинары болып тұрады. Заман талабына сай техниканың арқасында ата - анамен қарым - қатынас жеңілдетіліп отыр. Барлық оқушының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы мәлімет ата - ана назарында. Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтап отырады.Кезінде Ыбырай атамыз <<Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.>> деп аңсаған өнері, білімі бар жұрттардың қатарынан көрініп отырғанымыздың өзі осы бағдарламаны игеруіміздің жарқын көрінісі.[4] 2013 - 2014 оқу жылында облыс көлемінде электронды оқыту жүйесінен №19 орта мектебі жоғарғы көрсеткіштері үшін мақтау грамотасымен марапатталды.
Аталмыш мектепте <> бағдарламасы да өз қолданысын таба бастаған. Smart education: біліктілік арттырудағы соны көзқарас, жаңа басымдық - қолжетімді білім, тиімді тәсіл.
SMART EDUCATION тұжырымдамасына тоқталып өтсек, SMART EDUCATION тұжырымдамасының негізі - барлық білім беру үдерісінің кешенді модернизациясы мен осы үдерісте пайдаланатын әдістері және технологиялары болып табылады. SMART тұжырымдамасы білім беру бағытында жаңа технологияның пайда болуына өз септігін тигізеді, атап айтқанда ақылды тақта, ақылды экрандар, интернетке әр жерден кіру сияқты және әр технологиялар контентті жаңаша жасау үрдісін, оның жеткізуін және актуализациялауын қалыптастырады. №19 орта мектептің мұғалімдері әр ашық сабақтарын <> бағдарламасына сүйеніп өткізіп отырады.Бұл бағдарлама жұмыс жасау үрдсін әлдеқайда жеңілдетеді.
Smart оқыту - оқытудың жаңа түрі, қарқынды дамып келе жатқан бірегей үдеріс. Бұл әлеуметтік желілер арқылы білім алу, алмасу, жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту қызметі, оқушыға бағытталған, бағдарланған, орталықтандырылған оқыту ортасы, ең соңында Smart құрылғыларды пайдалана отырып оқыту деген тұжырымдарды қамтиды.
Smart құрылғыларының ең алдымен, техникалық мүмкіндіктері зор: байланыс құралы, Wi-Fi, мәліметтерді мобильді тасымалдау (GPRS, 3G, 4G) фото/бейне камера, ақпаратты енгізу функциялары, т.т. [5]
Жалпы Smart оқыту білім жүйесіндегі соны технология болғандықтан, оның мүмкіндіктерін әлі де тереңдеп зерттеуді қажет етеді. Күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде мультимедияны пайдалану жоғары нәтижеге жеткізері сөзсіз. Мультимедиа - ақпараттың сақталатын құралы, мысалға латын тілінде мәтін, жазу-сызу, аудио, анимация және видео деген ұғымды білдіреді. Мультимедиялық тақтамен жұмыс оқушының көңіл - күйіне де жақсы әсер етеді. Сабақ көңілді,қызықты өтеді . Мектебіміздің мұғалімдерінің 80 пайызы мультимедиялық құрылғыларды қолданып, жылжымалы интерактивті тақтаны пайдалануды жақсы меңгерген.
Қорыта келгенде, бүгінгі таңда электрондық оқыту - тәуелсіз мемлекетіміздің көк аспанында еркін қалықтай алатын жас қырандарымызды тәрбиелеу жолында бірден - бір көмекші құрал болып есептеледі. Заман талабына сәйкес электронды оқыту жүйесін ұтымды және өз дәрежесінде қолдана білуі қажет. Инновациялық ақпараттық-білімдік орта ретінде электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Электронды оқыту жүйесі - көрнекілік, жүйелілік, біртұтастық, ұғынымдылық сияқты дидактикалық қағидаларды, тәрбиелейтін оқытуды жаңа деңгейде іске асыру үшін мұғалімге де, оқушыға да жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; танымдық іс-әрекет кезеңдерін, оқытуды дараландыруды, оқушылардың құлшынысын арттыруды, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруды, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты, педагог кадрларды қайта дайындаудың жаңа мүмкіндіктерін, мұғалімнің шығармашылық өсуін және т.б. іске асыруды қамтамасыз етеді.
Атап айтар болсақ,
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды,- деген ойшыл ұстазымыздың батасын ала отырып, жаңашылдықтан қашпай, тек қана алға құлаш сермей кірісейік, ағайын ,дегіміз келеді.
1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2020 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы
2. <<Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту>> Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
3.Білім заңы. Алматы, 2010 ж.
4. Ы.Алтынсарин <<Өнер - білім бар жұрттар>>
5.Smart education: біліктілік арттырудағы соны көзқарас, жаңа басымдық - қолжетімді білім, тиімді тәсіл. http://orleupvl.kz/ru/novosti/512-smart-education-blktlk-arttyruday-sony-kzaras-zhaa-basymdy-olzhetmd-blm-timd-tsl

Ұқсас жұмыстар
Барлық баланы оқыту
Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту
СМАРТ бойынша сабақ мақсатын қою
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
Әдістемелік құрал
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Информатика пәнінен электрондық оқулық асаудың тиімді жолдары
Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мұғалім біліктілігін арттыру
Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Технология пәнін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі
Пәндер