Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қалта астарын өңдеу

Топ: ПУ-13
Күні: 06.11.2015 ж

Өндірістік оқыту сабағының жоспары

Бағдарлама тақырыбы: №9 Бедерлі тігістері бар белдемшені тігу
Сабақтың тақырыбы: №9,2 Алдыңғы бойдағы бедерлік тігістерін өңдеу және тігіске түскен жапрақшал қалтаны өңдеу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Белдемшенің алдыңғы бойдағы тігіске түскен жапырақшалы қалтаны тігу жолдарын түсіндіре отырып көрсету үйрету.
Дамытушылық: Мамандығына деген қызығушылығын арттыру, еңбекке іскерлігін, икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды: Талаппен бастап, талғаммен аяқтау, әсемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сарамандық тәжірибелік жұмыс
Материалды-техникалық жабдықтар: Ннұсқау парақтары, сантиметрлік таспа, арнайы бор, қайшы, сызғыш, ине, жіп, тігін машиналары
Пән аралық байланыс: математика, технология.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
КІРІСПЕ БӨЛІМ

І. Ұйымдастыру бөлімі: 3-5 мин.
1. Амандасу.
2. Сабаққа қатысуын тексеру.
3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Үй тапсырмасын қайталау ретінде, сұрақтарға және сурет бойынша жауап бері.
1. Бүкпені екінші жақ бөлікке қандай әдіспен көшіреді, әдісін түсіндір?
(Алдымен алдыңғы бойдағы бүкпені көшірммелі тігістер арқылы екінші жаққа көшіремі. Орындалу әдісі екі бөлікті уақытша біріктіреді көктеу арақашықтығы 15-25мм, ал жіптің босату биіктігі 15,-20 мм. Матаны екі жаққа тартып ортасындағы жіпті кеседі де екінші жаққа түскен инешаншымшың орнын арнайы бор мен сызады)
2. Бүйір тігістерін неше сантиметрге көктейді және тігеді?
(бүйір тігісін 15 мм көктейді және 10 мм тігеді)
3. Түйме тесігін қандай әдіспен орындайды?
( Түйме тесігін арнайы машинамен тесуге болады немесе ілмектелген инешаншыммен тігеді)
4. Матаны пішпес бұрын қандай жұмыс атқарылады, неліктен?
(Матаны алдымен толық ЫЖӨ-ден өткізеді. Матаның сапасына байланысты мата ЫЖӨ-ден өткеннен кейін отыруы мумкін.)
5. Белдемше пішуге мата суретінің ықпалы бар ма?
(үлгіні матаның түрі мен суретіне байланысты пішіледі, егер мата бір бүсті болса онда үлгіні қаз қатар қойып пішеді. Ал мата суретті немесе сызықты болма онда үлгіні мата бетіні сурет жалғасымен немесе сызық жалғасын келтіріп пішеді)
6. Белдемшенің жан қиықтарына және бүйір тігісіне неше мм. қоспа береді?
(10-15 мм қоспа беріледі)
7. Белдемшенің етегіне неше мм. Қоспа беріледі?
(40 мм қоспа беріледі)
8. Белдемшенің сыдырмасына неше мм орын қалдырады қай жағынан?
(18-20 мм сыдырмаға орын қалдырады сол жақ бүйір тігісінен)
9. Белдемше қандай бөліктерден тұрады?
(белдемше алдыңғы бой мен артқы бой бөлігінен тұрады)
10. Алдығңы бойдағы бөліктерінің атын ата?
(алдыңғы бой бөлігіне орта бедерлік бөлік пен жан қиық бөліктері деп аталады)
11. Бедерлік белдемшенің үлгісі неше бөліктен тұралды?
( 3 бөліктен тұрады олар артқы бой мен алдыңғы бой отра бөлігі және жан қиықтары)
12. Белдемшенің бел сызығына неше мм қоспа береміз?
(белдемшенің бел сызығына 10 мм қоспа беріледі)
13. Бүкпе қандай қызмет атқарады?
(бүкпе бел айналымын қынау қызметін атқарады)
14. Белдемшеге берілетін қоспа қандай қызмет атқарады?
(белдемшеге қоспа берілмесе белдемше бір өлшемге кемиді)
15. Бірінші өлшемнен өткізу жұмысы қажет пе?
(бірінші өлшемнен өткізу жұмысы қажет, оның қызметі бұйымды тапсырыс берген адамның ойымен шығуы үшін және ақауларын жөндеу үшін қажет)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІІ. Жаңа тақырып
Киімде қалтаның барлық түрі сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Өңделуіне қарай оларды жарма, тігіске түскен және жапсырма қалталарға бөледі. Қалтаның орналасуына қарай төс және жан қалтаға, қалта аузының қырқылуына қарай қиашталған, көлденең, тігінен, қалпына қарай тура және фигуралы, ал сәндік бөлшектеріне қарай қақпақшалы, жапырақшалы, әдіпті және басқа түрлерге бөлінеді.
Тігіске түскен қалталар алдыңғы бойдың бедерлі тігістерінде, жан қиықтарында, қатпарларда және белдікті қосып тігетін тігістерде өңделеді. Тігіске түскен қалталарды жапырақша мен , қақпақшамен , әдіппен, жиегін қайтару әдісімен және басқа әдістермен өңделеді. Алдыңғы бой екі бөліктен пішілгенде тігістерінде жапырақшалы, қақпақшалы, әдіппен өңделетін қалталар кеңінен қолданылады. Үлгі ерекшелігіне қарай өңдеу әдісінің тиімдісін таңдайды. Тігіске түскен қалтаны өңдеуі 3 кезеңнен тұрады.
1. Сәндік бөлшектерді өңдеу
2. Қалта астарын өңдеу
3. Қалтаны жинау
Алдыңғы бойдың тігісінде жапырақшалы қалтаны өңдегенд, алдымен жапырақшаны өңдейді, содан кейін қалтаны өңдейді.
Жапырақшаны өңдеу қақпақшаны өңдегенмен бірдей. Жапырақшаға ішкі матаны желімдейді және жан қиығын сырып тігеді. Жапырақша бұрышын қырқады, өң бетіне аударады және баса үтіктейді. Лекало көмегімен жапырақша енін белгілейді.
Қалтаны бұйыммен біріктірудің әр түрлі әдістері болады. Ол үшін қалта орнын негізгі бөлшекке лекалоның көмегімен белгілейді. Белгіленген сызыққа жапырақша мен қалта астарын алдыңғы бойдың негізгі бөлігіне 10мм қосып тігеді. Жан бөлігіне екінші қалта астарын 10 мм қосып тігеді. Алдыңғы бойдың бөліктерін беттестіріп, бедер қиығын сырып тігеді, қалта аузына бекітпе бедері және қалта аузын тікпей қалдырады. Қалта астарын сырып тігеді, дайын қалтаны баса үтіктейді. Жапырақша ұшын алдыңғы бойға сәндік тігіспен бастыра тігеді.
Белдемшенің артқы бойындағы бүкпені машинамен сырып тігеміз, тігіс басына және тігіс аяғына бекітпе қоямы 10-15 мм ден аспауы тиіс егер бекітпе қойылмаған жағдайда бұйым сапасы төмендейді. Бүкпені үтіктеу столына жастықша бетіне қойып қарама қарсы бір жаққа жатқызып үтіктейміз.
Алдыңғы бойдағы бедерлік тігістерді 10-15 мм-ге машина мен сырып тігеміз, тігіс басына және тігіс аяғына бекітпе қоямы 10-15 мм ден аспауы тиіс егер бекітпе қойылмаған жағдайда бұйым сапасы төмендейді. Тіккеннен кейін үтіктеу столына жастықша бетіне тігіс жағын бетіне қойып екі жаққа айыра үтіктейміз ЫЖӨ жұмыстары міндетті түрде жайма арқылы орындалады. Қалта орнын белгілейміз, қалта аузы 13-15 см шамада болады.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Жалпы барлық киімде қалта қандай түрге бөлінеді?
(Киімде қалтаның барлық түрі сыртқы және ішкі болып бөлінеді)
2. Қалтаның өңделуіне қарай қандай топқа бөлінеді?
(жарма қалта тігіске түскен және жапсырма қалта)
3. Қалтаның орналасуына қарай қандай түрге бөлінеді?
(төс және жан қалта түріне бөлінеді)
4. Қалта аузының қырқылуына қарай қандай түрге бөлінеді?
(қиғашталған, көлденең, тігінен, қалпына қарай және фигуралы болып бөлінеді)
5. Ал сәндік бөлшектеріне қарай қандай түріне бөлінеді?
(қақпақшалы, жапырақшалы болып бөлінеді)
6. Жарма қалта қандай әдіспен орындалады?
(тіл әдісімен орындалады)
7. Тігіске түскен қалта неліктен тігіске түскен қалта деп аталады?
(Тігіске түскен қалталар алдыңғы бойдың бедерлі тігістерінде, жан қиықтарында орналасқаннан кейін тігіске түскен қалта деп аталады )
8. Жапырақшаның қалай өңдейді?
(Жапырақшаға ішкі матаны желімдейді және жан қиығын сырып тігеді. Жапырақша бұрышын қырқады, өң бетіне аударады және баса үтіктейді.)
9. Бедерлік тігісті қалай өңдейді?
(Бедерлі тігісті 10-15 мм сырып тігеді)
10. Бүкпені үтіктеу әдісі қандай?
(жастықша бетіне бүкпені бір біріне қарама қарсы бір жаққа бүктеп ЫЖӨ ден өткіземіз)

V.Техника қауіпсіздігі ережесінің пысықтау сұрақтары

Тігін машиналарында істейтіндерге арналған ереже.
1. Машинамен жұмыс бастар алдында не істеу керек?
(машинаның жөнді екенін тексеру, ақауы болса механикке тексерту)
2. Машинамен жұмыс кезінде нені естен шығаруға болмайды?
(машинада қолды дұрыс ұстамаудан саусақты инемен щаншып алуы мүмкүн )
3. Метал жетеуіште несіз жұмыс істеуге болмайды?
(резеңке кілемшесіз жұмыс істеуге болмайды)
4. Электр двигателін өшірмей тұрып қандай жұмыс түрлерін атқаруға болмайды?
(машинаны тазалауға және майлауға сондай-ақ машина шкивіне ремень салуға тыйым салынады)
5. Машинаның айналып тұрған бөлігі жанына қай заттарды қоюға болмайды?
(қайшы және басқа аспаптарды қоюға тыйым салынады)

Электр үтігімен істейтіндерге арналған ереже.
1. Үтікті қосқанға дейін қай бөліктерін тексеру қажет
(үтік буын, үтік тұрығын тексеру керек)
2. Электр үтігін желіге қосып сөндіру әдісін айтындар
(бауынан тартып шығармай, айыр корпусынан қолмен ажырату керек)
3. Ысып тұрған үтікті қалай суытамыз және қалай суытуға болмайды?
(су бүркіп суытуға және үтікті суға салуға болмайды)
4. Ондай жағдайда қандай қауіпқа ұшырауы мүмкін?
(қолды немесе бетті күйдіріп алу)
5. Ылғалды жылумен жасау кезінде пяқ астымызда міндетті түрде не болуы тиіс?
(резеңке төсеніш)

IV.Нұсқау парағы бойынша жұмыс жасау

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
1. Бағалау
2. Оқушылардың оқу орнын жинауы
Өндірісте оқыту шебері: Жапаргалиева А.Ж.

Ұқсас жұмыстар
Мұқағали мақатаевтың поэзиясы
Жапсырма қалталарды өңдеу
Жапсырма қалтаны дайындау
Үлгі бойынша көйлекті пішу
Ғажайып алаң
Дербес компьютердің жұмыс принципі
Ылғалды жылумен өңдеу
Сандық ақпаратты өңдеу. калькулятор. 5 сынып
Конференция сабақ
Қол сағат ортақ қалта сағат
Пәндер