Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жапсырма қалтаны дайындау

Топ/Группа:ПУ-13 Күні/Дата: 17.04.2015ж
Өндірістік оқыту сабағының жоспары
Бағдарлама тақырыбы: №4 Алжапқыш пен орамал тігу
Сабақтың тақырыбы:№ 4.2 Алжапқыштың жапсырмалы қалтасы мен жиектерін өңдеу
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қалта түрлерімен таныстыру, олардың әр қайсысы қандай бұйымға сәйкес келетінін түсіндіру. Жапсырма қалтаның өңделу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Жапсырма қалтаның әдістері мен түрлерін үйрету арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту,өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Талаппен бастап, талғаммен аяқтауға, әсемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Cабақтың түрі: Сарамандық тәжірибелік жұмыс
Материалды-техникалық жабдық: Презентация слайдтарын қолдану, нұсқау парақтары,ине, жіп, қайшы, арнайы бор, сызғыш, сантиметрлік таспа.
Пән аралық байланыс: матиматика, тігін өндірісінің технологиясы

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
КІРІСПЕ БӨЛІМ
І.Ұйымдастыру бөлімі: 3-5 мин
1.Амандасу.
2. Сабаққа қатысуын тексеру.
3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын қайталау ретінде, сұрақтарға және сурет бойынша жауап беріледі.
1. Инешаншым дегеніміз не? (матаны инемен шаншып алғандағы арақашықтықты инешаншым дейміз)
2. Тігістің қандай түрлері болады? (қол және машина тігістері)
3. Қол тігістері қандай түрге бөлінеді?(тіке, қиғаш, айқаспалы, ілмектелген, арнаулы тігістер)

4. Тіке көктеу тігісті қандай қызмет атқарады?(тіке көктеу тігісі уақытша біріктіру қызметін атқарады )
5. Қиғаш тігісінің тігілу жолдары қалай орындалады және бұйымның қай бөлігінде тігіледі? (бұл тігіс түрі пальто, костюм жағаларының шетінде және алдыңғы бойдағы өңір жиегінде тігіледі. Оң жағында тіке тігіс түрі шығады да ал теріс жағында қиғаш тігіс түрі тігіледі)
6. Ілмектелген тігісінің тігілу жолдары қалай орындалады және бұйымның, қай бөлігінде тігіледі?(Ілмектелген тігіс көбінесе түйме тесігін шалып іліп алу арқылы тігіледі)
7. Арнаулы тігістерінің ішінде 2 тесігі бар түйме қалай бұйымға бекітеді?(Екі тесігі бар түймені қадағанда түйме тесігінен 4-6 инешаншымнан қадап бұйым мен түйме арасына міндетті түрде бекітпе жасап түйеді)
8. Машина тігістерінің қандай түрлері болады?(Біріктіруші тігістер, жиектік тігістер, әрлеуіш тігістер)

9. Бұрме дегеніміз не, қандай бұйымның бөлігіне орналастырады? (Бүрмені көбінесе қазақтың ұлттық киімдерінде тігіледі. Көйлектің жеңінде, етегінде қатар-қатар орналастырады)
10. Қатпардың қандай түрлері болады? (бүкпенің негізгі 3 түрі болады олар: біржақты қарама, қарсы бантты.)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІІ. Жаңа тақырып

Қалтаның барлық түрін сыртқы және ішкі қалталарға бөледі. Өңделуіне қарай олар жарма, тігіске, түскен және жапсырма қалталарға бөлінеді. Қалтаның орналасуына қарай төс және жан қалтаға бөлінеді, қалта аузының қырқылуына қарай қиғашталған, көлденең, тігінен, қалпына қарай тура және фигуралы, ал сәндік бөлшектеріне қарай қақпақшалы, жапырақшалы, әдіпті, және басқа түрлерге бөлінеді. Жарма қалтаның ең көп тараған түрі - қақпақшалы қалта, оның төменгі сызығын жай және күрделі әдіппен өңдейді.
Сырт киімдерде қолданылатын жапсырма қалталар конструкциясына байланысты әр алуан болады. Олар қалта аузын өңдеу әдісіне қарай бөлінеді. Жапсырма қалталар бұйымның әр түрлі бөлшектерінде жайласады және әр түрлі әдістерімен өңделеді. Жапсырма қалталар алдыңғы бойда, жан сызықтарында,шалбардың алдыңғы және артқы бөліктерінде және басқа бөлшектерде үлгісіне қарай өңделеді. Жапсырма қалтаның жоғарға қиығы жапырақшамен, қақпақшамен, әдіппен, жиегін қайыру әдісімен және т.б. жолдарымен өңделеді. Жапсырма қалтаның конструкциясы және оны өңдеу әдістері бұйымның үлгісіне және материалына тікелей байланысты. Жапсырма қалтаны өңдеу екі кезеңнен тұрады:
1. Жапсырма қалтаны дайындау
2. Қалтаны бұйыммен біріктіру
Ең алдымен бірінші кезеңді орындап үлгі бойынша жапсырма қалтаны пішеміз. Матаға үлгіні қойып бормен сызып болғаннан кейін жапсырма қалтаның жоғарғы қиығына 4 см қосымша береміз ал жан-жағына 1,2 - 1,5 см-ге дейін қосымша беріп кесеміз. Жапсырма қалтаның жоғарғы жиегін 2 см-ден екі қайтара бүктеп 0,1 мм-ге әрлеу тігісін жүргіземіз. Болғаннан кейін жапсырма қалтаның жиегін 1,2 немесе 1,5 см-ге ішке қарай қайырып көктеп алжапқыштың алдына орналастырып көктеейміз. Дайын қалтаны әрлеу тігісімен 0,1 см- ге жиектеп тігеміз.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту. Жаңа тақырыпты бекіту ретінде көрсетілген сурет бойынша қалтаның түрлерін ажырату, сипаттама беру .

V. Техника қауіпсіздігі.

Тігін машиналарында істейтіндерге арналған ереже.
1. Машинамен жұмыс бастар алдында не істеу керек?
(машинаның жөнді екенін тексеру, ақауы болса механикке тексерту)
2. Машинамен жұмыс кезінде нені естен шығаруға болмайды?
(машинада қолды дұрыс ұстамаудан саусақты инемен щаншып алуы мүмкүн )
3. Метал жетеуіште несіз жұмыс істеуге болмайды?
(резеңке кілемшесіз жұмыс істеуге болмайды)
4. Электр двигателін өшірмей тұрып қандай жұмыс түрлерін атқаруға болмайды?
(машинаны тазалауға және майлауға сондай-ақ машина шкивіне ремень салуға тыйым салынады)
5. Машинаның айналып тұрған бөлігі жанына қай заттарды қоюға болмайды?
(қайшы және басқа аспаптарды қоюға тыйым салынады)

Электр үтігімен істейтіндерге арналған ереже.

1. Үтікті қосқанға дейін қай бөліктерін тексеру қажет
(үтік буын, үтік тұрығын тексеру керек)
2. Электр үтігін желіге қосып сөндіру әдісін айтындар
(бауынан тартып шығармай, айыр корпусынан қолмен ажырату керек)
3. Ысып тұрған үтікті қалай суытамыз және қалай суытуға болмайды?
(су бүркіп суытуға және үтікті суға салуға болмайды)
4. Ондай жағдайда қандай қауіпқа ұшырауы мүмкін?
(қолды немесе бетті күйдіріп алу)
5. Ылғалды жылумен жасау кезінде пяқ астымызда міндетті түрде не болуы тиіс?
(резеңке төсеніш)
VI. Нұсқау парағы бойынша жұмыс жасау

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
VІI. Бағалау.
VІІI.Оқушылардың оқу орындарын жинауы.
Өндірісте оқыту шебері:_______Жапаргалиева А.Ж

Ұқсас жұмыстар
Жапсырма қалталарды өңдеу
Қалта астарын өңдеу
Жапсырмалау өнері
Алжапқыш
Мата өңдеу технологиясы
Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерін айт
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫ
Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы
Маталармен танысу
Бедерлі тігістері бар белдемшені тігу Белдемшені пішу, көктеу және бірінші өлшемнене өткізу
Пәндер