Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Біржан сал

10 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы - ақын, әнші, композитор.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік:
а) Біржан сал шығармашылығының тарихи негіздері туралы
оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру;
ә) Біржанның өлеңдері және оның мәні туралы білім
көзқарастарын бір жүйеге келтіру, жинақтап қорыту.
Тәрбиелік:
а) Біржанның Арқада асқақ әншілік дәстүрін қалыптастыруы;
ә) поэзияны сүюге, шешендік сөз өнеріне баулу;
б) Ұлттық сана, ұлттық әуен.
Дамытушылық:
а) тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына
үйрету;
ә) түсініктерді деректермен, дәйекті сөзбен дәлелдеуге
жаттықтыру;
б) өлең талдау дағдыларына, өлең оқу техникасына үйрету;
в) өз пікірін қорғай білу дағдыларына төсілдіру.

Сабақтың түрі: әдебиет, тарих, музыка пәндерінің пәнаралық байланыс
деңгейіндегі интеграциясы.

Сабақтың жабдығы:
1. Біржан сал Қожағұлұлының әдеби мұрасы бойынша презентация,
Біржанның өлеңдері жазылған күйтабақ, электронды оқулық, тірек-
сызбалар, кесте, СТО сызбасы, карта,домбыра
2. Біржан шығармаларының мәнін ашуға көмектесетін таспа-жазбалар.
3. Біржанның шығармашылығына арналған әдебиеттер, ғылыми мақалалар, монографиялар.
4. Біржанға байланысты газет-журнал материалдары.

Сабақтың құрылымы: 45 минуттық сабақта Біржанның әдеби мұрасы туралы
білімдерін жинақтау. Біржанның әндерін тыңдау.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
II Өткен сабақты сұрау.<<Ыстық орындық>> әдісі.
1. Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу.
2. Қазіргі таңда өзімізге белгілі әншілікті, сазгерлікті бойына дарытқан қандай талант иелерін білеміз? (А.Қоразбаев, А.Дүйсенов, т.б.)
3. Жергілікті әнші, сазгрлерімізден кімдерді білеміз?
(Марат Ордабаев, Ұлықпан Жолдасов)
ІІІ. Жаңа сабақ: <<Миға шабуыл>> стратегиясы. Мына өлең жолдарына назар аударайық:

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Адамға зияным жоқ жүрген жанмын.
Қасыңа мені сендер неге алмайсың,
Өзім сұңқар, өзім сал, кімге зармын.

<<Біржан сал Қожағұлұлы- ақын, әнші, композитор>> (1-ші слайд суреті)
<<Сал>> деген сөздің мағынасын ашу (етістік, ауру, жүк таситын көлік аты).
1. Қазақ ақындарының дәстүрін жалғастырған Біржан Қожағұлұлы қазақ әдебиетінде не с ебепті <<Біржан сал>> деген атқа ие болды?
2. - Біз неге Біржан сал дейміз?
Біржан сал туралы сіздер тарих, музыка пәндерінде де таныстыңыздар.
Әдебиеттен <<Абай жолы>> эпопеясында Абай ауылына Біржанның қонаққа келуі әңгімеленетін тұсы бар. Біржан Абайдың <<Мен көрдім ұзын қайың құлағанын>> атты өлеңіне ән шығарды.

Жоспар (түсіндіру)
1. Біржанның өмірі мен өскен ортасы (картадан көрсету, сызба көрсету)
2. <<Біржан деп атым шықты алты алашқа...>> (электронды оқулық, кесте)
3. Әнші Біржан
4. Композитор Біржан (әнін тыңдау)
Музыка пәнінің мұғалімі Ибрагимова Алтынай Біржан салдың <<Көкек>> әнін орындайды.
Хрестоматиямен жұмыс. Өлеңдерін мәнерлеп оқу. СТО технологиясы бойынша өлеңді талдау.
Дәптермен жұмыс:
Автор (Біржан)
Тақырыбы (кәрілік, қарттық).
Жанр түрі (поэзия).
Идеясы (жастық шақтың өткені, кәріліктің жеткені).
Шумақ (3).
Тармақ (12).
Бунақ (3).
Буын (11).
Ұйқас (қара өлең). (а,а,б,а).
Әдебиет теориясы.
Фигура (ерекшелеп, екпін, тыныс беру, өзіне арнайы тіл қатуы, <<арнау,
жырлай) іштей кеңесуі).
Сарказм (таппайтын адам ебін қақбас болдым).
Эпитет ( көк ала көл, сұлу қыз, ақ бас).
Мағынасын табу ( қиын сөз) Сусар ( бөрік, түю, ішік, суда жүретін қоңыр түсті, терісі бағалы аң).
Эпитет - белгілі бір құбылысты көз алдына елестету үшін бейнелеп айтылатын сөздер (айқындау).

Сарказм (мысқыл) - ешқандай бүркеншіксіз тура айтылған шымыр, ширақ, улы һәм уытты мысқыл, масқара мазақ.

ІY Пысықтау тапсырмасы
Кесте толтыру (Біржанға сипаттама)
Дәптермен жұмыс

Біржан сал
ақын
әнші
домбырашы
сазгер
әртіс

Үлгі: Әртістерге тән сан алуан құбылмалы мінез Біржан сал өлеңдеріне әсерін тигізбей қоймады. Оның жүріс-тұрысының шапшаң, түрлі өзгерістерге лезде ұшырауы кейде қалжың-әзілі аралас, кейде терең философиялық мағынаға тән жырлардың пайда болуына ықпалын тигізді.

V Шығармашылық тапсырма. 1-қатар тақырыпқа сай өлең шығару, 2-қатар: кесте толтыру.
<<Болмасаң да ұқсап бақ...>>

Тақырыбы
Өлеңнің аты
Шығу тарихы
Идеясы
1. Қоғамдық, әлуметтік мәселе
Үлгі:
1. <<Жанбота>>
2. <<Адасқақ>>
Ел билеуші есер Жанбота мен өнер сүйгіш Біржан сал арасындағы қақтығыс
Ел басқарушы-
ларының әділет-
сіздігін, екі жүзділігін ашып көрсету
2. Ақынның жан дүниесі, сезім лирикалары
1. <<Ақтентек>>
2.<<Ләйлім шырақ>>
3. <<Айтбай>>
Ел аралап жүріп, қонақ болған кезінде көңілі түскен сұлу қыздарға арнаған
Кіршіксіз махаббат пен әйел сұлулығын суреттеп,сүйкімді бейнелер арқылы адамдық асыл сезімдер мен арман тілектерді көрсетеді.

ҮI. Қорытындылау. <<Топтастыру>> стратегиясы.

Ақын
Айтыскер ақын Композитор
Біржан сал

Әртіс Домбырашы
Әнші

Рефлексия. <<Екі жұлдыз, бір тілек>>.
Үйге тапсырма: Біржан сал Қожағұлұлы өмірі мен шығармашылығын оқи отырып, өлеңдерін жаттау. Материал жинақтап, өлеңдеріне сурет салып келу.
YII. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы
Біржанның айтыскерлігі
Қысқа қағыспа айтыс
Біржан сал Абай ауылында бекіту сабағы
Біржан мен Сара айтысы
Біржан реферат
Біржан сал - қазақ ән өнерінің шамшырағы
Біржан сал Абай ауылында (талдау)
Біржан сал шығармашылығы
Біржанның өлеңі
Пәндер