Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Панно дайындау

Технология, 7 сынып
Тақырып: Панно дайындау
Сабақтың мақсаты:
білімділік:оқушыларға панно деген сөздің мағынасын түсіндіру, сөзжұмбақ шешкізу арқылы өткен сабақты қайталау, панно жасауды үйрету,өз бетінше панно жасауды меңгерту.
дамытушылық: шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту
тәрбиелік:тазалыққа,ұқыптылыққа және эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Оқыту әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс
Көрнекілігі:мата,қайшы,ине-жіп,оймақ, сызғыш,бор,см.таспа, дәптер
Сабақ барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды белгілеу
II.Үй тапсырмасын тексеру
-Өткен сабақта матадан,таспадан қандай гүл жасадық?
-Раушан гүлін дайындадық
-Қане жоғары көтеріп көрсете қойындар. Біздің жасаған жұмыстарымыздың барлығы еңбектің арқасында ғана бір нәтижеге жетеді.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты .....(еңбек)
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты... (еңбек)
Сабағынды жөндеп,
Әзірлесең (еңбек)
Қиындықтың бәрін
Еңбек ғана жеңеді.
III. Жаңа сабақ.
Осы жұмыстарды жасау үшін қандай құралдарды пайдаланғанымызды сөзжұмбақ арқылы шешеміз.
Сөзжұмбақ
1.Иненің серігі - жіп
2.Жібек,шыт,атылас-мата
3.Киім тігетін құрал-машина
4.Кесте тігетін жіп-мулине
5.тігінші құралы- оймақ
Қандай сөз шықты? ПАННО
Ж І П
МАТА
М А Ш И Н А
МУЛИНЕ
ОЙ М А Қ
Қандай сөз шықты?
1.паннолар көрсетіледі: жасанды жасалған гүлдер панносы
2.матадан жасалған гүлдер панносы
3.түрлі-түсті қағаздан жасалған жапсырмалау панносы.
Панно қоғамдық мәдени орындарын,үй-ішін көркемдеу үшін жасалған өнер туындысы.
Бүгін біз <<түймедақ>> панносын жапсырмалау тәсілімен орындаймыз.
Түймедақ гүлін барлығымыз білеміз.Халық ерте заманнан қадір тұтқан, сүйіспеншілікпен <<ЖЕР КҮНІ>> деп атаған және емдік қасиеті бар.
Панно дайындау үшін қажетті заттар:сурет жақтаушасы,түрлі түсті мата,желім,қайшы,бір түсті қалын мата және қатты картон қағазы.
-Осы құралдарды пайдалану үшін қандай қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек?
Қауіпсіздік ережелері:
1.Инені шанышқыда ұста.
2.Жіпті тісіңмен қима.
3.Қайшыны жолдасына сабымен ұсын.
4.Қайшының ұшын жоғары көтерме.
5.Өтпейтін,тозған қайшымен жұмыс жасама.
6.Жолдасын қайшымен жұмыс жасап жатқанда көңілін бөлме.
IV. Сарамандық жұмыс
Қалауларың бойынша гүлді,жапырақтарды, жақтаушаны қиып, желіммен жапсырмамыз.
V.Сабақты бекіту
Тақтаға сурет ілінеді.
1.Бүгін сабақта не жасадық?
2.Панно дегеніміз не?
3.Панноны не үшін пайдаланамыз?
4.Түймедақ қандай өсімдік?
-Дұрыс.Бұл түрлі түсті маталар арқылы жасалған панно.
VI. Үйге тапсырма
Сынып ішіндегі жұмысты аяқтау. Қауіпсіздік ережелерін қайталау

Ұқсас жұмыстар
Кептірілген өсімдіктерден дайындалған панно жасау
Гүлдерден панно жасау
Окрошка дайындау
Құрастыру реті
Жапсырмалау өнері
Тамақ дайындау технологиясы
Арайлы, алтын күз!
3 –сынып. Еңбекке баулу
Мата өңдеу технологиясы
Сабаққа талдау
Пәндер