Ақжігіт орта мектебінің 2016 жылғы Әдемі-ай арулар сайысының сценарийі

Ақжігіт орта мектебі

Дайындаған: Жылкыбаева Актамак

2016 жыл

Әдемі-ай арулар сайысы

Жүргізуші:

I. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлыстың ұлы күніне орай 8-Наурыз Халықаралық аналар және қыздар күніне байланысты бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Әдемі-ай» арулар сайысын ашық деп жариялаймын.

Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Мерекенің жалғасы

Өнерлі кім, дарынды кім,

Сынып аруымен табайық.

Талантты іздеп табайық.

Уа, халайық, халайық

Ойланып енді қарайық,

Қазылардың алқасын

Ортадан сайлап алайық.

(Қазылар сайланады)

1. Оқу ісінің меңгерушісі: Нұрбала апай

2. Қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі Шархат

3. Тәлімгер Іңкәр апай

4. «Әдемі-ай» арулар сайысының Сәнгері: психолог Айсұлу апай

Мың бұралған арулар жайлап басып,

Келеді ортамызға жайнап тасып

Қыз баласын сыйлаған халқым менің,

Қошеметтеп қол соғып қарсы алып

Ортаға аруларымызды шақырамыз.

  1. Ай секілді -Ақмаржан

Жарқырап тусын ай, күнің

Озып шығар бәйгеден

Көп болсыншы бестігің

4- сынып оқушысы Ақмаржанды шақырамық.

  1. Бәйгеден озған жүйріктей,

Аласың бестік іркілмей

Гүлсанат біздің әдепті

Даланың әсем гүліндей

3- сынып оқушысы Гүлсанатты шақырайық.

  1. Жайнап жаймен жүретін

Жымыйып ақырын күлетін

Меруерт біздің ақылды

Әдеппен бәрін сыйлайтын

2 ә -сынып оқушысы Меруертті шақырайық.

  1. Тазалықты сүйетін

Сабағында білетін

Әдемі қыз Эльвира,

Ұзақ болсын өмірің

2 а -сынып оқушысы Эльвираны шақырамыз

Сайыстың негізгі шарттары:

  1. Таныстыру

2. Өз өнерін көрсету

3. Сән көрсету әлемі

а) Киім таңдау (мода көрсетіу)

б) Қол өнер бұйымдары(қажетсіз заттардан)

в) Үлгі сурет салу

4. Сиқырлы сый( сұрақ-жауап)

5. Қорытынды(марапаттау)

  1. Таныстыру

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде

Ал енді аруларымыз ортамызда

Өздерін таныстырар осы жерде

Арулар өздерін қысқаша таныстырады

Ән. «Қазақ аруы»

2. Өз өнерін көрсету

Қыздарға әсемдік жарасады

Ай көркі биіктер аласаны

Болмаса сұлу кыз, ару әйел

Табынып еркіндікпен таласады

Кезекті өнер сайысына береміз. Арулар өнерін ортаға салады

Би «Қара жорға»

3. Сән көрсету әлемі

а) киім таңдау(мода көрсету)

б) Қол өнерін жасау(қажетсіз заттардан жасалатын бұйымдар)

в) Үлгі (сурет салу)

4. Сиқырлы сый (сұрақ-жауап)

( слайдтан ертегілер, жыл мезгілдері, мультфильмдер көрсетіледі)

Ән: «Қуыршақтар»

5. Қорытынды

Бастауышта оқыған

Ойға білім тоқыған

Бұлар біздің жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар, - дей келе қазылар алқасына сөз береміз.

Би: «Қызыл телпектер»

Марапаттау.

Назар аударғандарыңызға РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы Әдемі-Ай байқауының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
№81 орта мектебінің 2016 жылғы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-әуенді кеш сценарийі
8 наурызға арналған Кішкентай арулар қыз сайысының сценарийі
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы білім беретін орта мектебінің Арулар асыл жандар байқауының сценарийі
Көңілді тапқырлар клубы 2016: мектептік тапқырлық сайысының сценарийі
Еркетай аруы 2013: №3 Аршалы орта мектебінің Балдәурен лагеріндегі арулар байқауы
№122 орта мектебінің Ең үздік оқушы білім сайысының сценарийі мен өткізу жоспары
Тәуелсіздік күніне арналған 4-сыныптар арасындағы Әй, жарайсың сайысының сценарийі (Ақсу қаласы №4 орта мектеп, 2014)
Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің Аналар мен арулар сайысы: мақсаттары мен бағдарламасы
№102 орта мектебінің бастауыш сыныптарына арналған Білімді шәкірт-ұстаз мерейі білім сайысының сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz