Ш. Айманов атындағы мектеп-интернаттың 2015-2016 оқу жылы 8 Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігі

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру

мектеп-интернаты

Өткізген:А. А. Оралбаева

2015-2016 оқу жылы

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән - маржанын шашайық

Қымбатты қонақтар, аналар, әжелер, қыздар. Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекелеріңіздің бірі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!!!

Балаларымыздың сіздерге дайындаған «Мерекеңмен анашым» атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

Балалар тұрып тұрады.

Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8-ші Наурызбен!!!

«Көктем келді» әнімен Дильназды қарсы алайық.

Мұғалім.

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

Дильназ. Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.

Ділда. Дүниедегі әр адамзат баласы,
Болсын мейлі ол бір елдің данасы,
Мәңгілікке қарыздар боп біреуге
Өтеді екен, ол - өзінің Анасы.

Нұржан. Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам, ақ мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да.

Інкәр. Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.

Жансая. Тау қопарып, тасты үгіп
Тұрғыздың сен не қала
Саған қандай жақсылық
Жасай алам мен ана!

Би «Раз ладошка»

Абдулхаким Мамам менің ақ мамам
Гүлді маған баптаған
Жырды маған жаттаған
Мен ұйықтамай жатпаған.

Виктория. Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз.

Аружан. Өмірге - ана бұлақ, ана - пана,
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай шешен, талай көсем
Талай ер, талай ақын, талай дана
Ана! ол - біздің елге ардақты адам.

«Айналайын, ақ мамам» ХОР

Мухаммед. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ

Мансұр Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттық.

Ақ сүтіңмен ауызданып есейдім,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

Би «Қамажай»

Бекарыс. Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін

Камила. Ардақты анам, асылым
Теңдігіңді жырлаймын.
Жырымның ең асылын
Мерекеңе сыйлаймын.

Ақниет. Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Камиланың орындауында «Домбыраның күмбірі» әнін қабыл алайық

Райана. Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Еламан. Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Арайлым. Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Анамызға сыйлаймыз.

Нұрсұлу. Қайырымды, қасиетті.

Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті.

Баға жетпес ақ әжем.

Қасымжомарт. Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

Мұғалім: «Ана» деген сөзді де
«Апа» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Тәте» деген сөзді де
«Аға» деген сөзді де
Хормен балалар : «Ойлап тапқан балалар»
Мұғалім: Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
Хормен балалар : «Ойлап тапқан аналар»
«Мама» әнімен Қаппас Камиланы қабыл алыңыздар

Мұғалім:

Жасыл көктем, сен көктем.

Гүлді гүлмен өрнекпен.

Ел бақытты, мейірлі,

Балалары әндеткен.

«Біз өмірдің гүліміз» орындайтындар Ділда, Аружан, Арайлым, Інкәр, Камила, Дильназ.

Мұғалім:

Аялы ғой сипаған.

Алақаның әжетайым.

Арналады сіздерге.

Қазіргі біздің әніміз.

Дильназ бүлдіршініміздің «Қос бәйтерек» әнің тамашалаңыздар

Ойын: «Өз анамды табайын» Ортаға 3-4 анамен бала шығады. Баланың көзі жұмылады алдында тұрған аналарды сипап өзінің анасын табуы тиіс.

Ойын: «Мерген». Шардың ішінде тапсырмалар беріледі. Аналар шарларды жарып, ішіндегі тапсырманы орындайды. /Балаңызды қалай еркелетесіз?, Сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай болды?, Бала кезіңіздегі сүйіп айтатын әніңіз? Бір шумағын орындап беріңіз. Жақсы көретін ертегіңіз қандай? Балаңыз қай мультфильмді сүйсініп қарайды?/

Ойын: «Кім жылдам?». Ортаға екі ана мен бала шығады. Қай ана өз баласын бірінші қағазбн орап тастайды.

Мұғалім:

Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың

ХОР «Біз бақытты балалар»

Мұғалім:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Отбасыларыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін.

Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Баладарыңыздың сіздерге дайындаған сыйлықтары бар!

D:\2015-2016\д2015\IMG-20160304-WA0026.jpg

D:\2015-2016\д2015\IMG-20160304-WA0029.jpg

D:\2015-2016\д2015\IMG-20160304-WA0002.jpg

D:\2015-2016\д2015\IMG-20160304-WA0030.jpg


Ұқсас жұмыстар
Ұстаз - ұлы есім: 1 а сыныпқа арналған мерекелік ашық сабақ (Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназия, 2015-2016 оқу жылы)
2015-2016 оқу жылының 8 Ә сыныбының жылдық тәрбие жоспары (Жансүгіров атындағы орта мектеп)
Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 2015-2016 оқу жылы Зейінділер мен зерделілер математикалық интеллектуалдық сайысы
3-сынып математикасы: Қайталау есептері - Иманғалиева А.С., Ақсу ауданы, Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектеп (2015-2016 оқу жылы)
Күз ханзадасымен ханшайымы: 7-сыныпқа арналған сайыс сабағының бағдарламасы (Қ. Топаев атындағы орта мектеп, 2015-2016 оқу жылы)
Б. Қолдасбаев атындағы орта мектептің Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын бағдарламасы (2015-2016 оқу жылы)
Б. Жұмалиев атындағы орта мектептің 8 наурызға арналған мерекелік тәрбие бағдарламасы: Аналарға мың алғыс (2012-2013 оқу жылы)
2015-2016 оқу жылы 11 сынып тәрбие жұмысының жоспары - Төле би ауылы, Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
2015-2016 оқу жылы 8-сыныпқа арналған факультатив: Мәтіндік және графикалық редакторлар мен қолданбалы бағдарламалар оқу жоспары
5-сыныпқа арналған ақпараттық сауаттылық: Ақпараттық калейдоскоп интеллектуалдық сайыс сабағы (№172 мектеп-гимназия, 2015-2016 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz