Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Адамға қатысты сөздерге кім

Күні: 29.04.2015
Сынып:1
Пән:Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: Бәйшешек. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Мақсаты: а) оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
ә) оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Шапшаң ойын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
б) табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, жүйелі сөйлеуге, туған жердің табиғатын сүйе білетін құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: оқыту, жаздыру, сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, гүлдердің суреті, топшамалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық.
- Балалар, мен қазір сендермен бір қызық ойын ойнаймын. Қазір біз өз есіміміздің қай әріптен басталатынын ойлайық. Сол әріптен басталатын бір лайықты қасиетті қосып аламыз. Бірақ, ол қасиеттеріміз жақсы қасиет болуы қажет. (ойын ойнау).
- Балалар, қазір бізде ана тілі сабағы. Бүгін біз топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
- Өздеріңе ұнаған гүлдерді алыңдар.
Бәйшешек,
(өз топтарына барып отырады)
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде неше ай бар? Үш.
- Көктем айларына қандай айлар жатады?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Қазір көктем мезгілінің қай айы?
- Наурыз.
- Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
- Көктем. Ол қандай?
- Көктем бізге күннің мол шуағымен келеді ғой. Ендеше осы күн сәулесінің тұсына көктем туралы білетінімізді жаза қояйық.
Күн мен түн теңеледі
Малдар Көктем қар ериді
төлдейді
күн жылынады.
- Дұрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақ.
Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді
Алақаның жайып. (гүл)
- Балалар, мен сендерді екі топқа бөлдім. Топтарының аты қандай?
Бәйшешек. Жауқазын.
- Бұл қандай гүлдер? - деп ойлайсыңдар?
- Бұлар көктем мезгілінде шығатын алғашқы гүлдер.
- Гүлдер - туралы не білеміз?
- Гүлдің пайдасы туралы не айтамыз?
- Гүлді қандай жағдайда пайдаланамыз?
- Гүлдер - туған еліміздің болашағы, олар оттегін бөліп шығарып, айналадағы ортаны жақсартады, ауаны шаң - тозаңнан тазартады. Гүл - сұлулық, гүл - әсемдік, гүл - нәзіктік. Олардың кейбіреулерінің емдік, дәрілік қасиеттері де болады.
- Оқулығымыздағы Бәйшешек, Жауқазын өлеңімен танысамыз.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Бірінші өзім оқып беремін.
Ү. Сөздік жұмысы.
1. Оқушыларға іштей оқыту
2. Дауыстап оқыту
3. Өлеңмен жұмыс.
- Өлеңді ақындар қандай көңіл - күйде айтқан?
- Қуанышты.
- Өздерің көктем келгеніне қуанасыңдар ма?
- Бәйшешек, Жауқазын қандай гүлдер?
Сергіту сәті.
Ойын: Ол кім? Бұл не?
Мақсаты: Жекелеген заттардың суреті арқылы оларға кім? не? Сұрақтарының қойылатының білдіру.
1. Мынау не? 2. Мынау кім?
Қандай ереже шығарамыз?
- Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер?
- Ал, жануарларға басқа да заттарға не? Нелер? Деген сұрақтар қойылады.
І топ. Бәйшешек.
Осы сөзде неше дыбыс, неше буын бар?
Сөз қалай айтылады? (жіңішке неге?)
ІІ топ. Жауқазын.
Осы сөзде неше дыбыс, неше буын бар?
Сөз қалай айтылады? (жуан)
Неге?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір,
Бұрыламыз оңға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
ҮІ. Дәптерлермен жұмыс.
Ізденушілік деңгейдегі жаттығу.
92 - жаттығу. Көктем, ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
1. Көктем болды. Ағаштар бүршік жарды. Мал көкке жайылды.
2. Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Ойын: <<Өз орныңды тап>>.
Мақсаты: Кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді анықтауға жаттықтыру.
(І - ІІ топқа суреттер беріп, І Кім? Кімдер?
ІІ Не? Нелер? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді кәрзеңкелерге салу).
93 - жаттығу.
І топ. Туыстықты білдіретін сөздер (ата, әже, апа, қарындас)
ІІ топ. Кәсіп иесін білдіретін сөздер (шопан, тракторшы)
(мағыналарын түсіндіру)
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту.
<<Кім жылдам>> ойыны.
І топ. Кім? сұрағына жауап беретін сөз айтса, екінші топ сол сөзді көпше түрге айналдырады.
Сол сияқты ІІ топ не? Сұрағына жауап беретін сөз айтса, І топтың оқушылары сөзді тез арада көпше түрге айналдырады.
ҮІІІ. Қорытындылау.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не білдік?
Енді, балалар, қолдарымыздағы гүлдерді жинап, көктем гүлдерінен гүлшоғын жинап, жақсы тілектер тілейік, айтайық та, гүлдерді отырғызайық.
ІХ. Үйге тапсырма.
Бәйшешек. Жауқазын өлеңін (жаттау) мәнерлеп оқып келу.
Х. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Өлең.
Мына өлең жолын қайталайық.
Шалғынды түрленген,
Ойнаймыз, аунаймыз
Өзіміз гүлдерден -
Аумаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Бәріне ортақ сұрақ
Блиц сұрақтар
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Суретке қарап дыбыстық талдау жасату
Етістіктерге сұрақ қой
Сабақ мақсаттары. Тамақтану гигиенасы
Тақырып - Баяндауыш
Ш. Құдайбердіұлы. Бір кесе меруерт
Ұұ дыбысы мен әрпі
Кім не істейді
Пәндер