Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тіл - өнер сайысы

Тақырыбы: <<Озық ойлы оқушы>>

Мақсаты: Оқушының негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жастарды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту, шығармашылыққа жетелеу.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар
Өту барысы: Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз. Сайысқа қатысушыларды таныстыру.
II. Сайыс шарттары:
1. Бәйге сайысы
2. Тіл-өнер сайысы
3. Төрт жұмбақ сайысы
4. Жорға сайысы
5. Тапқыр болсаң, тауып көр!
6. Шеберлігіңді шыңда
III. Қорытынды бөлім.
Жүргізуші: Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.
Ендеше ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырып, сарапшылар алқасымен танысыңыздар.
1 - оқушы: Болатова Дана
Дана сыныпта староста, оқу озаты. Математика пәнін ұнатады. Отбасында үшінші бала. Арманы дәрігер болу. Бос уақытында сурет салумен айналысқанды және жасыл түсті ұнатады.
Өсер елдің ұланы болсам деген
Жүрегімде ақ ниет арманым бар,
Армысыз, білім қуған замандастар,
Дана деген данышпандай атым бар.
2 - оқушы: Жанбаев Ерназ
Ана тілі пәнін ұнатады. Бос уақытында теледидар қарайды. Отбасында ата - анасын қатты сыйлайды. Қара көк түстерді ұнатады. Арманы сиқыршы болу.
Армысыздар, ардақты ұстаздарым,
Бірге ойнап, бірге оқыған құрдастар.
Бүгінгі <<Озық ойлы оқушы>> сайысына
Келіп тұр Ерназдай ұлдарың!
3 - оқушы: Жанболатова Венера
Математика пәнін ұнатады. Анасына ұқсағысы келеді. Тамақты өте дәмді пісіретіндігімен анасынан әр нәрсенің қыр-сырын үйренбекші. Сыныптағы оқушылармен тату. Арманы дәрігер болу.
Венера білсеңіздер менің атым,
Өнерге менің - дағы жаным жақын.
Ұстаз апайымнан дәріс алып,
Көктемгі күлген күндей көңілім жарқын.
4 - оқушы: Көшербаев Нұрбек
Көркем сөз оқығанды, ән айтқанды жаны сүйеді. Әкесінің құрылысқа ептілігіне қатты қызығады. Өзіде іскер, құрылысқа епті болғысы келеді. Арманы әртіс болу.
<<Озық, ойлы оқушы>> сайысына
Бағымды сынағалы келдім бүгін.
Нұрбек менің есімім, серік еттім,
Жаныма шуақ қылып білім нұрын.
5 - оқушы: Сәрсен Перизат
Ұнататын түсі қызыл, бос уақытында кітап оқығанды ұнатады. Ұстаз болуды арман етеді.
<<Озық ,ойлы оқушы>> ойлылардың ортасы
Мектеп деген тапқырлардың ордасы.
Келдім бүгін алдарыңа біліммен.
Есімім Перизат-білім менің жас жанымның жолдасы.
6 - оқушы: Талапкер Венера
Ұнататын пәні математика. Сурет салғанды ұнатады. Арманы ұстаз болу, ұнататын түсі ақ.
Мен Венера өнер қуған өренмін.
Қадірінде жете ұғамын өнердің
Сәлем бердім баршаңызға бас ие,
Қай пәнге де мен шебермін.
7 - оқушы: Нұрадинова Дариға
Ұнататын пәні ана тілі. Сүйікті асы палау. Ұнайтын түсі көк. Арманы ұстаз болу.
Армысыздар ардақты, ұстаздарым,
Білім берген шәкіртке қысы-жазың.
<<Озық,ойлы оқушы>> сайысына
Қатысуды мен Дариға қызықтадым.
8 - оқушы: Ардақов Нұрберген:
Орыс тілі пәнін ұнатады.Бос уақытында кітап оқиды. Көкке ұшсам, ғарышкер болсам деген қиялы бар.
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты
Нұрберген деген ұлың бүгін тіл қатты.
Келіп қалдым <<озық ойлы оқушы>> сайысына
Мен тілеймін күн нұрындай шуақты.
Баршаңызды әділқазылар алқасымен таныстыра өтейін:
Жүргізуші: Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың алғашқы шарты <<Бәйге>> кезеңін бастаймыз.
Бұл кезеңде 10 сұрақ беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа екінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын жүргізуші айтады. Сонымен ойыншылар ойын шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.
1 кезең <<Бәйге>> (10 ұпай)
1- сұрақ Құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік қалай аталады?
(Теңдеу)
2 - сұрақ: Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Өлең авторы кім? (Абай)
3 - сұрақ: 1 ғасырда неше жыл бар?
(100 жыл)
4 - сұрақ: Мемлекеттік тудың ортасында нелер бейнеленген?
(Күн, қыран)
5 - сұрақ: Тауықтың түсіне кіретін дән?
(Тары)
6 - сұрақ: Қойдың пірі?
(Шопан ата)
7 - сұрақ: Өз атын өзі шақыратын құс?
(Көкек)
8 - сұрақ: Аптаның сәтті күні деп қай күнді айтамыз?
(Сәрсенбі)
9 - сұрақ: Дастарқаннан үзілмейтін тамақ?
(Нан)
10 - сұрақ: Үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны қалай атайды?
(Енші)
II кезең. Тіл-өнер (20 ұпай)
Жүргізуші: Ойланайық азырақ уақытты үнемдеп, кім шығады қанеки <<Жауабын мен білем>> деп. <<Тіл-өнер>> сайысында жұмбақтың шешімін тауып, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасы дұрыс айтылса 20 ұпай, тек орысшасы немесе ағылшынша аудармасы үшін 10 ұпай беріледі. Бірінші болып қол көтерген ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда екінші қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер жауап дұрыс болмаса, онда жүргізуші өзі жауап береді.
Жұмбақ:
1.Сөзі бар ізінде
Тілі жоқ өзінде. (Қаламсап-ручка-pen)
2.Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін (кітап-книга-book)
3. Өзі үлкен жануар.
Үстінде екі тауы бар. (түйе-верблюд-camel)
4.Төрт бұрышты,
Бір ауызды (сандық-сундук-coffer)
5.Қызықтырып әркімді-ақ.
Суда жүзер жалтылдап.
Сол жәндіктің атын тап (балық-рыба-fish)
6.Жұпар иісі еседі.
Жайнап бақша өседі.
Аты не, кім шешеді? (Гүл-цветок-flower)
7.Сол аяқ пен оң аяқ.
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді. (Доп-мячь-ball)
8. Бос жер қалмай аспаннан
Түнде шашып тосталған.
Моншақтардың аты не? (Жұлдыз-звезда-star)
9.Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады?
Бұл не аппақ матадай.
Кәнекей кім табады? (Қар-снег-show)
10.Қимылдаса қос шебер
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол-рука-hand)
Осы жерде есептеуші сарапшыдан қорытындысын сұраймыз.
Жүргізуші: Бірінші, екінші сайысымыздың қорытындысын шығара отырып, азғантай ұпай жинаған 3 сайыскеріміз ойыннан шығарылады. Сайыскерлерге қатысқаны үшін рақмет айта отырып, алғыс хаттармен марапаттаймыз. Қол соғып шығарып салайық.
Көркем сөз: Мұқағали Мақатаев <<Үш бақытым>>
Орындаушы: Көшербаев Нұрбек
III-кезең. Төрт жұмбақ (Қиын сұрақ 50-60 ұпай, оңай сұрақ 30-40 ұпай)

30

30

30
40

40

40
50

50

50
60

60

60

Жүргізуші: Бұл сайысымызда негізгі 4 пәннен сұрақтар беріледі, ұпайы аз ойыншы ұяшықты таңдайды.
1. Сол жақтағы 30 математика пәні .
Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда берген жауабы мынадай:
<<Ұл мен қыздарымның саны бірдей әр ұлымның 3 қарындасы бар>>. Қарияның неше ұл
неше қызы бар? (3 ұл, 3 қыз)

2. Ортадағы 30 дүниетану пәні.
Жыра-неден пайда болады? (Судан)
3. Оң жақтағы 30 қазақ тілі пәні.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігі қалай аталады?
( Қосымша)
4.Сол жақтағы 40 ана тілі пәні.
Ер Тарғынмен шайқасқа түскен қалмақ кім? (Домбауыл)
5.Ортадағы 40 математика пәні.
Фигураның көлемін қалай есептейді? (Фигураның көлемін табу үшін ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз)
6.Оң жақтағы 40 дүниетану пәні.
Аң құстарға байланысты тыйым сөздер. (Аққуды атпа,құмырсқа илеуін бұзба, жарқанат пен жапалақты өлтірме)
7.Сол жақтағы 50 қазақ тілі пәні.
Екі немесе одан да көп өзара байланысқан сөйлем.
(Мәтін)
8.Ортадағы 50 математика пәні.
1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет. 4 жұмыртқа пісіру үшін неше минут қажет?
(5 минут қажет)
9. Оң жақтағы 50 дүниетану пәні.
Суда тұрып, құрғақта өмір сүреді? (Бақа)
10.Төменгі 60 ана тілі пәні.
Сыйлы адамға берілетін ет қалай аталады?
(Сыбаға)
Сұрақ жауабы қабылдана ма есептеуші сарапшыдан қорытындысын сұраймыз? Өкінішке орай, бұл сайыста төмен ұпай алып қалған оқушылармен қоштасуға тура келеді. Екі оқушы кетеді, қол соғып ойыннан шығарып саламыз.
Қазақ биі: << Бипыл>> Мың бұралған бишіміз Айсанова Асылжанның орындауында қабыл алыңыздар.
IV- кезең <<Жорға>> ( 10 ұпай)
Бұл сайыста 10-10-10-нан 30 сұрақ беріледі. Соған тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай.
1. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (Әліпби)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша? ( Жалғау)
3. Денені не қаптап тұрады? ( Тері)
4. 3 санының кубы нешеге тең? ( 27 )
5. Бір ғасырдың 10-нан бір бөлігі? ( 10 жыл)
6. Ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? ( Тоқтар)
7. Білекті бірді жығар... (Білімді мыңды жығар)
8. Кекшіл болма ... ( көпшіл бол)
Көре-көре ... ( көсем болады)
9. Сөйлей... (сөйлей шешен болады)
10. Жаңа түскен келінді барған елімен таныстыру әні? (Беташар)

1. 59:8=7 бөліндісінде қанша қалды? ( 3 )
2. Қазақтың үш биі? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
3. Жас нәрестеге арналған ағаштан жасалған төсек? (Бесік)
4. Ұлттық ойын түрлерін ата? ( Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу,
Бәйге т.б.)
5. Қазақтарда үй иесінің атауы? ( Отағасы)
6. Қазақ балаларына мектеп ашқан ағартушы ұстаз? ( Ыбырай Алтынсарин)
7. Отансыз адам.... ( Ормансыз бұлбұл)
8. 64 қай санның квадраты? ( 8 ²)
9. Жемін түнде аулайтын құс? ( жапалақ, үкі)
10. Балаларды қорғау күні ( 1 маусым)

1. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? ( Кәрі жілік)
2. Үш арсыз нелер? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
3. Қазақстандағы ең ірі көмір орны? ( Қарағанды)
4. Ұзындық өлшейтін құрал? ( Сызғыш)
5. Кез-келген санды 0-ге көбейтсек неше шығады? ( Нөл)
6. Құстарға қарап адам не ойлап тапты? ( Ұшақ)
7. Сын есімнің сұрақтары? ( Қандай?Қай)
8. Екі ақынның сөз өнері мен сайысы қалай аталады? ( Айтыс)
9. Апта аттарын мүдірмей айтып шық? ( Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,
Жұма, сенбі, жексенбі)
10. Ең үлкен үш таңбалы сан? ( 999 )
Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз.
V-кезең. Тапқыр болсаң тауып көр?
Шөлге шыдамды, кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік, сүйікті асы жантақ. Бұл не? (Түйе)

VI-кезең. Шеберлігіңді шыңда!
Мозайка, түрлі-түсті суреттерден әдемі бейне құрастыру.
\Музыкалық сәлемдеме: Көшербаева Перизаттың орындауында <<Ертегілер>> әнін тамашалайық.
Жеңімпазды ортаға шақырып марапаттау.
Хор: << Атамекен>>

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі «білім сайысы»
Информатикалық эрудит
Адасқан сөздер
Тапқыр достар сайысы жайлы
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте жайлы ақпарат
Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері
ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы жайлы ақпарат
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Көктем аруы. (3 - сынып оқушы қыздар арасындағы мерекелік байқау)
Ата заңым аялайды елімді
Пәндер