Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Наурыз имандылық мерекесі
Тақырыбы: Армысың, Әз-Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, <<Наурыз>> қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
Дархан: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Нұрай: Бүгінгі << >> атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Дархан: Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Нұрай: Көктемде қар еріп, көл - көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, көктемнің алғашқы жаршысы бәйшешек шығады .
Дархан: Міне, жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келіп жетті.
Дархан, Нұрай: Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!
Нұрай:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата - бабам тойлаған
Әз - Наурызым, армысың!
Дархан:
Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
Осы кезде сахнаға қыз кіреді
Ақбілек:Сәлеметсіңдер ме?
Дархан:Сәлеметсің бе, Наурыз-қыз?
Ақбілек: Мен бүгін Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай әжем Көктемді құттықтап қайту үшін әжемнің үйіне қонаққа барайын деп жолға шығып едім, мені сиқыршы жолымнан адастырып жіберді. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Нұрай:Иә, Көктем әжені бәріміз білеміз ғой. Наурыз қыз Көктем әже тезірек келуі үшін біз саған көмектесеміз.
Әліби: Аап, бәлем, ұсталдың ба? Сен енді менен оңай құтылмайсың. Осы жақта
2 <<Ә>> сыныбында наурыз мерекесіне орай үлкен жиын болып жатыр деп естіп ем. Сендер менің қойған шарттарымды орындамай мен мына қызды жібермеймін немесе бар білетін сиқырымды қолданып мына жердің астан-кестенін шығарамын.
Дархан:Жо-жоқ сиқыршы оны Көктем әжесі үйінде күтіп отыр ғой. Сен не айтсаң да біз орындауға әзірміз. Кез-келген шартыңды айта бер. Керек болса біз достарымызды да көмекке шақырамыз.
Әліби: Ендеше менің бірінші шартым, барлығың наурыз, наурыз, ұлыстың ұлы күні дейсіңдер ендеше маған сол наурыз туралы айтып беріңдер.
Шырайлым:Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі <<нау>> -- жаңа, <<руз>> -- кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
Қасиет: Наурызкөк - Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Ол шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер <<Наурыз келдің бе?>> деп шақырып, жем шашады.
Бақыт: Наурызнама - шат - шадыман, ойын - сауық. Тойда ат - жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады.
Даяна: Наурызша - Наурыз айында жұп - жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық <<Наурызша>> деп атайды.
Алуа:Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов аталарымыз біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі - <<Ұлыстың ұлы күні>>- деп атайды екен.
Бекарыс:Наурыз -- бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
Ерсін: Наурыз-жаңарудың, өсудің, түлеудің басы. Наурыз имандылық мерекесі. Араларында ұрыс-жанжал болған, бір - біріне ренжіген халық наурыз мерекесінде төс қағыстырып арадағы араздықты ұмытқан. Наурыз көктем мерекесі,еңбек тойы, ырыс молшылық бастауы. Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.
Әліби: Иә, иә, сендердің бұл жауаптарың менің көңілімнен шықты. Бірақ мен әлі де Наурыз қыздың әжесіне баруына жол бермеймін. Ал сендер менің келесі шартымды орындаңдар
Дархан: Әрине, сиқыршы, біз сіздің кез-келген шартыңызды орындаймыз. Тек наурыз қызды босатыңызшы.
Әліби: Жоқ, босатпаймын. Менің білуімше, қазақ халқында көптеген ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрлері жетерлік. Маған сол салт -дәстүлер жайлы айтып беріңдер. Мүмкін содан кейін мен Наурыз қызды әжесіне жіберермін.
Нарбек: Бала алғаш өмір есігін ашқанда оның жақындары балаға ат қойған. Баланың атын құлағына 3рет айтып, азан шақырып қойған. Азан шақырылған кез бұл баланың имандылық жолына жасаған алғашқы қадамы болып табылады.
Біржан: Бала алғаш қаз-қаз тұрып, жүруге талпына бастаған кезде, оның жақын туыстары тұсауын кескен. Тұсау кесу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі ала жіппен кесу. Бұл бала ешқашан кісінің ала жібін аттамасын деген ырыммен кесіледі.
Айдын: Екіншісі көк шөппен кесу. Бұл бала көк шөптей көктесін, үбірлі-шүбірлі болсын деген мағынаны білдіреді. Үшінші тәсілі тоқ ішекпен кескен. Мұның мәні бала тоқ, бай-қуатты болсын дегенді білдіреді. Тұсауды көбінесе көпті көрген, елге сыйлы, жүйрік адамдарға кестірген.
Ахмет:Баланың бауырынан табақ алу ырымы бала алғаш еңбектеуге талпынған кезде жасалады. Ол көптің тілегін алған бала бауырын көтеріп, тез еңбектейді деп сенген. Ырымдап баланың бауырынан табақты 3 рет алған.
Көрініс түрінде
Ақылима:Сүйінші, сүйінші, Наурызбайдың отбасында шекесі торсықтай ұл бала дүниеге келіпті. Жүріңдер, барып қуанышымен бөлісейік.
Бала ат қою және оны бесікке бөлеу дәстүрі
Бауырынан табақ алу
Тұсау кесу дәстүрі
Әліби: Иә, сендер менің қойған шартымды дұрыс орындадыңдар. Бірақ менің ішім пысты. Сендердің мені зеріктірмей, ортаға салар өнерлерің бар шығар. Мен мына жерде отыра - отыра жалықтым. Мен мүмкін наурыз қызды өзіммен бірге ертіп сиқыршылар еліне кетсем бе екен?
Дархан: Ақыл, білім-жастарда
Сөз беремін жастарға
Гүлім, Серікбол - өреннің
Тыңдайық айтыс өнерін
Нұрай: Алдарыңызда жігіт пен қыз айтысы
Гүлім:
Айтып қойшы, қарағым,
Қандай боп жүр сабағың?
Жайын біліп қояйын,
Сендей жақсы баланың
Серікбол:
Сөзін тыңда, қарағым
Мендей жақсы баланың
Бай өлкеммен мақтанам,
Жырға қосып шаттанам.
Жерімнің бар байлығын,
Тәуелсіз ел сақтаған.
Гүлім:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Ал,айта ғой көкешім
Наурыз жайлы сен бізге
Не айтар екенсің?
Серікбол:
Ұлы халқым тоқ болсын>>
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы - уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Гүлім:
Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап - жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
Нұрай:
Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,
Өнер шыңы пәктігімен тұрды алдан.
Бал құрақтай көлге біткен балауса,
Би құдырет мың бұралып ырғалған.
Дархан: Ендеше, алдарыңызда Қамажай биі
Әліби: Жарайсыңдар, балалар, маған сендердің өнерлерің қатты ұнады. Мына жерге көптеген халық жиналып қалыпты ғой. Мен бір сиқырымды осыларға қолданып жіберейін.
Нұрай: жоқ сиқыршы, жоқ. Оларға тисе көрмеңіз.
Әліби: сен қорықпа. Оларға ештеңе де болмайды. Мен тек таяғымды бір сермесем болды. Сиқырлы сөзін айтып, таяғын сермейді.
Дархан: Ендеше сиқыршымыздың келесі шартын орындайық. Ол осы сіздер отырған жерді сиқырлап түрлі, сұрақтар мен Ұлыстың ұлы күніне байланысты тілектерді әр жерге жасырды.
Нұрай: Кім ең жылдам із кесуші болса сиқыршының жасырған сұрақтарын тез тауып алып, оларға жауап беріп, наурыз қыздың әжесіне жетуіне көмектеседі...
1. Наурыз мерекесіне бір үйден 2 әкесі және екі баласы бара жатыр. Сонда 1 үйден қанша адам мерекеге бара жатыр?
2. Бір бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қоян, бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
3. Қай бала, қай ауылдікі? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі мерекелік наурыз мейрамына байланысты концертті көруге келді. Бұлардың біреуі Текестен, екіншісі- Қаратоғаннан, үшіншісі-Сарыбастаудан келді. Ерлан мен Текестен келген бала екеуі қатар отырды. Бұлардың екеуі де Сарыбастауға барып көрмеген болса, қай бала қай ауылдан келді? Әділет-Текес, Ерлан-Қаратоғаннан,Еркін-Сарыбастаудан
4. Қандай ұлттық ойындарды білесің?
Ислам: Қазақ халқына ғана тән көптеген ұлттық ойындар бар. Мысалы, асық, <<Қыз қуу>>, <<Теңге алу>>, <<Ханталапай>>. Әр ойынның өзіндік ерекшелігі бар. Асық ойнау арқылы бала дәлдікке, мергендікке үйренеді.
Аружан: Балалар, қазір біз <<Орамал тастамақ>> ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге орамал керек. Сендер көздеріңді жұмасыңдар. Ал мен орамалды тастаймын. Орамал тасталған бала орамал тастаған баланы ұстауы керек. Егер ұстай алмаған жағдайда өз өнерін ортаға салады. Ал қазір мен орамал тастаған бала өз өнерін ортаға салсын.
Әліби: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Мен бүгін наурыз мерекесі, қазақ халқының салт - дәстүрлері мен ұлттық ойындары жайлы көп нәрсе білдім. Наурыз қыз сен маған ренжіме. Енді мен сені ренжітпеймін. Балалар сендер де маған ренжімеңдер. Ал мен өз еліме кетейін
Ақбілек: Жоқ. Сіз әлі наурыз мерекесіндегі ең дәмді ас наурыз көже жайлы білмедіңіз ғой. Наурыз көжеден дәм татыңыз. Наурыз көже жайлы бізге әжем айтып береді. Ол кісі өз қолымен дәмділеп әзірледі. Жүріңіз.
Көже жайлы әңгімелеу
Әліби: Бұл көже сондай дәмді екен.
Ақбілек: Сиқыршы сіз кетпеңіз. Сіз енді балалардың биін тамашалаңыз
Қара жорға
Нұрай:Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі - бата-тілек білдіру. <<Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. <<Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді>>, <<Баталы құл арымас>> -- деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.
Дархан: тойымыз тойға ұласа берсін деген тілекпен келесі кезекті батаға береміз.
Бата
Нұрай:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Дархан:
Қайда барсақ жол болсын!
Төрт - түлік ақты болсын!
Нұрай:
Қайғы - уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Дархан: Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz