Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шаңырақ тобы

Киіз үйдің құрылысы. Киіз үйді құрастыру.
Маракулова Клара Бектураевна
технология пәнінің мұғалімі, №127 Т.Бердияров атындаға жалпы орта мектебі <<Ұшқын>> ауылы, Сарыағаш ауданы, ОҚО
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: білімдерін тереңдету. Оқушыларға қазақ халқының тұрғын үйі - киіз үй туралы түсінік беріп, ата кәсібінен хабар беру, атадан мұра болып қалған өнерді оқушыға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: киіз үй түрлерін оқушылардың өз бетінше зерделеуіне бағыт - бағдар беру. Балалардың ой - өрісін дамыта отырып, өнерге деген қызығушылығын арттыру, жұмыс жасау шеберлігін шыңдап дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жоспарлай білуге, киіз үй бөлшектерін танып-білуге, құрастыруға, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: ой шақыру, ойлау, пікірлесу, IVST-( инсепт) белгі қой, венн диаграммасы, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: әдебиет оқу, сурет, информатика.
Еңбек нысаны: қатырғықағаздан киіз үй макетін жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Еңбекке баулу оқулығы, киіз үй макеті, нұсқау карта, суреттер, кесте, қоржын.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қатырғықағаз, желім, қайшы, жіп, біз, ақ бояу, бояу жаққыш, су, сызғыш, циркуль, қалам.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
Психологиялық дайындық.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Оңға қарады, солға қарады,
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына
Топқа бөлу.
(Қоржыннан өз топтарына есім алады)
I топ <<Орда>> тобы.
II топ <<Отау>> тобы.
III топ <<Шаңырақ>> тобы.
Ой шақыру.
oo Бұрынғы көшпелі халықтың баспанасы не еді? (Киіз үй)
oo Киіз үй неше бөліктен тұрады? (Төрт)
oo Қандай? (Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық)
Мағынаны тану (түсіне білу)
Киіз үй түрлері туралы слайд көрсетіледі. (Оқушылардың назарын суретке аудара отырып бүгінгі тақырыпты әңгімелеу.)
Киіз үй - <<Атамыз-Алаш, керегеміз-ағаш>>, <<Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз>> деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киі үй - тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырларға оның мән - маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен - жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы.Киіз үйдің атқарған қызметі мен рөлі өте зор. Оған қарап отырып, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем еместігін аңғарамыз. Осы киіз үйде қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы зор роль атқарады.
Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.
Киіз үй ішін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген.
Киіз үй аз уақыт аралығында тігуге де, жинауға да ыңғайлы. Көшіп-қонуға қолайлы болғандықтан, малшылар оны қазір де көп қолданады. Киіз үй тегіс, су жүрмейтін құрғақ жерге тігіледі.

Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Киіз үй түрлері

Түсіне қарай

Жорық үй

Отау үй

Лауазымына қарай

Қара үй

Жаба салма

Үлкен үй

Алтын орда


Қараша үй

Жолым үй

Кіші үй

Ақ орда
м
Ақ үй

Күрке

Отау үй

Хан орда

Ақ бөз үй

Жорық үй

Кішкене отау

Орда

Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтіннің тақырыбын өзім оқып шығамын. Мен оқығанда олар өздері үшін түсініксіз жаңа сөздердің астын белгілеп, сұрақ қоюға дайындалады.

V - <<Білемін>>
- <<Білмеймін>>
+ - <<Жаңа білім мені таңқалдырды>>

Ой қозғау (сөздік)
Қолөнер - халықтың өз қолымен жасайтын, ұлттық мәдениет пен өнер туындысы.
Үйші - киіз үй сүйектерін жасайтын шебер.
Миясар - өнердің бірнеше түрін игерген шебер.
Шаңырақ - үйдің бас бөлігі.Олар бірнеше атаудан тұрады:
Тоғын - шыңырақтың дөңгелек шеңбері.
Күлдіреуіш - түндікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.
Кепілдік (кепіл ағаш) - күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратан ағаш.
Қаламдық - уықтың қаламы (басы) кіріп тұратын шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
Уық - шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
Қаламы - уықтың шаңырақ пен қаламдығына сұғылатын ұшы.
Қары - уықтың иініне дейінгі бойы.
Иіні - уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
Алақаны - уықтың кереге басына бекітілетін басы.
Уық бау - уықты керегеге байлайтын жіп.
Кереге - үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік.
Қанат - жиналған кереге.
Көз - керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
Ерісі - ағаштардың кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық - ағаштардың қысқасы.
Сықырлауық - киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
Киіз есік - сықырлауықтың сыртынан жабылатын есік.
Маңдайша - екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Табалдырық - екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш.
Босаға - маңдайша мен табалдырықты қосатын және керегеге бекітілетін ағаш.

Топпен жұмыс.
1 - топ.
<<Жақсы болса да - өз үйім,
Жаман болса да - өз үйім,
Кең сарайдай боз үйім>> - деген мақалдан не аңғардық?

2 - топ.
<<Үйдегі есепті базардағы нарық бұзар>> - деген жолдардан не аңғардың?

3 - топ.
<<Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: төр, сол жақ, оң жақ,от орны>> - дегенді түсіндіріп көріңдер.
Практикалық жұмыс.
Балалар, енді біз оқулықта берілген киіз үйдің ретін басшылыққа ала отырып, киіз үй жасаймыз. Киіз үйді жасау үшін жасалу технологиясын 3 кезеңге бөліп, 3 түрлі жұмыс жасаймыз.
1. Қауіпсіздік ережесін қайталау.
2. Оқулықтағы өлшемді тауып, анықта. (Киіз үйдің төбесі, едені, қабырғасы)
3. Қатырғықағаз бетіне киіз үйдің төбесін, еденін және қабырғасын өлшем бойынша сызбасын сызып, қиып аламыз.
4. Киіз үйдің төбесі мен табанын қабырғасына біріктіріп желімдейміз.

Эстетикалық жағынан ең жақсы орындалған жұмысты көрсету. Жұмысты жасағанда жіберілген қателерге талдау жасау.
Балалар, шаңырақ киіз үйдің қасиетті, киелі мүлкі.Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату - ежелгі халық жоралғысы.Шаңырақ деген сөз <<үй, отбасы>> деген ұғым. <<Шаңырағын биік болсын!>> деген батаның ең үлкені, << Шаңыраққа қара! >> деп, ескерту, тыныш отыр, шамаңды біл дегенді білдіреді.
Кереге киіз үйдің негізін құрайды. <<Керегең кең болсын!>> деген бата - үйің кең, қонағың көп, берекелі үй бол деген сөз.
Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін киіз үйдің бөлшегі - босаға.<<Қос босағаң берік болсын!>> - деген батадан қазақтар босағаны киелі, қасиетті санағанын білдіреді.

Венн диаграммасы.

Киіз үй Қабатты үй

Сабақты қорыту, пысықтау.
Сауалнама.
oo Шаңырақ қандай мағынаны білдіреді? (Үй, отбасы)
oo Киіз үйдің сүйектерін жасайтын адамды кім деп атаймыз? (Үйші)
oo Шаңырықтың дөңгелек шеңбері қалай аталады? (Тоғын)
oo Жиналған кереге не деп аталады? (Қанат)
oo <<Керегең кең болсын>>- деген батадан не түсінеміз? (Үйің кең, қонағың көп, берекелі үй бол деген сөз)

Бағалау.
Үйге тапсырма: Киіз үйдің сыртын ою желімделген жолақтармен , шашақбаумен сәндеу.

Пікір.
№127Тоқаш Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің пехнология пәнінің мұғалімі Маракулова Клара Бектөреқызы 30 жылдан бері ұстаздық қызмет жасап келеді. Оқушыларға білім беру ісінде қазіргі заман талабына сай жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланады. Өзінің оқушыларының еңбектері облыстық, республикалық басылымдарда бірнеше рет жарық көрген.
Жаңашыл,ізденімпаз ұстаздарға шығармашылық табыс тілей отырып, К.Маракулованың еңбекке баулу пәнінен 4 сыныпта өткен ашық сабағын әріптестеріне үлгі ретінде ұсынып отырмыз.
А.Тағаев
Мектеп директорының бастауыш
сыныптар бойынша оқу ісі
жөніндегі орынбасары.

Ұқсас жұмыстар
Ырым - тиымдар
Ортада аралар биімен Балапан тобы бүлдіршіндері
Менің отбасым Таным
Білгенге- маржан
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым жайлы ақпарат
Тәуелсіздік - ел бақыты
Анаңа ауыр сөз айтпа
Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік жайлы ақпарат
Қатысушы топ
Тәуелсіздік жетістіктері
Пәндер