Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Сабақтың тақырыбы: «Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қышқылдар, олардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері туралы оқып үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- Оқушылар қышқылдар туралы толық мағлұмат жинақтап, біледі;
- Қышқылдардың жіктелуіне, құрылысына, алыну жолдарына талдау жасайды;
- Қышқылдардың қасиеттерін тәжірибе жүзінде сипаттай алады.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
IV. Мағынаны тану.
V. Толғаныс.
VI. Қорытынды. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру:
- оқушылармен амандасу,
- оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІIІ. Қызығушылықты ояту.
1. Көрнекілік стратегиясы . Оқушылар үш сынауықтағы түссіз ерітінділерге лакмус қағазын батырып, көз алдарыңдағы өзгерісті түсіндіреді. Бірінші оқушы «бұл лакмус қағазы - индикатор. Индикаторлар қышқыл мен сілтінің әсерінен түсін өзгертетін заттар», екінші оқушы «Лакмус қызыл түске боялған сынауықта қышқыл, көкке боялған сынауықта сілті, ал түсі өзгермей қалған сынауықта тұз ерітіндісі бар», 3-ші оқушы «лакмус бейтарап ортада күлгін түсті болады, сондықтан үшінші сынауықта сілтінің де, қышқылдың да қасиеті жоқ екені белгілі» екенін айтады.
2. Венн диаграммасы (қышқыл сөзінің мағынасын тереңірек ашу ) .
Алма
Апельсин
Лимон
Айран
Қымыз
НСІ
H 2 SO 4
HNO 3
H 2 CO 3
H 3 PO 4
Диаграмманың екі жағында көрсетілген заттардың ортақ қасиеті «Қышқыл» сөзі екендігін тауып, осы заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өз білетіндерін ортаға салады. Мұндағы келтірілген жеміс-жидектер мен айран, қымызда қышқыл дәм бар, бұлардың дәмін татпай-ақ атын естігенде сілекей сөлі бөлінеді. Диаграмманың екінші жағында берілген формулалар бейорганикалық қосылыс - қышқылдар екені белгілі. Олар бізге таныс тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы, көмір қышқылы және ортофосфор қышқылы. Біреулерін тағам ретінде қолданып, ал екіншілерін дәмін татуға, қолмен ұстауға болмайтын заттардың ортақ қасиеті қышқылдық қасиет.
IV. Мағынаны тану.
«ЖИГСО» стратегиясы арқылы оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беріледі. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі төрт класы бойынша оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа мәтіндер таратылады.
Қышқыл сөзі заттың дәмін білдіреді. Қышқыл дәмі туралы ойласаң жеміс-жидектер, көкөністер, айран, қымыз ойымызға келеді. Олардақышқылдың дәмі болуы құрамындағы қышқыл заттардың болуына байланысты. Тағам ретінде қолданатын лимон қышқылы, сірке қышқылы, алма қышқылдары - бәрі де органикалық қышқылдарға жатады, себебі олар тірі ағзамен байланысты. Мысалы, құмырсқа қышқылы өзінің аты айтып тұрғандай сол жәндіктің денесінен табылған.
Қышқылдар - сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат. Қышқылдың аталуы 2 түрлі, біреуі дәстүрлі қалыптасқан атауы, 2-сі халықаралық жүйелеу номенклатурасы бойынша, мысалы, НСІ - тұз қышқылы не хлорсутек қышқылы.
Қышқылдар
бір негізді екі негізді үш негізді
оттекті оттексіз оттекті оттексіз оттекті оттексіз
Қышқылдардың алынуы.
1. Сутегіні тікелей бейметалмен әрекеттестіріп, оттексіз қышқылдарды алады:
Н 2 + СІ 2 = 2НСІ
2. Қышқылдық оксидтер сумен реакцияласқанда:
SO 3 +H 2 O = H 2 SO 4
3. Кей жағдайда зертханада қышқылдар алу үшін, қатты тұзға концентрлі күкірт қышқылымен әсер етеді
2NaCI + H 2 SO 4 = Na 2 SO 4 + 2HCI
Қышқылдардың химиялық қасиеттері.
Қышқылдар Н. Н. Бекетов жасаған кернеу қатарында сутекке дейін тұрған металдармен әрекеттесіп, нәтижесінде тұз және сутегі газы түзіледі.
Zn + H 2 SO 4 = ZnSO 4 + H 2 ↑
Қышқылдар мен негіздер бейтараптану реакциясына түсіп, тұз және су түзеді
KOH + HCI = KCI + H 2 O
Қышқылдар негіздік оксидтермен реакцияласып, нәтижесінде тұз бен су түзіледі
CaO + H 2 CO 3 = CaCO 3 + H 2 O
Қышқылдар тұздармен алмасу реакциясына түседі.
H 2 SO 4 + BaCI 2 = BaSO 4 ↓ + 2HCI
Тұрақсыз қышқылдың тұздары, мысалы карбонаттар қышқылмен әрекеттесіп, жаңа тұз, су және газ түзеді.
2HCI + K 2 CO 3 = 2KCI + H 2 O + CO 2
Мәтінмен танысуға уақыт беріледі, оқушылар алдымен «жұп» болып, сосын «топпен» талдайды. Оқыған мәтіндерін толық талдаған соң тобына оралып, бір-бірімен ақпарат алмасады. Өзара ақпарат алмасудан кейін дәптерге кесте толтырады. Негізгі түсінікке өзі оқып білген, ал қосымша түсінікке қасындағы жолдастарынан алған ақпаратын жүйелеп жазып шығады.
Оқушылар қосымша түсінікте жазғандарын айтады, бірін-бірі толықтырады. Сабақ мазмұнын толық ашу үшін топтарға ия/жоқ деп жауап беретін тапсырмалар беріледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz