Қазақша, ағылшынша мақал-мәтелдердің үндестігі

Кіріспе

Менің бүгінгі ғылыми конференцияға дайындап әкелген тақырыбым: "Қазақша, ағылшынша мақал-мәтелдердің үндестігі". Мақсатым, міндетімді айтып кету. Бұл жұмысымды "Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді" деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзінен бастайын. Біздің планетада әр түрлі халықтар тұрады. Сол әр халықтың өзінің тілі, діні, әдебиеті, ауыз әдебиеті сияқты өз тілінің ерекшеліктер болады. Адамның ойын жарыққа шығаратын күшт. і құрал тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжерибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Өзіміздің рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Сол рухани байлығымыздың бірхалық ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиеті халқымыздың асыл да мол мұрасы, қымбат қазынасы. Ауыз әдебиеті талай ғасыр жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері анау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің күнімізге жеткізген. Адамзат өзінің бала кезінде, табиғаттың сиқырлы алуан жұмбақтарын шешесем, оны тілегіме жаратсам, бағындарсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетінде бейнелеген. Адамның, табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық- әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерлеуіне адамның ой санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған. Мысал ретінде алып кету. Ауыз әдебиетінде халықтың ғасырлық арманы, жақсы өмірді, әділеттілікті аңсаған мұрат мақсаттары бейнеленген.

Халық ауыз әдебиеті әр түрлі жанрда дамыған. Осы халық ауыз әдебиеті-нің сегіз түрі бар:
Тұрмыс-салт жырлары
Мақал-мәтелдер
Жұмбақтар
Ертегілер
Эпостық жырлар
Айтыс өлеңдері
Тарихи жырлар
Шешендік сөздер

Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды. Бірақ ауыз әдебиетінің айырмашылықтары бар. Ең алдымен ауыз әдебиеті- ұғымдық шығарма, белгілі бір нақты авторы жоқ. Бұл ақын - жыраулардың, ертегішілердің өнеріне, дарынына, дүниетанымына қарай түрлі өзгерістерге ұшыраған. Және де ауыз әдебиеті өз шығармаларында лексикалық, синтаксистік қайталауларға жиі ұшырайды. ХІХ ғасырға дейін жазуы енді дамуы кезінде қазақ халқы үшін, яғни біз үшін көркем әдебиетте, білімде - ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі - әлеументтік экономикалық, рухани өмір мол көрініс тапты. Шын мәнісінде халық шығармасы - ауыз әдебиетінің қай үлгісі болсын, оқушыларды күреске, кемтарлықтан сары уайымнан аулақ, қиыншылықты жеңіп шығып, жақсы өмір жасауға үндейді. Яғни Абай атамыз айтқандай:
«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап»

Осы ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз-болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы іспеті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, әдептік хадистері мен тұжырымдары - мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз.
Негізгі бөлім

Дүниетанымдық элементтерді өз бойына мол дарытқаны да, дүниені көркемдік әдіспен бейнелеуде күрделі жанрлық ерекшелігі мен дараланатыны да және философиялық мазмұнның тереңдігі жағынан шағын жанрлардың ішіндегі шоқтығы биігі де - мақалдар мен мәтелдер. Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі, ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мұнда өмірдің сан -алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар - қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан сан - саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр. Мақалдар мен мәтелдердің дүниетанымдық табиғатының күрделілігі, оның көнелігі мен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржандарының тазалығында жатыр. Сондықтан да мақалдардың төрт негізгі ерекшеліктерін ескерген жөн:
1. Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
2. Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
3. Мақалдардың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процесін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты қарау керек.
4. Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.
Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық - тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан - ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған. Мысалы: «Келген дәулет - кеткен бейнет»
«Ер тынысы -еңбек, ез тынысы -ермек» сияқты еңбектің неше алуан қасиетін өмір шындығынан алып түйіндеген тамаша мақалдар тудырған.
Сиқырлы сөз құдіретті, табиғатын терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық фантазиясынан туындаған бұл шығармалар - еңбекші халық болмысының аса бір биік шыңы.
Түптеп келгенде, мақалдар мен философиялық ойлау әдістерінің арасында тарихи туыстық бар. Оны мынандай ортақ белгілерден көреміз: біріншіден, мақалдар объективті өмір құбылыстарын қоғамдық - тарихи тәжірибе негізінде жалпылай қорыту арқылы бейнелейді. Осы тұрғыдан келгенде, мақалдар - жалпылай қорыту сияқты ойлау әдісінің тұңғыш пішіні.
Мақалдар жалпылауыштық қасиеті тікелей емес, ауыспалы, астарлы мағыналарда көрінеді. Өйткені белгілі бір мақалға арқау болатын өмір шындығы типтендіріліп алынатындықтан, ол шындық екінші бір жағдайларда ғана қолданылады. Мақалдардың негізгі ерекшеліктерінің бірі сол, олардың қолдану орындары мен ауыспалы мағыналары әр түрлі ұрпақтар мен дәуірлердің қөзқарастарына, тәжірибесіне сәйкес өзгеріп отырады. Бұл жағдайда көптеген мақалдар өздерінің тура мағынасынан алшақтап, тек ауыспалы мағыналарда ғана қолданылатын болып, жалпылай қорытушылық ерекшелігін күшейте түседі. Мәселен, қазақтардың қалмақтармен жауапкершілігі кезінде туған «Жыға жығылмай ту жығылмас» мақалын алайық. Ол тура мағынасында бізге тек тарихи құжат қана болып табылады. «Жыға» деп соғыс кезінде қолбасылар киетін сәнді, дәрежелі бас киімді айтқан. Қай соғыста болмасын жауды жеңу үшін қолбасын жығу керек, сонда ту да жығылады, яғни жау жеңіледі. Сөйтіп, мақал өзінің алғашқы туу кезінде жауды жеңу үшін әуелі оның қолбасын жығу керек деген жаугершілік практикасынан қорытылған әскер бастығының өсиеті сияқты мағынада қолданылған. Ал қазіргі көне көз қариялардың сөз сараптау практикасында бұл мақал белгілі бір әрекетте негізгі, басты қиыншылықты жеңсең ғана табысқа жетесің деген ауыспалы мағынада қолданылады. Демек, бұдан мақалдың тура мағынасынан гөрі ауыспалы мағынасының жалпылауыштық қасиетінің күшті екенін көреміз. Көптеген мақалдар өзін тудырған тарихи өткінші оқиғалар мен жоғалып отырса, ал жүйесі жағынан мығым жасалған кейбір мақалдар тек өзінің тууына себеп болған тарихи жағдайға байланысты тура мағынасын ғана жоғалтып, алдыңғы ұрпақтардың дүниетанымына сай, алуан түрлі ауыспалы мағыналарға ие болу арқылы мазмұны жағынан жаңғырып отырады. Мұндай мазмұндас мақалдарға дүниетанымдық тұрғыдан ғылыми талдау жасағанда мүмкіндігінше барлық қырынан тексеріп, барынша байыпты қараған жөн. Өмір құбылыстарын жалпылай қорытатын мақалдардың жалпылауыш және типтік қасиеттері ауыспалы мағынасында арта түседі дегенде мақал жанрының тура мағынасының маңызы жоқ деген ұғым тумайды. Қайта оның ауыспалы мағыналарында қолдану аясының кеңдігі оның тура мағынасымен тығыз байланысты. Олай болса, мақал жанрындағы тура және ауыспалы мағыналар өзара диалектикалық байланыста болады. Оның басты ерекшелігін ашу - осы байланысты көрсетуде. «Сөздік көркі - мақал» дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. Сондықтан да мақал-мәтелдердің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақты кездестіреміз. Сөздер көркем ұйқаса, сөйлемдері ықшам, басы артық сөз болмайды. Мақал-мәтел - сөз мәйегі, асыл саф алтыны. Мақал - сөз атасы. Олардың қайсысынан болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім, сөз, интонация - барлығы бар. Негізінен мақал - мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделіп жазылған. Мақал-мәтелдер ойды кейіптеу, теңеу арқылы жақсы беріледі. Оларда көп қолданылатын көркем өрнек - синтаксистік параллелизм. Мақал - мәтелдердің өзара айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық түйіндеу, құрылысы жағынан байқалады. Мақалда бір-бірімен қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой - пікірді айқындай түсу басым келеді. Мақал шендестіруге құралады, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Ал мәтелде ғана бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ болады. Мақалдар тіпті жазу пайда болмаған кездің өзінде пайда болды. Олардың пайда болуының себептері алуан түрлі. Ешкім де «көрінбейді» дей алмас. Өйткені мақал -тұрмыс айнасы. Ел ішіндегі мақалдар түгел жиналса, бір мың ғана емес, әлденеше мыңға кетер. Бірақ ол мақалдар бұл күнге шейін жиналып, басылып шыққан жоқ. Әркімнің өзінде, әр кітапта бытырап жүр.

Мақал-мәтелдердiң тарихына қысқаша шолу

Кез келген халық тіліндегі мақал-мәтелдердің тегін тектеп, төркінін тергеп қарасақ, олардың аз дегенде үштен бірі-туыстас, не көршілес елдерден ауысып, етене сіңісіп кеткен ауыс-түйістер.

Ғылым дүниесінде «Мақал-мәтелдердің авторы жоқ» деген пікір қалыптасқан. Бұл әрі дұрыс, әрі бұрыс пікір. Бұрыс болатын себебі мақал-мәтелдердің қандай түрі болмасын, ғайыптан пайда болған, не ел-жұрт жиналып, ақылдасып, кеңесіп шығарылған дүние емес. Олар, әдетте, халық арасынан шыққан жеке дара ділмар-шешендердің, дарынды да дана тұлғалардың, ақын-жырау, көңілі көрікті, кеудесі ояу, көргені мен көңілге түйгені мол қазыналы қарттардың өз өмір-тіршілігінен алған тағылымынан туындаған ой түйіндері. Демек, мақал-мәтелдер өзінің түп негізінде жеке бастың рухани табысы, әр замандағы даналардың қоғамдық өмірге деген көзқарасы, өзіндік танымы.

Алайда, осылай дүниеге келіп, ылғи өзгеріп, өрбіп-өсіп отыратын жеке-дара тұлғалар қалдырған өнеге, өсиет өрнегі солардың атымен ұзақ сақтала бермейді.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В. В. Виноградов, Н. М. Шанский, В. Н. Телия, М. Чернышева, М. М. Копыленко, А. В. Кунин, И. В. Арнольд, І. Кеңесбаев, Ә. Т. Қайдар, Б. Манасбаев т. б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г. Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі . Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы - XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Ш. Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н. Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов, Щ. Ибрагимов, М. Терентьев, т. б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше. Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.
Мақал-мәтелдер - қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер - ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.
Мақал-мәтелдер - халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының пайдаланылуы.
Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.
Мақал-мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі . Ағылшын тiлiндегi жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырдан қалыптасып, күнi бүгiнге дейiн дәстүрлi түрде жалғасып келедi. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, өте көне мақал-мәтелдер тiзбегiн қамтитын алғашқы "Вооk оf Рrоvеrbs in thе Оld Теstаmеnt" атты топтама V ғасырда жарық көрген [49] . Бұл жинаққа өте көне ағылшын мақал-мәтелдерi енген. Кейiнгi жинақтар халық игiлiгiне айналған осы iске етене араласып, зор еңбек сiңiрген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есiмiмен тығыз байланысты. Ротердамда дүниеге келiп, өз заманының ең ұлы да оқымысты ғалымдарының бiрi атанған Дезидериус Эрасмус бүкiл Еуропаны түгелге жуық аралай жүрiп, ағылшын мақал-мәтелдерiнiң жинағын құрастырған. Оның 1500 жылы "Соllесtаpеа" (818 ММ) [50], 1508 жылы Венецияда "Сhiliаdеs" (3260 ММ) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары [51] аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Артына өшпес тарихи iз қалдырған ғалымдардың бiрi Джон
Хеуд өзiнiң алғашқы "А Diаlоguе Соntаining thе Numbеr in
Еffесt оf аll thе Рrоvеrbs iп thе Еnglish Тоnguе" атты еңбегiн 1546
жылы [52], кейiнгiлерiн 1550, 1555, 1560жылдapы бастырып
шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бiрқатар
мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы
ағылшын шiркеу қызметшiсi Тhоmаs Drахе "Вibliоthеса
Sсhоlаstiса Insthсtissimа оr, а Тrеаsuriе оf Аnсiеnt Аdаgiеs, аnd
Sеntеntiоsh Рrоvеrbеs" [53], 1639 жылы пастор Дж. Кларктың
(Jоhn Сlаrkе) "Раrоеmiоlоgiа Аnglо-Lаtinа" [54], 1640 жылы Дж.
Хербэрттiң "Оutlаndish Рrоvеrbs" [55], 1659 жылы Дж. Хауэльдiң "Рrоvеrbs" [56], 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдiң 'Еnglish Рrоvеrbs" атты еңбектерi [57] жарық көрдi. Дж. Хауэлдiң еңбегiнде ағылшын тiлiне басқа тiлдерден енген мақал-мәтелдер де қамтылса, соңғы жинақта тiлдiк орамдарға арнайы түсiнiктемелер берiлген.

Келесi ғасырларда бұрынғы ескi жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Олар: Джеймс Кэлли "Соmрlеtе Соllесtiоп оf Еnglish Рrоvеrbs" (Ағылшын мақалдарының толық жинағы) 1721; Томас Фуллэр "Gnоmоlоgiа: Аdаgiеs аnd Рrоvеrbs" 1732; Воhn: Н. G. Воhn's А Наnd-bооk оf Рrоvеrbs, 1855; Уиллиам Кареу Хазлит "Еnglish Рrоvеrbs апd Рrоvеrbiаl Рhrаsеs" 1869; Винсэнт Стаки "Соllесtапеа" 1902-4; Джордж Латимэр Аппэрсон "Епglish Рrоvеrbs апd Рrоvеrbiаl Рhrаsеs" 1929; 1935 жылы ағылшын мақалдарын қамтыған оксфордтық сөздiктiң "Тhе Охfоrd Diсtiоnаrу оf Еnglish Рrоvеrbs" деп аталған алғашқы нұсқасы жарық көрдi. Уақыт өте келе бұл сөздiктiң толықтырылған нұсқалары бiрнеше мәрте басылып шықты.

Менің алдыма қойған мақсатым, осындай түрлі тақырыптағы қазақша, ағылшынша мақал-мәтелдерді жүйелеп, үндестігі, ұқсастығы мен айырмашылығына сай белгілі бір топтарға топтап, реттеп алу.
Дастан, хиссаларға қарағанда мақал - мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі жалпы адамзатқа ортақ, көңілге ерекше қонымды, ұтымды келеді.

«Бөтен елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол!» - десе ата - бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай мансұқ етіп, бекер дейміз! Осы мақалды өз тілінде оқыған қай жұртына жатырқамай біздей тебіреніп, тәлімді әсерге бөлінері ақиқат.

Менің қарастырғалы отырған тақырыбымда осыған байланысты. Яғни, ағылшын тілін шебер сөйлеумен бірге, көркем сөйлей білуіміз керек. Ол үшін ана тіліміздегі мақал-мәтелдерді де жақсы білуіміз қажет. Себебі қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің ағылшын тіліндегі баламасын (эквивалентін) ауызекі сөйлеуде қолдану керек. Екі тілдегі мақал-мәтелдердің де құрамында сан есімдер жиі қолданылады. Әсіресе 1 сан есімі көп кездеседі. Мысалы қазақ тілінен мақал:

Бір мылтықтың аузына мың кісі сияды.

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.

Ағылшын тілінде: One man, no man.

Once bitten, twice shy.

Сол сияқты қазақ және ағылшын тіліндегі тұрақты сөз тіркестеріндегі «жеті» нумеративті тіркестерді қарастырайық. 7 саны екі тілде де киелі сан болып есептеледі. Екі тілдің аңыз ертегілерінде, діни нанымдарында да көп кездеседі. Қазақ тілінде:

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Жеті атасын білмеген - жетесіздіктің белгісі.

Ағылшын тіліндегі жеті нумеративіне қатысты:

At six and sevens. ( алты мен жеті арасында) - белгісіздік, көңілдегі мазасыздық, ой күңгірттігін білдіреді.

To knock seven bells out of somebody. (біреуді жеті қоңыраумен ұру) - біреуді қатты ұру мағынасын білдіреді.


Ұқсас жұмыстар
Төмендегі мақалдар тура мағынасында
Сыныпты топқа бөлу
Мақал -мәтелдер жарысы
Сөйлемнің түрлерін қайталату
Өнер алды - қызыл тіл
Біз өткен сабақта Абай өмірімен танысқанбыз
Ғаламтор қазақ тілінде
Тіл дамыту
Топтың атауы
Дәрумендер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz