Ватерсызық - кеменің рұқсат етілген шөгім көрсеткіші

C:\Users\Shaman\Desktop\20160305_143405.jpg

Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

Долайты ауылы

«Долайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Физика пәні мұғалімі:Хавайдуллаева Хуршидям Исадуллаевна

Сынып
Физика 7 сынып
Сынып: Сабақтың тақырыбы
Физика 7 сынып: Су көлігі, ауада ұшу
Сынып: Жалпы мақсат
Физика 7 сынып: Денелердің жүзу шарты, кеменің шөгімі, ватерсызық, кеменің су ығыстырымы және ауа шары бойынша түсінік беру, тапсырмалар беру арқылы өз бетімен жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту, шешімді мұқият жазуға, қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу
Сынып: Қарастырылған модуль
Физика 7 сынып: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, сыни түрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық
Сынып: Оқыту нәтижелері
Физика 7 сынып: Интернет желісінен мәлімет іздедеуді, уақытты үнемді пайдалануды біледі, өз ойын еркін жеткізе алады, тақырып бойынша түсінік қалыптасады, өз бетімен жұмыс жасауға ынталанады, оқытуда жаңа тәсілдерді меңгеріп, қолдана алады.
Сынып: Түйінді идеялар
Физика 7 сынып: Топпен және жұппен жұмыс істей алады, су көліктері және ауа көліктері жайлы сыни тұрғыдан ойланып жауап бере алады
Сынып:

Оқушылармен шаттық шеңберін және топқа бөлу

әдісін ұйымдастырамын. Оқушыларды су көліктері және ауа көліктері деп топтарға бөлемін

Сынып: Қолданатын көрнекті құралдар
Физика 7 сынып: Су және ауа көліктері слайд түрінде, деңгейлік тапсырмалар, логикалық сұрақтар жазылған үлестермелі қағаздары, плакат, оқу құралдары
Сынып: Пысықтау
Физика 7 сынып:

Үй тапсырмасы бойынша топтарға сұрақ қою арқылы оқушылардың білімін тексеру.

1. Денелердің жүзу шарттарын тұжырымдаңдар.

2. Сұйық ішінде жүзіп жүрген денеге әрекет ететін ығыстырушы

күштің шамасы неге тең?

3. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?

Сынып: Тапсырмалар
Физика 7 сынып: Әр топ су және ауа көліктерін постерге салып қорғап шығады, ойлан-тап сұрақтары, деңгейлік есептер
Сынып: Сергіту сәтін ұйымдастыру
Сынып: Жаңа сабақ
Физика 7 сынып:

Тапсырмаларды екі топқа бөліп беремін

Кеменің суға бататын тереңдігі шөгім деп аталады.

Ватерсызық-кеменің рұқсат етілген шөгім көрсеткіші.

Суығыстырым-кеменің ватерсызыққа дейін батқандағы ығыстырылған су салмағы.

Кеменің жүк көтергіштігі-ватерсызыққа дейін батқандағы тиелген жүк салмағы.

Ауада қалқып жүрген шарға ығыстырылған ауаның салмағына тең архимед күші әрекет етеді. Бұл күш тік жоғары бағытталған. Шарға әрекет ететін ауырлық күші шарды төмен қарай тартады. Осы күштердің сан мәндерінің айырымынан көтеруші күш пайда болады. Көтеруші күшті, яғни ауа шарының ұшу биіктігін реттеу үшін аспан кезушілері әр түрлі тәсілдерді қолданаы

Сынып: Деңгейлік тапсырмалар
Физика 7 сынып: Есептерді оқушыларға жеке жеке бөліп беремін, дарынды баланы анықтау
Сынып: Қорытындылау
Физика 7 сынып:

Әр топқа қорытынды сұрақтарды қоямын

  1. Кеменің шөгімі деп нені айтады?
  2. Ватерсызық дегеніміз не?
  3. Кеменің жүк көтерілімдігімен ол қалай байланысқан?
  4. Неліктен ауа шарлары жылытылған ауамен, сутегімен немесе гелиймен толтырылады?
  5. Ауа шарының көтерілу биіктігі қалай реттеледі?
Сынып: Бағалау
Физика 7 сынып: Топтық бағалаумен жүзеге асады
Сынып: Үйге тапсырма беру
Физика 7 сынып:

§47-48 оқып келу

26 жаттығу бет 173


Ұқсас жұмыстар
Жол жолағының аяқталуы
Орташа қуат
Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу
Иінді біліктер
Жолдың қарсы бетінде рұқсат етілген тоқтап тұру
Автомагистральдық жолды жасыл фонды
Газ тарату механизміне техникалық қызмет көрсету және бөлшектерін жөндеу
Тыйым салынатын белгілер
Жүру үшін ортаңғы жолақты пайдалану
Алгоритм анықтамасын тұжырымдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz