Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Екінші сынып оқушыларының ерекшелігі

Райымбек ауданы <<Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекетік бағдарламасы негізінде PIRLS-2016 халықаралық негізгі зертеуінің жүргізілуіне байланысты оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда бастауыш сынып мұғалімі Деменбаева Куралай Мудыновнаның әдістемелік-шығармашылық жұмысы

Еңбек өтілі: 28 жыл
Санаты: 14 /жоғары/
Жұмыс телефоны: 8(72779)2-18-20
Факс: 8(72779)2-16-58
Үй телефоны:8(72779) 2-21-68
Ұялы телефоны: 87026716328

Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекетік бағдарламасы негізінде PIRLS-2016 халықаралық негізгі зертеуінің жүргізілуіне байланысты оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту және бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетудегі зерттеу негізінде жүргізілген іс тәжірибемнен.
PISA, TIMSS, PIRLS оқу жетістіктерін халықаралық зерттеулері білім сапасын,білігі, дағдысын жетекші көрсеткіштердің бірі болып табылады. Мектептің нәтижесін жақсартуға бағытталған.
PIRLS деген не ?
PIRLS - <<Оқу сапасы мен мәтінді түсінуді зерттеу >> халықаралық жобасы білім сапасын мониторнигтік зерттеу болып табылады.
Мақсаты - әлем елдеріндегі ұлттық білім беру жүйесінде бастауыш мектеп
Оқушыларының мәтінді оқу сапасы мен түсіну деңгейін салыстыру болып табылады. Аталған жоба әлемнің қырық елінде жүзеге асыруда.Балалар оқуының әлеументтік зерттеулер нәтижесінде есейе келе балалардың кітап оқымайтыны байқалды.
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған бағдарламасы негізінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғылыми кеңесінің 2013 жылы <<Оқушыларды функционалды сауттылығын қалыптастыру( бастауыш сыныптар)>> Әдісмелік құралы ұсынылды. Оқушылардың функционалды сауттылығын қалыптастыру әдістемелік құралын толық таныса отырып шетелдік және отандық (Давыдов,В.В.,Д.В.Эльконин ,Ж.Д.Адамбаева ) т.б. ғалымдардың еңбектерін оқып өз сыныбыма зерттеу жұмысын жүргіздім.
Негізінде <<функционалды салауаттылық >> термині 1957 жылы ЮНЕСКО енгізген уақытына бастап <<сауаттылық >> және <<минималды сауаттылық >> ұғымдарымен қатар қолданысқа түсіп келеді.
1.Сауатылық дегеніміз- оқу ,жазу,санау құжаттарымен жұмыс жасай алу.
2.Минималды сауаттылық деген- қарапайым хабарламаны оқу,жазу.
3. Функционалды сауаттылық дегеніміз- адам өмірінің оқу және жазу дағдыларын әлеументтік ортада қарым- қатынас жасауда қолдана білу.
Сауаттылыққа тәрбиелеуде жұмыс түрлері әр сыныпта әр түрлі жүргізіледі.
1 сынып оқушысының ерекшелігі : алғаш мектеп табылдырығын аттаған балаға - білім ,сауттылық бала өміріне күрт өзгеріс әкелетін кезең. Осы кезеңде мұғалім де , ата-ана да юбаланың <<ішкі позициясын>> түсіну қолдай білу керек. Баланың табысымен сәтсіздігіне шын көңілмен төзе білу,
эмоционалды тұрғыдан көмек беру.Сен дұрыс айтасың ! даусыңды шығар деп сенімсіз оқып ,оқығанының дұрыстығына көз жеткізу үшін оқушы қосыла оқу,бірнеше қайталау,дауысты дыбыстарды соза айту жұмысын көбірек жүргізу керек. Әр жұмысы,жауабы оқушының жетістігі екенін айту,мадақтау .Сен дұрыс айтасың ендігіде бұдан да жақсы болады, мен саған сенемін,сен бәрінде жеңе аласың, ертең сенен тағы да жақсы жауап күтемін т.б. мадақтаманың тоқсан тоғыз түрін тізіп жазып алдым әр сабағымда пайдаланып отырдым .
Жалпы бірінші сынып оқушысы мақтауды қолпаштап отыруды жақсы көретінін бастауыш сынып мұғалдімдері жақсы біледі. 1 сынып оқушысы үшін ертегі оқу,мазмұндай алу жұмысын көбірек жүргіземін. Тек мазмұндатып қана қоймай,саханалау,кейіпкерді сомдау жұмыстарында жүргізіп отырамын. Нәтижесінде оқушыларды мұғаліммен ынтымақтасу ,
<<идеял мектеп оқушысының портретін >> қалыптастырамын .Адам сөзінің әсерін, әдеби шығарманың тілін ұғына отырып сипаттай алуға итермелеймін. Мұғалімнің басшылығымен әдеби шығарманың тілін ұғынады, этикалық мәнін түсінеді. Кейде өз қиялын идеял бейнеге қосып алады. Спорттық сайыстар,ән байқау,сурет салудан көрмелер жиі ұйымдастырылып,ондағы жұмыстар бағаланып әр оқушының қабілеті бойынша ата беремін.
Мысалы : <<біздің сыныптың суретшісі >>,>>тамаша әнші>>,>>актёр, спортшы,жас математик, көркем жазушы, жылдам оқушы , мәнерлеп оқушы , үлгілі дәптер>> номинациясымен марапаттап отырамын.Әр ай сайын оқу жылдамдығын тексеріп , нормативке сай оқуын қадағалап мониторинг жүргіземін.

(оқыған нормативтері)

20

10

Сырым Анел Айша (оқушылар аттары осылай кете береді)

Сызбада кім төменде, кім биікке кетіп барады өздеріне қорытындылау.
Сонда бала қашанда биікке шығуға ұмтылады.Келесі айда жылдам оқу,келесінде мәнерлеп оқу, дауыстап оқу талаптарын қосып отырамын.Бірінші сыныпта оқиды, көшіріп жазады, үш-төрт сөйлемнен тұратын мәтін мазмұнын жазуға төселеді.
Екінші сынып оқушыларының ерекшелігі : Бұл уақытта бала жүйелі оқуға бейімделеді.Оқу ,жазу,санау біліктерімен дағдылары қалыптасады.Күн тәртібін төселеді. Мектеп ережерін орындауға машықтанады. Оқу жылдамдығын ,көркем,сауатты жазу мониторнигісін жүргізу жалғаса береді.
Үшін сынып оқушысының ерекшелігі: Ойлау қабілеті қалыптастады.Оқу материалын белсенді меңгереді.Үшінші сынып оқушыларының интеллектуалды дамуында шығармашылық, дамушылық жұмыстар оң нәтиже беретінін ұстаздар естерінде ұстағаны дұрыс . Оқуды сыни тұрғындан ойлауды дамытады.
Сыни ойлау - айналада болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға,
ақпараттарға талдау жасай білу,өзінше болжамдар құра алу .
Сыни ойлау <<сын >> сөзімен төркіндес болғанымен сынау,сын айту,мінеу деген түсінік бермейді. Бұл - шыңдалған ойлау үлгісі ,сын,и ойлау өзіндік және жеке ойлау.Өйткен бұл ойлау барысында әр кім өз ойын және пікірін басқалардан тәуелсіз құра алады. Мәселені өз бетінше шешеді. Сыни ойлау - екінші жағынан әлеуметтік ойлау болып табылады. Себебі бұл деңгейде ойлау үшін белгілі әлеуметтік қатынастар орындалуы тиіс. Мысалы пікірді ашық айту, сынамау, шыдамдылықпен бірлесе ойланып бірігіп шешім қабылдау. Сыни тұрғыдан сыни сауатылықты қалыптастыру психология мен педагогикадағы басты бағыттардың ибірі болып отыр. Психолого Дайын Холперн білім алушы өзіндегі сыни ойлау мүмкіндіктерін пайдалана алауы үшін мына төмендегі маңызды сапаларын дамытуы тиіс екенін атап өтеді. Бірінші - жоспарлай білуге дайындық, екінші-икемділік, үшінші - табандылық , төртінші өз қатесін түзеуге дайын болу, ақылмен салмақтау, алтыншы ортақ шешім табу.
Амеркикалық әдебиетші, профессор Дэвид Клустер сын тұрғысынан ойлауды жеке түрі деп санайды бұл жағдайда әр адам өз ойын, шешімін бағалаумен қалады да, оның ойы басқаға бағынышты болмайды.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету барлық жастан бастауға болады. Әрине балалардың ойлау қабілеттері есейген, білім алған сайын жетіле түседі.
Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын зерттей келе бастауыш сынып оқыушыларына қолданып жүрген бірнешеуін сабақ барысында қолынып жүзеге асырып жүрмін. Мысалы <<қызығушылықты арттыру>>, <<мағынаны тану>>, <<топтастыру>> стратегиясы, << тұлғаны сипаттау>>, <<болжау>><<армандар ағашы>>, <<түртіп алу>>, <<Венн диаграммасы>> <<ойтолғау>>, <<Кубизм>>, <<Бес жол өлең құрау>>, <<Бес қалпақ әдісі>> <> диаграммасы (жанды фотосурет).
Осы әдістерді жүзеге асыруда әдебиеттік оқу сабағында 3-сыныпта өтілген бір сабағыма талдау жасап көрейік.




Сабақтың тақырыбы: <<Бесік жыры >>
Мақсаты : а) Оқушыларды оқуға дағдыландыру ,өлең идеясын ашу,ауыз әдебиеті үлгілерін оқи отырып, қазақ халқының тұрмыс- салт жырының <<Бесік жыры>> өлеңі арқылы салт- дәстүрді,ұлттық құндылықтарды түсінуге ,сақтауға, қастерлеуге ықпал ету.
Өмірмен байланыстырып, жұптасып, топтасып шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру,ойын жүйелі жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс- тәсілі : талдау,салыстыру,топтастыру,пікіралысу ,
концептуалдық кесте.
Көрнекілігі:таныстырылым ,кесте, сурет , бесік .
Барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа әзірлеу, топқа бөліп отырғызу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.топ.Жұмбақтарын оқиды.
2-топ. Жаңылтпаштарын жатқа айтады.
3- топ. Табиғат құбылысының бірі кемпірқосаққа арнаған эсселерін оқиды.
<<Синквейн>> стратегиясы <<Күн күркіреуін сиппатау>>

А
Тақырып
У
Тақырыпты сипаттайтын екі сын есім
А
Іс-қимылды сипаттайтын үш етістік
Р
Негізгі ойды сипаттайтын төрт сөзден құралған сөйлем
А
Негізгі ойды сипаттайтын төрт сөзден құралған сөйлем
Й
Тақырыпқа сай синоним сөзді табу
Ы

ІІІ .Білімді жан-жақты тексеру.
Өткен тарау бойынша қандай шығармалар ұнады ?
Ол шығарма несімен ұналы ?
Бұрын - соңды естімеген қандай табиғат құрылысты білдіңдер ?
Бұл әңгіме кім туралы еді ?
Қалай ойлайсыңдар , Абай білмегенін білу үшін қалай әрекеттенеді ?Біз де ұлы данышпан адамдар туралы, салт- дәстүріміз бен тарихымыз туралы терең білгіміз келеді ме ?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
Қазына дегеніміз не ?
Сарқылмас деген сөзді қалай түсінеміз ?
Бүгінгі сабағымызда сарқылмас қазынамыз ауыз әдебиетінің түрі бесік жырымен танысамыз.
Топтастыру стратегиясы
А-тобы

Ағаштан жасалатын зат

Бала бөлейді Бесік Сәби төсегі

Б-тобы

Сәби үшін қауіпсіз төсегі

Ата-бабдан келе жатқан зат Бесік Бөбек төсегі

Талдан иіп жасайды
В-тобы

Нәрестеге арнай жасалады

Бала үшін төсек Бесік Киелі зат

Бала Отаны

<<Түртіп алу стратегиясы>> Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Нәрестені бесікке салу рәсімі көп баланы дүниеге келтірген ана, ақ жаулықты
әжеге берілген. Олар бесікті алдымен аластайды. Қатты қыздырылған қышқашпен қариды.
А-тобы. Өлеңді мәнерлеп оқиды.
В-тобы . Бесік жыры қашан айтылған ? Дәлелдемесін жырдан көрсет.
Сөздікпен жұмыс.
Дерек- хабар
Ұлтарақтай -кішкентай
Хрестоматиядан <<Әжемнің әлдиін>> оқыту.
ҮІ.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
Оқулықтағы <<Бесік жыры >> мен <<Әженің әлдиін>> салыстыру
Шығарма аты
Авторы
Кім айтады ?
Кімге арналады ?
Қандай тілектер айтылады ?
Айтатын адамның көңіл- күйі.
Оқиға кезеңі
Сергіту сәті
Оқушыларға үнтаспадан бесік жырын тыңдату және өздеріне айтқызу.
А тобы Батырғой, батағой ,тұс көріп, рахатқа сөздеріне 1 шумақ өлең құрастыру.
В тобы Бесікке қатысты мақал- мәтел ,ұлағатты сөздер жазу.
С тобы.Бесікке қатысты ырымдар мен тыйым сөздер жазу.
ҮІІ.Бекіту
Қалпақтар әдісі .
А тобы (ақ қалпақ кигендер) қызыл қалпақ бесіктің пайдасын айтады.
Бесікке бөленген бала таза болады. Тіл көзден аман болады. Тыныш ұйықтайды. Аурудан алшақ болады.
В тобы (қара қалпақтар кигендер) бесіктің зиянын айтады.
Қан айналымы дұрыс болмайды. Жетілмей қалады. Қимыл қозғалыс дұрыс болмайды. Табиғаттағы болмыстардан сезбей қалады.
С тобы (сары қалпақ киеді) бесікке байланысты ырымдар мен тыйымдар айтты.
Құры бесікті тербетпе. Бесіктің бетін ашық тастама. Бесіктегі баланы шошытпа.
<>-стратегиясы

KNOW
Білемін
Wantto know
Білгім келеді
Learned
Білдім

Үйге тапсырма : Бесік жырын жаттау.
Қортынды: қысқасы, оқушының ұлттық салт-дәстүрде сөйлеу, тілін дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Іздеу, зерттеу арқылы кітап оқуға оқушы құмартады. Кітапханамен байланыс жасайды. Оқушының кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында мынандай зерттеу жұмысын жүргіздім. <<Оқырман қызығушылығы көрсеткіштері>>
1. Кім кітапханаға көп барады?
2. Үй кітапханаң бар ма?
3. Онда қанша кітап бар?
4. Кімде көп кітап бар?
5. Мына кітап керек
6. Ең сүйіп оқыған кітабым.

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш шағын жинақты мектеп
Қандай керемет суреттер
Сынып оқушыларының моделі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Оқушының сабаққа үлгере алмау себептері
Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытудағы рөлі
Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Өнерлі бала- елдің көркі байқауы
Қазақ тлі. Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Пәндер